Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_tolyk_2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160.24 Кб
Скачать

98. Кәсіби науқастық: ұғымы, сипаты және рәсімдеу тәртібі.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі болып өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеу б.т. Кәсіби науқастық дегеніміз бұл еңбек жағдайының және жағымсыз өндірістік факторлардың организмге және қосарланып жүретін сырқаттылық. Кәсіби аурулар– белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 – 20 мин), техникалық шараларды іске асыру – Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеум. қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100% мөлшерінде төленеді. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді.

Кәсіби науқастықпен күрес және алдын алу шараларының мемлекеттік сипаты «ҚР еңбекті қорғау туралы» Заңында келтірілген.

Еңбекке қабілеттіліктің уақытша төмендеу фактісін дәлелдейтін негізгі есепке алу құжаты болып «еңбекке жарамсыздық парағы» табылды. Уақытша еңбекке қабілетін жоғалтумен бірге сырқаттылықты есепке алу барлық ауруханалық «парақтар» бойынша жүреді, яғни есепке алуға медико санитарлық бөлімнің және басқа да емдеу профилактикалық мекемелердің берілетін парақтары жатады.

99. Қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығын анықтаудың және рәсімдеудің тәртібі және құқықтық негіздемесі. Қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығын анықтаудың және рәсімдеудің тәртібі және бастамасы бойынша бұзұды көздеген. Бұл жерде ескере кететін жайт, аталған жағдайда қызметкер өзінің кінәлі әрекеттері үшін емес, еңбекке қабілеттіліктің ұзақ жоғалтыуы үшін жұмыстан босатылады. Бұл мерзімге жүктілігі және босануы бойынша демалыстарда болган уакыт енбейді.

Жеке еңбек шартың бұзудың негізі болып табылатын еңбекке уақытша жарамсыздығының жалпы мерзімі заңдарында 2 ай деп белгіленген. Бұл ретте заңдар мынаны нақтыламайды; қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығы үшін жұиыста 2 ай катарынан болмайды ма немесе бұл белгілі бір күнтізбелік кезең ішіндегі уақыттың жинағы ма. Алайда ҚР «ҚР еңбек тұралы » заңына көз жүгіртетін болсақ, қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздыгы 2 ай мерзімнен катарынан аспауы тиіс.

Бұл негіз бойынша кызметкерді жұмыстан босату жұмыс берушінің міндеті емес,құқығы болып табылады. Басқаша айтар болсақ қызметкер еңбекке қабілетін жогалтканнан кейін 2ай откен сон егер оның жұмыста болмауы ұйымның негізгі қызметіне кері әсер етсе және бұл қыметкердің орнына баска кызметкердің ауыстыру кажеттігі туса,жұмыс беруші кызметкерді жумыстан босату мәселесін козғауы мүмкін.

Жұмыс беруші кызметкерді бұл негіз бойынша кызметінен ол жазылып .жумыска шыккан кезде емес тек ол ауырып жаткан кезде гана босата алады.

Егер кызметкер жазылып жумыска ауырганнан бері 2ай отпестен бұрын шыкса жумыстан бұл негіз бойынша босату құқыққа қайшы блып табылады.

100. Кәмелет жасына толмаған азаматтармен еңбек шартын жасаудың ерекшеліктері. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылығының дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарда (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) қолдануға тыйым салынады. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерге: 1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағаттан аспайтын;2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын;3) білім беру мекемелерінде оқитын және оқу жылы ішінде оқуды жұмыспен қатар алып жүретін он төрт жастан он алты жасқа дейінгі оқушыларға - күніне 2,5 сағат, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі оқушыларға күніне 3,5 сағат жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа, жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі жұмысқа тартуға, оларды іссапарға және вахталық әдіспен орындалатын жұмысқа жіберуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақырып алуға тыйым салынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]