Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_tolyk_2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160.24 Кб
Скачать

72. Ұжымдық дауды еңбек арбитражымен қараудың тәртібі мен мерзімі.

293-бап. Еңбек арбитражы

  1. Еңбек арбитражын ұжымдық еңбек дауының тараптары бiтiмгерлiк комиссиясының жұмысы тоқтатылған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық, салалық немесе өңiрлiк комиссия мүшелерiнiң  қатысуымен құрады.  2. Еңбек арбитражы мүшелерiнiң саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қараудың тәртiбi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Еңбек арбитражы кемiнде бес адамнан құрылуға тиiс. Еңбек арбитражының құрамына қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, мемлекеттiк еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар мен басқа да адамдар енгiзiледi.  3. Еңбек арбитражының төрағасын тараптар арбитраж мүшелерi қатарынан сайлайды.  4. Еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделi адамдар өкiлдерiнiң де қатысуымен қарайды.  5. Дауды қарау рәсiмiн еңбек арбитражы белгiлейдi және ұжымдық еңбек дауы тараптарының назарына жеткiзедi.  6. Еңбек арбитражының шешiмi құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрiлмей арбитраж мүшелерiнiң қарапайым

  2. көпшiлiк дауысымен қабылданады. Еңбек арбитражы мүшелерiнiң дауыстары тең бөлiнген кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Шешiм дәлелдi әрi жазбаша түрде болуға және оған арбитраж мүшелерiнiң барлығы қол қоюға тиiс.  7. Бiтiмгерлiк комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптарының келiсiмiне қол жеткiзiлмеген кезде, заң бойынша ереуiлдер өткiзу тыйым салынған немесе шектелген ұйымдарда, еңбек арбитражы мiндеттi түрде құрылуға тиiс.  8. Ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек арбитражының шешiмiн орындауға мiндеттi болады.

73. Ұжымдық дауды бітімгершілік комиссиясымен қараудың тәртібі мен мерзімі. Ұжымдық еңбек дауларының пәні болып қызметкертер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктердің негізі ретіндегі еңбек ұжымының құқықтары мен мүдделері табылады. Ұжымдық еңбек дауларын шешу келесі кезеңдерден тұрады: бірінші кезең талаптар қою; екінші кезең дауды тараптардың қарауы; үшінші кезең дауды келісім комиссиясының қарауы; төртінші кезең ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен шешу; бесінші кезеі ұжымдық еңбек дауларын еңбек арбитражынла қарау. Талаптар қою бұл кезеңде еңбек ұжымы ұйымдағы еңбек ақысын төлеу тәртібін бекіту ж/е өзгерту, ұжымдық еңбек шарттарын ж/е қызметкерлермен жұмыс берушінің арасындағы өзге де келісімдерді орындау мен өзгерту мәселелеріне қатысты талаптар қояды. Дауды тараптардың қарауы бұл кезең жұмыс беруші еңбек ұжымының талаптарны оларды қабылдаған күннен бастап уш жұмыс күнінде қарауға ж/е даудың мәні бойынша келісімге тырысуға, ал келісімге келе алмаған жағдайда аталған мерзім ішінде дауды одан әрі қарастыру үшін өз өкілдерінің құрамын көрсете отырып шешім мен ұсыныстарын еңбек ұжымына жазбаша түрде ұсынуға міндетті. Дауды келісім комиссиясының қарауы егер жымыс берушінің шешімі еңбек ұжымын қанағаттандырмаса, ұжымдық еңбек дауы үшінші кезеңге келісім комиссиясының қарауына өтеді. Бұл кезде тараптардың ешқайсысының бітімгершілік процедураларына қатысудан бас тартуға құқығы жоқ. Ұжымдық еңбек дауын еңбек арбитражында қарау бұл нақты бір ұжымдық еңбек дауын шешу үшін уақытша құрылады. Оны ұжымдық еңбек дауының тараптры күнтізбелік бес күн ішінде әлеуметтік -еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық н/е жергілікті үш жақты комиссияның қатысуымен құрайды. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың көмегімен шешу бұл ҚР «Ұжымдық еңбек даулары ж/е ереуілдері туралы» заңына сәйкес шеше алады. Ұжымыдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қараудың тәртібін дау тараптарының келісіміне негізделе отырып делдалдың өзі анықтайды.

74. Ұжымдық және жеке еңбек дауын сот өндірісі тәртібінде қараудың ерекшеліктері. Ұжымдық еңбек дауы — жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек шарттарын (жалақыны қоса) белгілеу және өзгерту, әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелері бойынша ұжымдық келісімшарттарды, келісімдерді жасасу, өзгерту және орындау жөніндегі реттелмеген алауыздық. Мұндай дауларды шешу тәртібі мен тәсілдері, сондай-ақ Ұжымдық еңбек дауын шешу барысында ереуіл жасау құқығын іске асыру тәртібі “Ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі туралы” ҚР заңында белгіленген. Заңға сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлердің талаптарын алғаннан кейін өздерінің шешімдерін олардың өкілдеріне үш күн ішінде хабарлауға міндетті. Жұмыскерлердің талаптары қанағаттандырылмаған жағдайда алауыздықтарды шешу үшін бітістіру рәсімі қолданылады, дау бітістіру комиссиясында, сонан соң делдалдың қатысуымен немесе еңбек төрелік сотында қаралады. Еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Тараптардың келісімі бойынша еңбек даулары жоғары органдарда қаралуы мүмкін.

Сотта тікелей көсіпорындар (ұйымдар) қызметкерлерінін; арызы бойынша келістіру комиссиясында алауыздықтар қаралмаған еңбек даулары, сондай-ақ шаруа қожалықтарында жеке еңбек шарттары бойынша жұмыс істейтін адамдардың арыздары бойынша еңбек даулары қаралады. Соттар жұмыс берушінің қызметкерлердің кәсіпорынға (ұйымға) келтірген зияндарының орнын толтыру жөніндегі арызы бойынша дауларды қарауды тікелей өз іс жүргізуіне қабылдайды. Соттар сондай-ақ шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік ұйымдардың (заңды тұлғалар), шетелдер қатысатын ұйымдардың еңбектік құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша талаптарды да қарайды.

Ұжымдық еңбек дауларын шешудін, сондай-ақ ереуілге шығу құқығын іске асырудың тәртібі мен әдістерін реттеудің құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 8 шілдедегі "Ұжымдық еңбек даулары және ереуілдер туралы" Заңында белгіленген. Еңбек ұжымының ұйымдардағы еңбек жағдайларымен еңбекке ақы төлеуді белгілеу және өзгерту, ұжымдық шарттар мен өзге де келісімдерді жасасу, оларға өзгерістер енгізу және орындау мәселелері жөніндегі талаптары осы ұжым мүшелерінің жалпы жиналысында (конференцияда) қалыптасады және ұжым мүшелерінің не конференция делегаттарының кепшілік дауысымен қабылданып, бекітіледі. Ұжымның талаптары жазбаша түрде баяндалып, жұмыс берушіге жіберіледі. Еңбек ұжымының мүдделерін олар өкілеттік берген өкілдер немесе орган қорғайды. Егер бұл керсетілген талаптарды бірнеше еңбек ұжымдары қоятын болса, онда олардың мүдделерін де ездері өкілеттік берген органдар қорғайды. Салалық немесе аумақтық кәсіподақ органдары өкілетті органдар міндетін атқара алады.

Жұмыс беруші, еңбек ұжымы қойған талаптарды оны алған күннен бастап уш күнтізбелік күннен кешіктірмей қарауға және даулы мәселелер бойынша келісімге келуге тырысуы керек, ал келісімге келе алмаған жағдайда — белгіленген мерзімде өзінің шешімі мен ұсыныстарын жазбаша түрде еңбек ұжымына жеткізуге және дауды одан әрі қарау үшін қатысатын өз өкілдерінің құрамын көрсетуге міндетті. Екі және одан да көп еңбек ұжымдарының біріккен не бірлескен талаптары жұмыс берушінің (кәсіпкерлер) тиісті органдарына жіберіледі, олар оны алған күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде қарап, өз шешімдері жөнінде еңбек ұжымдарьшың біріккен өкілді органына хабарлауы тиіс.

Еңбек ұжымының талаптары келістіру рәсімі тәртібімен қаралады, яғни ұжымдық еңбек дауы кезектілік тәртібімен алдымен келістіру комиссиясында қаралады, келісімге келе алмаған жағдайда — еңбек сараптау комиссиясында қаралады. Еңбек туралы заңдық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді қолдану жөніндегі еңбек даулары (оларды орындамау не бұзу жөніндегі) тараптардың біреуі өкілінің арызы бойынша сотта қаралады. Ұжымдық еңбек дауын шешудің ең ақырғы шарасы ереуіл болып табылады. Ереуіл деп еңбек ұжымының жұмыс беруші мен ұжым арасындағы өздерінің әлеуметтік-экономикалық және кәсіби талаптарын қанағаттандыру жолындағы күрес шаралары түсініледі. Ереуіл еңбек ұжымы мүшелерінің белгілі бір мерзімге немесе жұмыс берушінің еңбек ұжымының талаптарын қанағаттандырған мерзіміне дейін жұмысты толықтай не ішінара тоқтатуы (жұмысқа шықпау, еңбек міндеттерін орындамау). Ереуілге шығу жөніндегі шешім — еңбек дауын келістіру рәсімдерінің көмегімен шешуге мүмкін болмаған жағдайда қабылданады. Сонымен, еңбек даулары дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы бұрын реттелмеген еңбек дауларын шешу туралы заңды қолдану жеке еңбек және ұжымдық шарттар талаптарының орындалуы жөніндегі келіспеушіліктер.

Жеке еңбек даулары жұмыс берушіге өздерінің бұзылған еңбек құқықтарын тану немесе қалпына келтіру жөнінде талап коюшы жекелеген қызметкерлердің бастамасы бойынша туындайды. Ұжымдық еңбек даулары өкілді орган қызметкерлері өкілеттік берген еңбек ұжымдары мен жұмыс беруші немесе басқарудың салалық (сала-аралық) органдары арасында еңбек туралы пайдаланылып жүрген заңды қолдану, қызметкерлердің қазіргі әлеуметтік-экономикалық еңбек және түрмыс жағдайларын өзгерту немесе жаңа жағдайлар жасау жөнінде ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу және олардың шарттарын орындау жөніндегі мәселелер бойынша туындайды.

Еңбек дауларын тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қарайтын белгіленген тәртібі болады. Еңбек дауларын қарайтын органдар — келістіру комиссиясы және сот.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]