Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
финмен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
125.8 Кб
Скачать

11.Қарж-қ менеджер-ң рөлі және міндеттері

Қаржы менеджерi - бұл кәсiпорындағы, мекемедегі, ұйымдағы қаржы қызметiнiң жетекшiсi (немесе жауапты орындаушы). Қаржы менеджерi кәсiпорынның экономикалық стратегиясын iске асыру мақсатында шешiм қабылдайды. Қаржы менеджерiнiң негiзгi функциялары: аналитикалық - бақылаулық; қаржылық жоспарлау; басқарушылық шешiмдердi қабылдау. Ол қаржылық қызметiнде басқару шешiмін қабылдайды:ақша қаражаттарын қолдану және құрастыруға қатысты,қаржы нарығында,салық өндіру жерінде, жинақ және т.б.

Қаржы менеджерiнiң қызметтiк мiндетiне негiзiнен мыналар кiредi:

  • кәсiпорынның ақша қорының қозғалысына қатысты ағымдағы қызметтi;

  • қаржылық жоспарлау(болжау);

  • қаржы нарықтарына операцияларының өткiзу;

  • инвестиция салу;

  • кәсiпорынның қаржы қамтамасыз етуiне қаржылық талдау және бақылау;

  • бюджеттермен және бюджеттен тыс қорлармен есептеу және төлеулер.

Бұл функциялардың iске асырылуы қаржы менеджерлерiне келесi талаптарды анықтайды:

  • жоғарғы ортақ кәсiби бiлiмдарлық;

  • қаржылай-экономикалық пәндердiң бiлiмi;

  • алған бiлiмдердiң iс жүзiнде қолдануының биiк дәрежесi;

  • техникамен және қаржы менеджментiнiң технологиясын қолдану;

  • қаржылық (бухгалтерлiк)есеппен, қаржы құжаттармен жұмыс iстеп бiлу, қаржылық талдауды жүзеге асыру;

  • адамдармен жұмыс iстеу, ұйымдастырушылық қабiлеттерi;

  • қызыметшiлерді ынталандырып білу; басқару жүйедегi өзгерiске тез әсер ету және тағы басқалар.

12.Қаржылық менеджменттің негізгі базалық көрсеткіштері:

қосылған құн;инвестицияны жүзеге асырудың брутто нәтижесі;инвестицияны жүзеге асырудың нетто нәтижесі (салық пен пайыздық төлемдерді төлегенге дейінгі пайда);активтердің экономикалық рентабельділігі;Дюпон формуласы;Меншікті капиталдың рентабельділігі;Активтердің рентабельділігі.Қосылған құн = өндірілген (сатылған) өнімнің құны + дайын өнім мен аяқталмаған өндірістің өсуі - тұтынылған материалдардың құны - өзге ұйымдарға көрсетілген қызметтің құны. ҚҚ шамасы кәсіпорын қызметінің ауқымын және оның ұлттық байлықты құруға салған салымын көрсетеді. Инвестициялық капиталдың рентабельділігі =қосылған құн-ҚҚС-еңбекақы және оған байланысты төлемдер шығыны (әлеуметтік салық, зейнетақы аударымы, жеке табыс салығы) - корпоративтік салықтан басқа да салықтар=инвсетицияны жүзеге асырудың брутто нәтижесі (ИЖБН). ИЖБН – кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің аралық нәтижесі болып табылады.Ол амортизацияны, қарыз құралы бойынша қаржылық шығындарды және корпоративтік табыс салығын шегергенге дейінгі пайда. Оны шамасы барлық шығындарды өтеуге құралдардың жеткілікті екендігін көрсетеді.Инвестицияны жүзеге асырудың брутто нәтижесі негізгі құрлдарды қалпына келтіру шығындарын айтамыз.Инвестицияны жүзеге асырудың нетто нәтижесі (ИЖНН) несие үшін пайыз бен корпоративтік салықты төлегенге дейінгі пайданы көрсететін экономикалық тиімділік. Салық салғанға дейінгі қарапайым қызметтен түскен табыс ИЖНН мен өнімнің өзіндік құнына енетін несие үшін пайыздың қосындысына тең.

Активтердің экономикалық рентабельділігі келесі формуламен анықталады:

Рент=ИЖНН/актив*100=(баланстық пайда+өзіндік құнға енетін несие бойынша пайыз)/актив

Немесе Рент=ИЖНН/актив*айналым/айналым*100= ИЖНН/айналым*100*айналым/актив=коммерциялық маржа*100*трасформациялау коэффициенті

Коммерциялық маржа – бұл сатудың экономикалық рентабельділігін айтамыз, ол әрбір 100тг қаншалықты нәтиже беретінін көрсетеді.Трасформациялау коэффициенті – 1 тг активтің қанша теңге айналым жасайтынын көрсетеді.Дюпон формуласы. Қаржы менеджментінде кәсіпорын активтерінің тиімді пайдаланылуын талдау үшін дюпонның интегралдық жүйесі қолданылады. Оның мәні активтер рентабельділігінің көрсеткішін бір жүйедегі өзара байланысты бірнеше жеке қаржылық коэффициенттерге бөлу болып табылады.Активтер рентабельділігі=өнімді стау рентабельділігін*активтердің айналымына.Акционерлік капитал рентабельділігі=таза табыс/айналым*айналым/ актив*100*актив/акционерлік капитал.Бұл формула активтердің рентабельділігіне қандай фактордың әсер еткенін анықтайды.

акционерлік таза табыс

капиталдың = -------------------------------- =

рентабелділігі акционерлік капитал

ТТ айналым актив

= ---------- х --------------- х ----------

АК актив АК

Акционерлік капиталдың өзгеруіне келесі факторлар әсер етеді: 1 тг айналымнан таза табыстың өзгеруі; активтерді неғұрлым тиімді пайдалану; АК ұтымды пайдалану;

13.Қаржылық менеджментінің математикалық есептеу негіздері-ол к/о-дағы қаржылық талдауды, ақшаның уақытша құн тұжырымдамасын,қаржылық операциялардағы инфляцияны есептеу үлгісін ж/е аннуиететтің болашақтағы ж/е ағымдағы құнын қамтиды. Мұндағы

1) қаржылық талдау – тиімді дамуды қамтамасыз етуге ж/е оның нарықтық құнын көтеру мақсатында к/о-ның қаржы-шашуашылық қызметінің негізгі нәтижелерін ж/е қаржылық жағдайын зерттеу процесі. Негізгі объект/і:ресурс,ақшадай құралдар ағымы, к/о қаржы жағдайы.

2)Ақшаның уақытша құндылығы-бұл ақша қаражатының объективті сипаттамасы. Оның мәні – бүгінгі күні қолда бар ақша ж/е болашақта алынатын ақша бір құндылы емес. Ақшаның болашақ құны –ол қазіргі кезде инвестицияланған ақша қаражатының болашақ құны,ал ағымдағы құн-болашақ ақша ағынының дисконтталған құны. Яғни : FV=PV(1+n*r) жай пайызда,курделі пайызда FV=PV(1+r)n

3.қаржылық операциялардағы инфляцияны есептеу үлгісі.Инфляция ел ішінде жалпы бағаның көтерілуі мен ұлттық валютаның құнсыздануын сипаттайды.Инфляция түрлі жағдайда салдар әкеледі. Инфляция деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші – инф қарқыны(α) б.т. α=∆S/S

Sα=S+∆S=S(1+α), мұндағы ∆S инф.дейінгі сатып алу қабілеттілігі сомасынан инф.кейінгі сома айырмасы

4. Аннуитет-бұл қайта-қайта төленетін ақшалай сома (рентта,табыс). Мерзімді ан/т есептеудің 2 жолы бар: 1) ану/т элементі бірдей уақыт интервалы арқ орын алатын бір бағыттағы ақша ағымы б.т. 2)қосымша шектеуді енгізу

Егер ақша түсімдері ұзақ уақыт бойы жалғастырса ануиетет мерзімсіз болады

14. Қаржылық менеджментін ақпаратпен жабдықтау жүйесі-бұл кәсіпорын/ң ақпараттық жүйесі кәсіпорынның қаржылық қызметінің басқару шешімдерінің тиімділігін дайындап ж/е жоспарлау үшін қажетті,сәйкес ақпараттық көрсеткіштерді таңдауға бағытталған үздіксіз үрдісті сипат/ды. Қарж/қ ақпарат қолданушылары: Ішкі қолд/р (к/о басқарушысы,қаржы менеджері,к/о меншіктері т.б.) ж/е сыртқы қолд/р (к/о кредиторлары,потенциалды инвесторлар,операциондық қызмет б/ша к/о контрагенттері, салық органдары, аудиторлық фирмалар,қор биржалары т.б.). Қаржылық менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету көрсеткіштер жүйесі 3 топқа бөлінеді: 1) к/о б/ша қаржылық қызмет нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер;

2) к/оның жеке құрылымдық бөлімдер қызмет/ң қаржылық нәтижелерін сипат/н көрсеткіштер;

3)к/о/ң қаржылық дамуымен байланысты нормативті – жоспарлық көрсеткіштер. Осы жүйе б/ша ақпаратқа қойылатын талаптар: мағыналылығы,толықтығы, нақтылығы, мерзімділігі,түсініктілігі,релеванттілігі,салыстырмалылығы, тиімділігі. Қаржы менеджментінің ақпараттық жүйесі барлық аспектілер б/ша талдауды жүзеге асырады. Қарж/қ менеджментінің ақпарат жүйесі қажетті ақпаратпен тек к/о-ның өз меншік иелері мен басқару персоналын ғана емес,сонымен қатар сыртқы қолданушылардың кең ортасының қызығушылығын қанағаттандырады.

15.Қаржылық инвестицияның маңызы және түрлері.

Капиталды тиісті объектіде жұмсауға б/ты инв/ң нақты ж/е қаржылық сынды 2 түрі бар:Нақты инвестиция дегеніміз – шаруашылық субьектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.Қаржылық инвестициялар — мемлекеттің, қаржылық компаниялардың, инвестициялық қорлардың, сақтандыру компанияларының басқа да кәсіпорындардың бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсалатын салымдар. Мыс:Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді. Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады.Қаржылық инвестиция 2-ге бөлінеді:

  1. Тікелей қаржылық инвестиция – табыс ж/е бағалы қағаздар б/ша дивидендтерді алуда қарастырылатын акционерлік қоғамдардың акциясына,шару/қ суб/ң жарғылық капиталына салынатын ақшалай салымдар,сонымен қатар компанияны басқаруға құқық беретін басқарушылық мақсат.

2) Қоржындық қаржылық инв/я-бағалы қағаздарды сатып алушылар олардың әр түрін сатып алуда табыстылық деңгейін көтеру ж/е тәуекелді төмендету маақсатында қоржынды қалыптастырады.Қоржынның құрамына компаниялардың акциялары,облигациялары,депозиттік сертификаттар,кепілдік куәліктері ж/е инв/қ құқықтар жатқызылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі: а) қысқа мерзімдік – иелену мерзімі бір жылға дейін; ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]