Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризм 777.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
25.01.2020
Размер:
335.36 Кб
Скачать
  1. Қазақстандағы туризмнің дамуы

Ұлы HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D0%BB%D1%8B_%D0%96%D1%96%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D0%96%D0%BE%D0%BB%D1%8B"ЖібекHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D0%BB%D1%8B_%D0%96%D1%96%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D0%96%D0%BE%D0%BB%D1%8B" HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D0%BB%D1%8B_%D0%96%D1%96%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D0%96%D0%BE%D0%BB%D1%8B"Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды. 1929жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Мысалы, Алматы қаласында қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”, “Есік”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”, т.б. қонақ үйлер сервистік қызмет көрсетеді. Астанада 30 туристік фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың ірілері: “Окан – Интерконтиненталь Астана”; “Комформ – Отель Астана”, “Турист”, “Есіл”, “Жібек жолы”, “Алтын дала”, т.б.

Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм түрлеріне бөлінеді. Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше топтарға бөлінеді: табиғи-рекреациялық; тарихи-археологиялық; тәуеп ету. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың тұжырымдамасы аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен қатар Қазақстанды Ортаазиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылған. Кластерлік инициатива шеңберінде туристік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция жұмылдыру мүмкіндігі маңызды болып саналады.

  • Қонақүйлер жүйесін, Ұлы Жібек Жолы үлгісінде керуен-сарайлар мен өзге де маңызды туристік маршруттардың құрылысына жағдай жасалатын болады.

  • Инвестжобалар бойынша ұсыныстар негізінде аймақтық мөлшерде база қалыптасқан. Алғашқы кезеңде 90 инвестжоба сарапталып, жинақталды. Олардың 11 – і 386 млн АҚШ долларына өзектірек саналып алынды, және «Қазына» тұрақты даму қорына мемлекеттік қолдау көрсету үшін жіберілді.

  • Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі заманауи көпфункционалды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы жасалды, оны Елбасы мен ел Үкіметі мақұлдап отыр. Аталмыш жоба бойынша инвестиция жұмылдыруға жоспарланып отырған сома 30 млрд АҚШ долларын құрайды.

1. Таушаңғы туризмінің болашағы  Алматы және Шығыс-Қазақстан облыстарында таушаңғы базасын салу. Алматы облысында – 5 (Шымбұлақ, Алматау, Табаған, ЦСКА); Шығыс-Қазақстанда – 2 (Изумруд Алтай, Алтай Альпілері). Алматы облысы, Талғар ауданындағы Әскери шатқалда әлемдік стандартқа сай келетін «Ақбұлақ» таушаңғы базасы салынған. Туризмнің инфрақұрылымын дамыту көліктік инфрақұрылым желісін құрумен тікелей байланысты. Ішкі және сыртқы туризмді дамытудың басты алғышарты барлық санаттағы туристерге арналған авиа, теміржол, автомобиль және су көлігіне қолжетімділік болып табылады. 2. Туристік кадрларды даярлау деңгейін жоғарылату. Бүгінгі күні кадрларды даярлау деңгейін көтеру жұмыстарына айрықша көңіл бөлінеді. 2006 жылы туристік фирмалардың саны 921 ді құрады және өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға көтерілген. Министрлік туристік кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізіп тұрады. Бұл жылы Астана қаласында бірінші республикалық ақпараттық туристік орталықты ашу, келесі жылы Алматы, Түркістан, Атырау және Ақтау қалаларында ашу жоспарланып отыр. 2005 жылдан бастап ҚР Үкіметінің қолдауымен «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде туризм саласына кадрлар даярлануда.