- •16. Қр сот билiгiнiң конституциялық мәртебесi. Қазақстан Республикасының сот жүйесi
- •17. Қр прокуратура органдарының конституциялық мәртебесi.
- •18. Қр Президентiнің мәртебесі, сайлануы және ӛкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы
- •19. Қр Президентiнiң өкiлеттiгi
- •21. Конституциялық Кеңестiң тӛрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi.
- •22. Қр Үкiметі қызметiн ұйымдастыру, актiлерi. Үкiметтiң және оның мүшесiнiң орнынан түсуi.
- •23. Парламентте заңдарды қабылдау тәртібі. Заң шығару процесінің сатылары
- •25. Жергiлiктi атқарушы органдар: функциялары, мақсаттары, құрылуы.
- •26. Жергiлiктi ӛкiлдi органдар: мәртебесi, құрылу деңгейі және құрамы
- •27. Мәслихаттың ӛкiлеттiгi және қызметiнiң ұйымдық нысандары.
- •28. Мәслихаттың органдары, олардың құрылуы мен қызметі
- •30. Республикалық референдум – тiкелей демократияның нысаны ретiнде. Республикалық референдумның пәнi және ӛткiзiлуi
28. Мәслихаттың органдары, олардың құрылуы мен қызметі
Мәслихат ӛз ӛкілеттігін ӛзінің органдары, мәслихат сессиясының тӛрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы жүзеге асырады. Мәслихаттың органдарын үш түрге бӛлеміз:
1. тұрақты комиссиялар;
2. уақытша комиссиялар.
Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi
1. Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиiс. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
2. Тұрақты комиссиялардың тiзбесi мен сан құрамын мәслихат белгiлейдi. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депутаттары арасынан тиiстi мәслихат сайлайды.
3. Тұрақты комиссиялар өздерiн сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi.
Мәслихат тұрақты комиссияларының қызметi мен өкiлеттiгi
1. Тұрақты комиссиялар:
1) аталған мәслихат сессиясының күн тәртiбi бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгiзуге;
2) өздерiнiң құзырына жататын әрi мәслихат сессиясының қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
3) өздерiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
4) өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзуге;
5) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар, ұйымдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн және азаматтарды тартуға құқылы.
2. Әкiмдiк, орталық мемлекеттiк органдардың жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлiмшелерiнiң, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгiленген тәртiпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретiндегi мәселелер бойынша қажеттi ақпарат беруге мiндеттi.
3. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Мәслихаттың уақытша комиссиялары
1. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелердi сессияларда қарауға әзiрлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, мiндеттерiн, өкiлеттiк мерзiмдерiн және құқықтарын мәслихат оларды құру кезiнде белгiлейдi.
2. Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.
3. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшiн ақы төленбейдi.
29. ҚР-ғы жергiлiктi ӛзiн-ӛзi басқарудың конституциялық мәртебесi, функциялары
Қазақстан Республикасында жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тұрғын халықтың өзi шешуiн қамтамасыз ететiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару танылады.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды тұрғын халық тiкелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергiлiктi қоғамдастықтардағы басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру заңға сәйкес берілуі мүмкін.
Қазақстанда жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды ұйымдастыру мен олардың қызметі заңмен реттеледі.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының дербестiгiне олардың заңмен белгiленген өкiлеттiгi шегiнде кепiлдiк берiледi.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мiндеттерi
1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) жалпымемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа, оның iшiнде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
3) бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы мен дамуына кедергi келтiретiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
5) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпымемлекеттiк стандарттарды сақтауға;
6) жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
7) өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пiкiрдi ескеру принциптерiн ұстануға, жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының отырыстарына еркiн қатысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
8) жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуге қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
