Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
финмен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
125.8 Кб
Скачать

15.Қаржылық активтер,оның түрлері мен мазмұны

Активтер – бұл жеке кәсіпкер н/е мекеме өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отыратын, болашақта экон/қ пайда әкеледі деп күтілетін ресурстар. Активте жасалған болашақ пайда- бұл мекемеге ақша қаражатының ж/е олардың баламасының түсуіне тікелей н/е жанама ықпал ету мүмкіндігі.

Қаржылық активтерге жататындар: ақшалай құралдар, басқа кәсіпорыннан келісім құқығы б/ша алынатын ақшалай құралдар н/е өаржылық активтердің жаңа түрі, келісім құқығы б/ша тиімді жағдайда кәсіпорындар арасында қаржылық құралдар б/ша айырбас процесін жүргізу, басқа кәсіпорындардың акциялары.

Қаржылық активтерге капитал нарығының тауары болғандықтан өзіндік сипаттарға ие. Олардың негізгі түрлері:

  • Табыстылық

  • Тәуекел

  • Құн

  • Баға

Кез – келген қаржы нарығының қатысушысы активтің нарықтық бағасы мен инвестициялық құнының қатынасына байланысты шешім қабылдайды.

Инвестициялық құн – қаржылық активтің субьективті бағасы.

Қаржылық активтердің бағасы мен құнының айырмашылығын былай көрсетуге болады:

1. Құн-есепті көрсеткіш, ал баға прейскурантта, котировкада көруге болатын хабарланған көрсеткіш

2. Уақыттың кез-келген мәнінде баға 1 мәнді, ал құн көп мәнді

Табыстылық- активтің табысының оның бағасына қатынасымен анықталатын көрсеткіш.

Қаржылық активке тәуелділігіне байл-ты табыс ретіндегі : ағымдағы табыс ж/е капиталданған құнның өсімі жатады.

Сонымен жалпы активтің табыстылығы ағымдағы табыстылық ж/е капиталданған табыстылықтан тұрады.

Дисконттау әдісі 2 жағдайда қолданылады:

1. Мерзімді аннуитед жағ/да

2. Элементтері бірдей емес н/е түсу уақытының интервалдары бірдей емес ақша ағындарын анықтау үшін қолданылады.

Капиталдану әдісі 3 жағдайды қарастырады. Олар:

  • Мерзімсіз аннуитетті есептегенде

  • Базалық активтер құнының өзгеруі кезіндегі мерзімді аннуитедті есептегенде

  • Біркелкі өсетін өсу темпі мерзімді ж/е мерзімсіз ақша ағындарын анықтаған кезде

16.Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау. Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның табыстары мен шығындарының өзара байланысын қамтамасыз ететін және қаржылық тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін қаржы бойынша іс- әрекеттерді жоспарлау. Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау – осы қаржы жоспарының ұзақ кезеңге жоспарлануы. Сонымен қатар, қаржылық жоспарлау — бұл қаржы жоспарларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады.Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады. Қаржылық жоспарлау барысында келесідей есептеулер жүргізіледі:1.кәсіпорынның табыстары (пайда) мен шығыстарын жоспарлау 2.меншікті айналым қорларына қажеттіліктерді есептеу 3.ақша ағымдарын талдау және жоспарлау 4.қажетті қарды ресурстарын есептеу (ішкі және сыртқы қаржыландыру көлемі мен құрылымы, несиелік ресурстарға қажеттіліктер) 5.кәсіпорынның табыстары мен шығындарының балансын құру. Қаржы жоспары стратегиялық, ағымдық, оперативті жоспардың құраушы бөлігі болып табылады. Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айнадалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтавндырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.

Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған жөне орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану. |

~ Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.

Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]