Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_tolyk_2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160.24 Кб
Скачать

95. Еңбек стандарттары: ұғымы, қайнар көздері және негізгі қағидаттары.

96. Халықаралық Еңбек Ұйымының, халықаралық ұйым ретінде, сипаты. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) (Internatіonal labour organіzatіon, ILO) — үкіметті, кәсіпкерлер мен еңбекшілерді тең құқықтар негізінде біріктірген халықаралық ұйым. ХЕҰ еңбек қатынастарының халықараралық нормаларын және олардың орындалуын бақылау рәсімдерін әзірлейді. 1919 ж. Версаль шарты бойынша Ұлттар лигасының құрамдас бөлігі ретінде құрылған. 1939 — 1945 ж. 2-дүниежүз. соғыс кезеңінде штаб-пәтері Монреальда (Канада) орналасты. 1944 ж. мамырда Филадельфияда өткен Бас конференцияда ХЕҰ-ның соғыстан кейінгі кезеңге арналған мақсаттарын айқындайтын мәлімдеме қабылданды. 1946 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы ХЕҰ мен БҰҰ арасындағы келісімді бекітіп, ұйымды өзінің мамандандырылған мекемесі ретінде таныды. Женевада (Швейцария) орналасқан. КСРО 1934 — 1940 ж. ХЕҰ-на мүше болды, 1954 ж. қайта кірді. 1969 ж. ХЕҰ-на Нобель бейбітшілік сыйлығы берілді. ХЕҰ-ның іргелі ұстанымы: еңбек тауар емес; сөз бостандығы мен бірігу бостандығы — тұрақты ілгерілеудің қажетті шарттары; кез келген жердегі қайыршылық — жалпы әл-ауқатқа төнген қатер. ХЕҰ-ның жарғы бойынша мақсаты: әлеум. әділеттілік, яғни нәсіліне, сеніміне немесе жынысына қарамастан барлық адамдардың өзінің материалдық игілігін жүзеге асыруға және еркіндік пен қадір-қасиетті сақтау, экон. тұрақтылық пен тең мүмкіндіктер жағдайында рухани дамуға құқықтары негізінде жалпыға бірдей және баянды бейбітшілікке қол жеткізу. ХЕҰ жұмыспен толық қамтамасыз етуге, тұрмыс деңгейін көтеруге, еңбек қауіпсіздігіне, еңбекшілердің денсаулығын сақтауға, адамның негізгі құқықтарының сақталуына жәрдемдеседі, экон. және әлеум. бағдарламалардың орындалуын, кәсіпкерлер мен еңбекшілердің арасындағы ынтымақтастыққа септігін тигізеді. Осы мақсатпен ХЕҰ еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсартудың халықараралық саясаты мен бағдарламасын әзірлейді, еңбек қатынастарының бірлесу еркіндігі, ұйымдасу құқығын қорғау, мәжбүрлі еңбекке тыйым салу, еңбекпен айналысудағы кемсітушілік, еңбекақыдағы тең құқылық, жалақы кепілдігі, келімсек еңбекшілердің құқықтары, әлеуметтік қамсыздандырудың ең төмен нормалары, еңбек инспекциясы, аналарды қорғау, ақы төленетін демалыс, жалданбалы қызметтер сияқты салаларда халықараралық стандарттарды белгілейтін конвенциялар мен ұсыныстар қабылдайды. ХЕҰ конвенциясын бекіткен мемлекет оның ережелерін іске асыруға және Халықараралық еңбек бюросына (ХЕБ) оның орындалғаны туралы тұрақты есеп беріп тұруға міндеттенеді. ХЕҰ-ның басшы органдары — Халықараралық еңбек конференциясы, әкімшілік кеңес, ХЕБ.

97. Еңбек жарақаты: ұғымы, сипаты және рәсімдеу тәртібі.

Еңбек жарақаты дегеніміз – қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттілігін жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы. Өздерінің еңбек міндеттерін орындаумен байланысты жарақаттан, кәсіби аурудан не денсаулығының басқадай зақымдануынан қызметкерге келген зиянның орнын толтыру жөніндегі төлемдер сол тараптардың біреуінің азаматы болып табылатын, солардың біреуінің аумағында тұрақты мекен-жайы бар, бұрын кәсіпорындарда жұмыс істеген қызметкерлерге, ал олар қайтыс болған жағдайда – зиянды төлетіп алуға құқығы бар адамға төленеді. Қызметкерге еңбек жарақаты,денсаулығының басқадай зақымдануы, қайтыс болу салдарынан келген зиянды тараптың жұмыс берушісі төлейді. Зиянның келгені үшін жауапты жұмыс беруші өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес зиянның орнын толтырады. Еңбек жарақаты мен кәсіби аурудың ауырлық дәрежесін қайта қарау қызметкер аумағында тұратын тараптың заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тараптардың өзара келісімі бойынша тиісті хаттамалар рәсімделеді және оларға қажетті толықтырулар мен өзгертулер енгізілуі мүмкін. Осы келісіммен реттелген, сондай-ақ оның қолданылуымен байланысты емес мәселелерді тараптардың уәкілетті органдары қарайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]