
- •16. Қр сот билiгiнiң конституциялық мәртебесi. Қазақстан Республикасының сот жүйесi
- •17. Қр прокуратура органдарының конституциялық мәртебесi.
- •18. Қр Президентiнің мәртебесі, сайлануы және ӛкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы
- •19. Қр Президентiнiң өкiлеттiгi
- •21. Конституциялық Кеңестiң тӛрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi.
- •22. Қр Үкiметі қызметiн ұйымдастыру, актiлерi. Үкiметтiң және оның мүшесiнiң орнынан түсуi.
- •23. Парламентте заңдарды қабылдау тәртібі. Заң шығару процесінің сатылары
- •25. Жергiлiктi атқарушы органдар: функциялары, мақсаттары, құрылуы.
- •26. Жергiлiктi ӛкiлдi органдар: мәртебесi, құрылу деңгейі және құрамы
- •27. Мәслихаттың ӛкiлеттiгi және қызметiнiң ұйымдық нысандары.
- •28. Мәслихаттың органдары, олардың құрылуы мен қызметі
- •30. Республикалық референдум – тiкелей демократияның нысаны ретiнде. Республикалық референдумның пәнi және ӛткiзiлуi
18. Қр Президентiнің мәртебесі, сайлануы және ӛкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы
Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады.
ҚР президентін сайлау Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды. Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы
Президент науқастануына байланысты өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламенттiң шешiмi арқылы қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн. Президент өзiнiң мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған iс-әрекетi үшiн тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда, яғни соғыс не қарулы қақтығыс кезiнде жау жағына шығып кету, шет мемлекеттiң Республикаға қарсы дұшпандық әрекетiн жүзеге асыруына көмектесу арқылы көрiнген Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiру немесе әлсiрету мақсатында әдейi жасаған жағдайда, жауап бередi және бұл үшiн Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламент оны қызметiнен кетiруi мүмкiн. Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселе ол Парламенттiң немесе Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселе қарап жатқан кезеңде қозғалмайды.