Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
финмен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
125.8 Кб
Скачать

17.Қысқа мерзімді қаржылық жоспарлау

Қаржылық жоспар компанияның қаржылық стратегиясын сипаттайды және оның қорытындыларын болжамды қаржылық есеп көмегімен болжайды: баланстық, кіріс және шығын туралы есебі, қорлардың қайнар көздері және оларды қолдану туралы есебі. Жоспар компанияның жағдайын бағалау үшінқаржылық мақсаты мен эталонын қалыптастырады. Әдетте ол таңдалған стратегияға негіздеме және қойылған мақсаттарға қалай жету керек туралы түсінік береді.

Жоспар-соңғы қорытынды. Дегенмен оны өңдеу процесі өзінен-өзі бағалы. Біріншіден, жоспарлау қаржылық менеджерді инвестициялық шешімдердің жиынтық тиімділігін қаржылық шешім нәтижелігімен бірге қарауға мәжбүрлейді. Екіншіден, жоспарлау қаржылық менеджерге күтілмеген жағдайлар болған кезде  компанияның жетістікке жетуіне бөгет бола алатындай жағдайда стратегиямен запастануға міндеттендіреді. Қысқа мерзімді қаржылық жоспарлаудың міндеті – компанияның қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету және уақытша бос ақша қаражаттарын тиімді қолдану болып табылады.

Капиталға деген қажеттілік қысқа және ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінен қанағаттандырылуы мүмкін. Егер ұзақ мерзімді қаржыландыру капитал қажеттілігін өтей алмаса, компания қысқа мерзімді қаржыландыруға бас бұруы қажет. Егер ұзақ мерзімді қаржыландыру ресурстары капиталға деген қажеттіліктен көп болса, онда компнанияда артық ақша қаражаттары пайда болады. Ал бұл қаражат қысқа мерзімді инвестицияларға жұмсалады. Осыдан, компаниядан алынған ұзақ мерзімді қаржыландыру компанияның қысқа мерзімді займшы немесе кредитор екенін анықтайды, яғни,  несиеленеді немесе инвестицияланады Қысқа мерзімді қаржыландыруды жоспарлауда келесі кезеңдер белгілейді:

    кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;

    Жоспар бойынша түскен ақша қаражаттарымен есеп айырысу;

     Жоспар бойынша шыққан ақша қаражаттарымен есеп айырысу;

      Қосымша қаржыландыру қайнар көздеріне қажеттілігін анықтау;

      Қаржыландыру қайнар көздерін таңдау;

      Қаржыландыру жоспарын дайындау;

      Қаржыландыру жоспарын бағалау;

     Белгілі бір жағдайды үлгілеу.

18.Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару

Айналым акт. мен қысқа мерз. міндет-ді басқарудың басты мақсаты – к/о-ға ең тиімді қараж-ы тарту мен қолдану негізінде өндірісті айналым қаражат-н қамт. ету б/к. Ол келесі мәселелерді қараст-ы: ағымдағы қарж. мұқтаждықты кері мәнге аудару; айналым қаражат-ың жылдамдығын тездету; басқару саясатының кешенді түрін таңдау.

Айн. активтері мен қысқа мерз. міндет-і басқару мынаған сүйенеді: к/о ағымдағы қаржылық мұқтаждығын және таза айналым капиталын анықтау; айналым қаражат-ң жылдамдығын арттыру жолдарын таңдау; ағым.қарж.мұқтаждықты қанағаттандыру жолдарын іздестіру; айналым капиталын басқарудағы қарж. шешімдердің критерийлерін анықтау; айналым активт-ің нег. элементтерін басқару. Басқарудың саясаттары: Агрессивті басқару ерекшеліктері: өсіруде еш шектеудің болмауы; ақша қаражат-ң болуы; дайын өнім, шикізат, материалдардың қоры; үлкен дебит. қарыз; айналым қаражат-ң айналу уақытының ұзақтығы; эконом. ретабель-к онша үлкен емес. Актив дегеніміз - бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс. Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын айналым активтерінің талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байла-нысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтер-дің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегия-сын дұрыс таңдап алуы болып табылады

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының,айналым актив/ң құрамы (мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен такти-касының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

Кәсіпорынның қаржылық айналым активтердің жағдайды талдауға мыналар жатады:

• кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау; • кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық ди-намикасын талдау;

• кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;

• баланс өтімділігін талдау;

• кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]