Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
финмен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
125.8 Кб
Скачать

16. Инвестицияның объектілері және субъектілері

Инвестиция (латынша інвестіре – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Инвестициялық қызметтің субъектілері болып инвесторлар, мердігерлер, инвестистициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және инвестициялық қызметтің басқа қатысушылары табылады.

Инвестициялық қызметтің объектілері болып мыналар табылады:

  • қайтадан құрылатын және модернизацияланған негізгі қорлар және халық шаруашылығының барлық саласындағы айналым қаражаттары;

  • бағалы қағаздар (акция, облигация т.б);

  • мақсатты ақша салымдары;

  • ғылыми-техникалық өнім және басқа меншік объектілері;

мүліктік құқық және интеллектуалдық меншікке құқық.

17.Инвестициялық процесті басқару саясаты. Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

  1. Жоспарлау;

  2. Бағдарламалау;

  3. Бюджетті дайындау;

  4. Орындау.Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады.Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет.Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет: - бюджет орындалатын , макроэкономикалық жағдай; - инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері , соның ішінде экономикалық аспектілер. Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің міндеті болып табылса, инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет.Инвестициялық саясаттың ұтымды жүйесін қалыптастыру үшін мемлекет даму бюджеті , ұлттық мұнай – газ қоры , мемлекеттік неие ұйымы сияқты қаржылық институттар мен механизмдерге мән беруі шарт.

18.Фирманың инвестициялық портфелінің стратегиясы. Стратегия – ұйымның перспективалық даму бағыттарын, сонымен бірге қоршаған орта өзгерісі жағдайында оның жұмыс жасауының әдістері мен тәсілдерін анықтайтын басқарушылық шешім жүйесі.Инвестициялық портфель деп-шетел компаниясына бақылау орнатуға мүмкіндік бермейтін,акциялар,облигациялар және капитал салымдарының басқадай түрлерін айтамыз.Инвестициялық портфель-ірі корпорация,орталық және жеке меншік банктер шығаратын қарыз облигацияларын,шетел капиталын тарту арқылы қаржыландарудың маңызды көзі. Инвестициялық мақсаты таңдалған стратегияға сәйкес клиент портфелінің максимальды табысты болуын қамтамасыз ету болып табылады:Спекулятивті;Фундаментальды;Тұрақты.

Спекулятивті стратегия қаражатын қысқа мерзімге инвестициялауға дайын және жоғары пайда тапқысы келетін инвесторларға арналған. Мұндай портфельдің табыстылығының жоғары болуымен қатар тәуекелдері-де айтарлықтай жоғары болып келеді;

Фундаментальды стратегия қаражатын ұзақ мерзімге: балаларының болашағына, қартайған шағында пайдалану үшін, т.б. мақсаттарға инвестициялауды көздейтіндерге арналған. Мұндай портфельдің табыстылығы орташа, алайда ұзақ мерзімді инвестициялардың арқасында болашақта қаржылық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жоғары тәуекелдерді қабылдауға дайын емес, алайда инвестициялардың тұрақты өсімін алуға ниеттенген инвесторларға портфельде облигациялардың жоғары үлесі бар балансталған стратегия ұсынылады.

Инвестициялардың түрлері:.Венчурлық -үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады.Тікелей инвестициялау-шаруашылық субьектілерінің табыстар түсіруіне және осы субьектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалған капиталға жұмсалуы болып табылады.Портфельдік инвестициялар-портфельді қалыптастыруға байланысты және құнды қағаздарды сатып алу сияқты басқа да активтер болып есептелінеді.Аннуитеттік-тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін,сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.Еліміздің инвестициялық портфелі ірі салымдарды қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға,тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субьектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.Қаз-н экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі-инвестициялық портфельдің қызметін ұлғайту,ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.

19.Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері екеу:

  • 1.қарапайым н/се стат/қ 2.дисконттау әдістері. Табыстың қарапайым нормасы.Бұл әдіс бойынша есептелетіншама рентабельділік коэф/іне ұқсас ж/е бір жоспарлау интервалы аралығында инвестициялық шығындардың қандай бөлігі түрінде қайтарылатынын көрсетеді.Табыс нормасының есептік шамасын табыстылықтың минималды және орташа деңгейімен салыстыру негізінде инвестор берілген инвестициялық жобаны әрі қарай талдаудың мақсаттылығы туралы қорытынды жасайды.Әдістің кемшіліктері:-келешекте түсетін түсімдердің құндылығы есепке алынбайды.-салыстыру ставкасы ретінде алынған таза табыстың көлеміне барынша тәуелді.-табыстың есептік нормасы кезең бойы орташа болады.

Дисконттау-ақшаның уақытша құнын есептеуге негізделген әдіс. Мұнда пайыздық қойылым түсінігі қолданылады.Оның көлеміне инфляция, тәуекел ж/е ақшаны пайдаланудың альтернативті мүмкіншілігі әсер етеді ж/е оны мынадай теңдікпен көрсетуге болады: r=IR+MRR*RI

IR-инфляция қарқыны;MRR-минималды нақты табыс нормасы;RI-инв/қ тәуекел дәрежесін есепке алатын коэф.

Жобаның таза ағымдылық құны NPV - і дисконтталған ақша ағымының элементтерінің жиынтығы арқылы табылады:

NPV=∑CFt/(1+r)n

CF-t уақытындағы күтілген ақша ағындарының түсуі; n- жобаны жалпы іске асырудың жалпы кезеңі; r- дисконт.

NPV›0 болса, онда жобаны қабылдауға болады. NPV‹0 болса, онда жобаны қабылдау тиімсіз. NPV=0 болса,онда жоба түсім де, шығын да әкелмейді.

Ақшаның уақытқа байланысты құнын есепке алмаған жағдайдағы жобаның тиімділігінің көрсеткіштері

  1. Өтеу мерзімі. Егер ақша ағындарының элементтері бірдей болмаса, онда тек қана кестелік әдісті, ал егер элменттер бірдей болатын болса, онда келесідей формулаларды пайдалануға болады:

PP = IC / Pk,

Мұндағы PP – өзін өзі ақтау мерзімі IC – бір реттік инвестиция; Pk – таза ақша ағымының жылдық элементі.

  1. Күрделі салымдардың абсолютті тиімділігі коэффициенті Ка.эф. = 1 / PP

  2. Бухгалтерлік (есептік) пайда нормасы (инвестицияның тиімділік коэффициенті) ARR;

  • ARR = Мұндағы PN – жылдық орташа таза пайда; – инвестициялардың жылдық орташа мөлшері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]