Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_tolyk_2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160.24 Кб
Скачать

87. Қызметтен шеттетілген жағдайда қызметкердің жалақысының сақталу негіздемесі.

Еңбекке ақы төлеу дегеніміз – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларында, еңбек шартында, келісімдерде, ұжымдық шартта қызметкерлерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі, ал жалақы дегеніміз – Еңбек Кодексінің 1-бабына сәйкес қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.Қызметкерлерге мемл.және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін аталған міндеттерді орындайтын жері бойынша бірақ негізгі жұмыс орнындағы орташа жалақысынан төмен емес жалақы төленеді. Еңбек кодексінде не ұжыидық шартқа сай кезеңдік медициналық тексерулерден өтуге міндетті қызметкерлердің олардан өткен уақытта ж.берушінің қаражаты есебінен жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады. Донор болып табылатын қызметкердің тексерілу және қан мен оның компоненттерін беру уақытында жұмыс орны мен орташа жалақымсы сақталады. Сондай ақ оларға ҚР денсаулық сақтау заңнамасына сай өзге де кепілдіктер беріледі. Іссапар уақытында да қызметкердің жұмыс орны мнен жалақысы сақталады.Қызметкерді жұмыс берушімен бірге басұа жерге аусытырылған кезде жұмыс беруші қызметкерге:

Қызметкер мен оның отбасының көшіп қону

Қызметкер мен оның отбасының мүлкін жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеуге міндетті. Осының барлығы еңбек шартында, ұжымдық шарта айқындалады.

88. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қызметкерге тәртіптік жаза қолданудың негіздемесі және рәсімі.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сондай-ақ осы Заңда белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн мемлекеттiк қызметшiге тәртiптiк жазалар:

1) ескерту;

2) сөгiс;

3) қатаң сөгiс;

4) қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту;

5) атқаратын қызметiнен босату қолданылуы мүмкiн.

Тәртiптiк жазаны:

1) лауазымдық өкiлеттiгiне сәйкес осындай құқығы бар адамдар қолданады;

2) жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңында өзгедей жауаптылық көзделген әрекет үшiн қолдануға болмайды;

3) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленетiн тәртiппен қолданады.

Тәртiптiк лайықсыз әрекетке жол берген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнi оны тағайындаған басшы белгiленген тәртiппен жауаптылығы туралы мәселе шешiлгенге дейiн лауазымдық мiндеттерiн атқарудан уақытша шеттетуi мүмкiн.

Мемлекеттiк қызметшi өз iс-әрекетiнiң заңсыздығы үшiн жауап бередi. Атқару үшiн алынған өкiмнiң заңдылығына күмәнданған жағдайда бұл жөнiнде ол өзiнiң тiкелей басшысына және өкiмдi берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиiс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкiмдi жазбаша растаған жағдайда мемлекеттiк қызметшi, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиiс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға мiндеттi. Мемлекеттiк қызметшiнiң заңсыз өкiмдi орындауының салдары үшiн осы өкiмдi растаған басшы жауап бередi.

Мемлекеттiк қызметшiлер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негіздер мен тәртiп бойынша тиiсiнше қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық жауапты болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]