
- •1.Қаржы мендежментінің экономикалық мәні
- •2.Қаржы менеджментін ұйымдастырудың негізгі қағидалары
- •3.Қаржы менеджментінің негізгі мақсаттары
- •4.Қаржы менеджментінің негізгі міндеттері
- •5.Қаржы менеджментінің басқару объектілері
- •6.Қаржы менеджментінің басқарушы субъектілері
- •7.Қаржы менеджментінің атқаратын функциялары
- •8.Қаржы менеджментінің құрамы және құрылымы
- •9. Қаржылық менеджменттің базалық тұжырымдамалары.
- •10.Қаржы менеджментінің әдістері ж/е оны басқару.
- •11.Қарж-қ менеджер-ң рөлі және міндеттері
- •12.Қаржылық менеджменттің негізгі базалық көрсеткіштері:
- •16. Инвестицияның объектілері және субъектілері
- •20.Қарыз қаражаттарын тартудың қажеттілігі және ролі
- •1.Қарыз қаражаттарының құнын бағалау әдістері
- •2.Қарыз қаражаттарын тарту саясаты,оны басқару.
- •3.Қаржы менеджментінің негізгі қаржылық коэффициенттері:
- •5.Пайданы молайту және оны негізгі көрсеткіштерін анықтау.
- •6.Дивидендтік саясат,негізгі теориялары
- •8. Дивиденттік төлем түрлері, олардың сипаттамасы
- •9.Кәсіпорынның пайдасын бөлу әдістері
- •12. Кәсіпорынның айналым активтерінің маңызы
- •13. Қаржы тәуекелін азайту әдістері
- •14.Кәсіпорынның ақшалай активтерін басқару
- •15.Бизнес-жоспардың қажеттілігі және қаржылық тұрғылары
- •16.Бизнес-жоспардың негізгі бөлімдері мен сипаттамасы
- •17.Меншікті қаржы көздерін қалыптастыру
- •18.Бюджеттеу үдерісінің сипаттамасы
- •19.Бюджет құрудың мақсаттары мен міндеттері.
- •20.Бюджет құрамы және құрылымы
- •1.Бюджеттеудің негізгі түрлері,сипаттамасы.
- •3.Қаржылық жоспарлардың экономикалық мәні.
- •4.Қаржылық жоспарлаудың түрлері,сипаттама:
- •5.Ішкі фирмалық жоспарлаудың мәні
- •6.Стратегиялық және оперативтік жоспарлаудың ерекшеліктері
- •7.Қаржылық жоспарлау мен болжаудың әдістері
- •8.Кәсіпорындағы қайта құру,ұйымдастыру түрлері
- •10.Қаржы механизмдерінің құрамы және мазмұны
- •11.Қаржы ресурстарының құралу көздері
- •12.Меншікті қаржы көздерінің қалыптасуы
- •13.Меншікті қаржылардың түрлері,сипаттамасы
- •14.Инвестиция ұғымы,оның түрлері мен мазмұны
- •15.Қаржылық активтер,оның түрлері мен мазмұны
- •17.Қысқа мерзімді қаржылық жоспарлау
- •18.Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару
- •19.Шартты-өзгермелі шығындардың мәні және құрылымы
- •20.Шартты-тұрақты шығындардың мәні және құрамы
- •2.Қаржы менеджментін ұйымдастырудың негізгі қағидалары
20.Қарыз қаражаттарын тартудың қажеттілігі және ролі
Көптеген корпорациялар өз қызметін меншік қаражаттарымен қатар,қарыз құралдарымен де қаржыландырады.Ең алдымен, қарыз қаражаттары меншік көздерінің өсу қарқыны корпорацияның өсу қарқынынан артта қалған жағдайда корпорацияның ағымдағы қажеттіліктерін қаржыландыру үшін, өндірісті жаңғырту, өнімнің жаңа түрлерін игеру, нарықтағы өз үлесін кеңейту, басқа бизнес түрлерін иелену ж/е т.б. үшін қажет. Инфляция мен меншік айналым қаражаттарының жетіспеушілігі көптеген корпорацияларды айналым капиталын қаржыландыру үшін қарыз капиталдарын тартуға мәжбүрлейді.
Қарыз капиталы-корпорацияға табыс әкелетін қарыз қаражаттарының жиынтығы. Қарыз капиталының мөлшері мен құрылымын анықтау қаржылық менеджменттің көптеген мәселелерін шешудегі қажетті кезең болып табылады,олардың ішіндегі кең таралғандары келесідей:
корпорацияның қаржылық тәуелсіздігі мен төлем қабілеттілігін бағалау;
мүмкін болатын банкроттықты ж/е капитал құрылымын оптимизациялауды болжау;
қарыз капиталының бағасы мен корпорация капиталының орташа салмақталған құнын есептеу;
қаржылық тәуекелдің мүмкін болатын дәрежесін анықтау.
Меншік иелерінен бастап, мемлекеттік ұйымдарға дейінгі қызығушылық танытқан әртүрлі жақтар осы мәселелердің әрқайсысын қоюы мүмкін, сондықтан қаржылық қаржыландырудың түрлерін өздерінің қызығушылықтарына қарай есепке алады.
Қарыз капиталы түсінігінің неғұрлым жалпылама мағынасы корпорацияның қаржылық жағдайын бағалағанда ж/е қаржылық тәуекелдің жалпы деңгейін сипаттағанда кездеседі. Бұл бағыт инвесторлардың корпорацияның барлық борыштарын өтеу мүмкіндігін тез әрі қарапайым бағалауға деген қызығушылықтарынан пайда болған. Қарыз құралдары үлесінің көбеюі корпорацияға салынған салымдардың тәуекелін ұлғайтады ж/е алдағы уақытта осы үрдісті туғызатын себептерді толығырақ зерттеуді қажет етеді.
Блог-2
1.Қарыз қаражаттарының құнын бағалау әдістері
Негізі,капитал құны дегеніміз бұл белгілі бір қаржылық құралдың толық табыстылығы. Нақты өмірде тартылған қаражат үшін кәсіпорынның төлейтін құны инвестордан алатын табыс көлемімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Бір жағынан, капиталды сатып алушының ресурстарды тартуына байланысты осы ресурстардың құнын өсіретін косымша шығындары туындауы мүмкін (эмиссиялық шығын, брокерлік комиссия, т.б.).
Екінші жағынан, инвестроларға төленетін табыстың эмитент шығындары кей жағдайда салық салынатын табыс сомасынан шығарылып тасталады.Сол себепті, кәсіпорынның нақты капитал құны инвесторға төленетін табыстылық деңгейінен төмен болуы мүмкін.Осы факторлардың қарыз қаражаттарыныың құнын есептегенде қалай әсер ететіндігін қарастырайық.
Ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тарту үшін кәсіпорын айналысқа облигация шығарады. Бұндай капиталдың құны кәсіпорын үшін өз міндеттемелерін орналастыру бойынша қосымша эмитенттік шығындарды қосқандағы облигацияның толық табыстылығы болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, қарыз қаражаттарының құнын анықтау процедурасы облигацияның толық табыстылығын есептеу әдісіне ұқсас болып келеді. Ерекшелігі қосымша эмитенттің шығындарды есептеу қажеттілігінде болып табылады. Қарыз қаражаттарының құнын есептеудің тағы да бір ерекшелігі эмитент-кәсіпорын облигация бойынша төленетін табыс сомасын өз өнімінің (қызметінің) өзіндік құнына жатқызуы мүмкін, сол арқылы табысқа салынатын салық базасын төмендету ақрылы.Осылайша пайда болатын «салық қалқаны» әсері эмитент үшін капитал құнын төмендетеді. Берілген әсердің сандық көлемін есептеу үшін облигацияның толық табыстылығын (1-t)-ға көбейтеді, бұл жерде t- табысқа салынатын салық ставкасы.
Осылайша, қарыз қаражатының құнын анықтау екі кезеңнен тұрады: алдымен облигацияның толық табыстылығы анықталады ( эмиссия бойынша шығындардың есебімен), сосын алынған нәтиже салық қалқаны әсерінің мөлшеріне қарай түзетіледі.