Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
финмен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
125.8 Кб
Скачать

19.Шартты-өзгермелі шығындардың мәні және құрылымы

Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Егерде өндіріс көлемімен оны сатудың айырмашылығы жоспарланбаса, онда шығын көлемі туралы шешім қабылдауға өткен кезендегі мәліметтерді (инфляция индексін қолдана отырып) пайдалануға, болады. Өндіріс бағдарламасы біршама өзгерсе, онда шығындарға нақтылап талдау жасалынады, олардың құрамы, құрылымы және балама варианттар қаралады, өндірілген өнімдердің көлемі, оның бағасы еңбек ақысы және басқа факторлардың олардың тиімділігіне өсерін бағалайды.Осы жағдайларға қарай қаржы менеджментінде кәсіпорынның барлық ағымдағы шағындары төмендегіше бөлінеді:- шартты-өзгермелі;

- шартты-тұрақты; - аралас. Шартты-өзгермелі шығындар - өндірілген өнімдердің көлеміне байланысты және өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей пропорционалды өзгереді. Өндіріс көлемінің өсуіне байланысты олар ұлғаяды және, керісінше, өндіріс көлемінің азаюына байланыстым кемиді. Өзгермелі шығының өнімдердің бірлігіне қатынасы тұрақты шамада болады. Шартты - өзгермелі шығындар өндірістік және өндірістік емес сипатта болады. Өндіріске қатысты шартты-өзгермелі шығындарға жататындар: шикізаттар және материалдарды сатып алу, технологиялық, жанармай және энергия, өндірістегі жұмысшылардың негізгі еңбекақысы және т.б. Өндіріске жатпайтын шартты-өзгермелі шығындарға жататындар: транспорт шығыны, сатуға кеткен сауда-комиссиялық жинау және басқадай шығындар, әлбетте олар сатылған өнімдерден түскен түсімнін көлеміне байланысты болады. "Шартты-өзгермелі шығындардың" атының аталуы және оларды өндіріс көлеміне қатаң байланыстыру шартты жай. Практикада түрлі жағдайлар кездеседі, кейбір баптағы өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне қарағанда басқа қарқынмен өзгереді. Мысалы, шикізатты сатып алуда, сатып алатын партияға байланысты оның құнында ауытқу болуы мүмкін. Жұртқа мәлім, сатып алу шамасы көп болса оның бағасы соғұрлым төмен болады.

20.Шартты-тұрақты шығындардың мәні және құрамы

Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Егерде өндіріс көлемімен оны сатудың айырмашылығы жоспарланбаса, онда шығын көлемі туралы шешім қабылдауға өткен кезендегі мәліметтерді (инфляция индексін қолдана отырып) пайдалануға, болады. Өндіріс бағдарламасы біршама өзгерсе, онда шығындарға нақтылап талдау жасалынады, олардың құрамы, құрылымы және балама варианттар қаралады, өндірілген өнімдердің көлемі, оның бағасы еңбек ақысы және басқа факторлардың олардың тиімділігіне өсерін бағалайды.Осы жағдайларға қарай қаржы менеджментінде кәсіпорынның барлық ағымдағы шағындары төмендегіше бөлінеді:- шартты-өзгермелі;

- шартты-тұрақты; - аралас. Шартты-тұрақты шығындар — бұл шығындар белгілі уақыт кезіңіндегі өндіріс көлемінің серпініне байланысты емес. Оларға жататындар: амортизациялық төлемдер басқару персоналдардың еңбекақысы, ғимараттарды жылыту, жарық беру шығындары, жалдам ақы, администрация-шаруашылық қажеттілікке және т.б ақша шығындары. Аралас шығындарға кейде тұрақты және сондай-ақ өзгермелі шығындар жатады. Оларға жатындар: байланыс және телеграф шығындары, жабдықтардың ағымдағы жөндеу шығындар.

1 блок

1.Қаржы менеджментінің экономикалық мәні

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]