
- •Қазақстандағы туризмнің дамуы
- •3. Қазақстанның тартымды туристік имиджін нормалау
- •2012 Жылдың 9 айында:
- •2.Туристік бизнесте бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері.
- •4. Турөнімнің өзіндік құн калькуляциясы ж/е шығындар есебі
- •7. Туроператор және турагент қызметіндегі негізгі айырмашылық
- •8. Туроператорлар қызметі есебі
- •9) Турагент қызметі есебі
- •10) Туризм қызметіндегі делдал есебі
- •11. Туристік ұйым атқаратын негізгі функциялары
- •13. Туризмдегі басқа қызмет есебі.
- •14. Шығатын туризм бойынша құжаттарды рәсімдеу есебі.
- •15. Туристерді сақтандыру есебі.
- •16. Туристік ұйымдарда салық есебін ұйымдастыру.
- •17. Туристік ұйымдардың қосылған құн салығы есебі.
- •18.Туристік ұйымдардың корпоративтік салығы есебі.
- •20. Ақша қаражаттары және валюталық операциялар есебі.
- •21. Тур ұйымдардағы қаржы нәтижесі есебі
- •22. Касса және касса операциялары есебі
- •23. Валюталық операциялар есебі.
- •24. Курстық айырма есебі.
- •25. Қонақ үй бизнес есебінің ұйымдастырылуы.
- •26. Әр түрлі категориядағы номерлердің өзіндік құнының калькуляциясы.
- •27. Қонақүй қызметі шығындары есебі.
- •28. Қонақүй қызметін сатудан түскен кірістер есебі.
- •29. Қонақ үй кәсіпорынының бизнесінің қаржы нәтижесі есебі.
- •30. Қонақ үй қызметіне салық салу.
26. Әр түрлі категориядағы номерлердің өзіндік құнының калькуляциясы.
Қазіргі уақытта комфорт сатысын отыздан астам квалификацияланады, оның ішінде ең көп тараған: еуропалық немесе «жұлдыздар» жүйесі, Француз жүйесімен жіктеледі, оның негізінде қонақ үйлерді категориялар бойынша бірден бес жұлдызға дейін бөлінеді. Бұндай жүйе Франция, Австрия, Венгрия, Египет, Қытай, Ресей және т.б. елдерде қолданады; әріптер жүйесі (А,В,С,Д) Грецияда қолданады; «Тәжі» жүйесі Ұлыбританияда қолданады; разрядтар жүйесі (люкс, ең жоғары А, ең жоғары В, бірінші, екінші, үшінші, төртінші) ТМД елдерінде қолданады.
Қонақ үй нөмірлері келесідей жіктеледі: орын саны; бөлме саны; белгілеуіне қарай.
Орын саны бойынша бір орынды, екі орынды, үш орынды және т.б. нөмірлерге бөлінеді. Бөлме саны бойынша бір бөлмелі, екі бөлмелі, үш бөлмелі және т.б. нөмірлерге бөледі. Нөмірлердің белгілеуіне қарағанда бизнес-класс, эконом-класс, нөмір-апартамент болып бөлінеді.
Бизнес класс нөмірлеріне іскерлік сапармен іссапарға келген адамдарды орналастырылады. Нөмірлерде жұмыс істеуге ыңғайлы жағдай жасалған: жұмыс үстелі, сымтетік, факс, компьютер және т.б.
Эконом-класс нөмірлері – көп контингентті клиенттерді орналастыруға арналған. Бұл нөмір жағдайы қымбат емес жай жасалған, сол себептен орналасу бағасы арзан.
Апартамент-нөмірлер – 2,3,4 бөлмелі болады, ұзақ мерзімге орналасатын жанұяларға арналған. Бөлме құрамында тұрмыстық техникасы бар (кофеварка, микроволновты пеш, миксер және т.б.) асхана болу керек..
Қонақтарға қызмет көрсетудің технологиялық циклдің жүзеге асыруына қонақ үйде негізгі қызметтер қарастырылған: броньдау; қызмет көрсету; қабылдау және есептесу бөлмесі; нөмірлер қорының эксплуатациялау қызметі.
Бұл қонақ үй қызметінің негізгі минималды қызметтер түрі.
Қызметтің өзіндік құнына енетін шығындар келесідей жіктелуі мүмкін: материалдық шығындар, еңбекке ақы төлеу шығындары, әлеуметтік салық, негізгі құралдардың амортизациясы, өзге де шығындар. Өзге де шығындарға:
- басқару апаратына еңбекақы, ғимаратты, кеңсені, құрылғыларды эксплуатациялау;
-өндірістік қызметпен байланысты іс-сапарлар;
-байланысқа, қызметке ақы;
- кеңес беру;
- қорғаныс қызметіне т.б.
Номердің құны және төлем құралы орындаушымен бекітіледі. Тұтынушынығ келісімімен қонақ үйге ақшаны толық көлемде немесе аванс арқылы төлеуге болады. Қонақ үйде тұруға төлем бірыңғай есептілік сағатымен-12 сағат жергілікті уақыттың ағымдағы тәулігімен алынады. 1 тәулікке жетпейтін уақыт тұрақтаса төлем толық тәулікке алынады.
27. Қонақүй қызметі шығындары есебі.
Қонақүйдегі жалпы шығындар сомасының есебі шығындардың экономикалық элементтері бойынша, ал өнімдердің, жұмыстар мен қызметтердің әр түрінің өзіндік құнының есебі мен калькуляциясы шығындар статьясы бойынша ұйымдастырылады.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар экономикалық мазмұны бойынша мынадай элементтерге жіктеледі:
Еңбекақы шығындары;
Материалды шығындар;
Әлеуметтік салық;
Негізгі құралдардың амортизациясы;
Басқа да шығындар.
Басқа да шығындарға мыналар кіреді:
Басқару аппаратының қызметкерлерін ұстау шығындары;
Ғимараттарды, құрылғыларды эксплуатациялау;
Іс сапар шығындары;
Консультациялық, ақпараттық және аудиторлық қызметтер төлемі;
Материалды емес активтер амортизациясы;
Сатуға кеткен шығындар;
Салықтар.
Қонақүй қызметі үшін шығындар есебі 8110 шотта ескерілетін болады. Негізгі ерекшелігі бұл шотта ауыспалы қалдық болмайды.
Қонақүй қызметтеріне есептелген еңбекақы :
ДТ 8112 КТ: 3350
еңбекақыдан ұсталымдар:
ДТ 8113 КТ: 3150, 3220
материалдар сатып алынған жағдайда:
ДТ: 8111 КТ: 1330, 1310
коммуналдық шығындар:
ДТ: 8310 КТ: 8110
Қонақүйде броньдау екі жолмен жүзеге асады:
кепілдендірілген
кепілдендірілмеген
Бронь кепілдендірілген жағдайда кредиттік карта негізінде жүзеге асырылады. Бұл жағдай келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Бұл кезде турфирмалар кепілдік ретінде турваучерді ұсына алады.