Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
финмен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
125.8 Кб
Скачать

Блог-1

1.Қаржы мендежментінің экономикалық мәні

ҚМ - корпорация ж/е ұжымдардың ақша қаражаты айналым/рын ұйымдастыру, қаржы ресурстарының құрылуы, бөлінуі, пайдалануымен бай/ты басқару мәселелерін жүзеге асыру ж/е оған әзірлік әдісі мен принциптерінің жүйесі б.т. Қазіргі кезде ҚМ корпорация қаржысын басқару/ң барлық бағыттарын қарастырады.Соңғы жылдары дербес білім салаларына қатысты, яғни қаржылық талдау, инвестициялық менеджмент, тәуекел менеджменті, банкроттық қауіптілігі жағдайында корпорацияларды дағдарысқа қарсы басқаруда ҚМ-ң бірқатар проблемалары етек ала бастады. Елімізде тиімді ҚМ тәжірибесі нарықтық эк-ға өту жағдайында көптеген объективті эк-қ қиыншылықтармен бетпе-бет келе отырып,нормативті қаржылық базаның кемелденбеуінен,эк-қ дағдарыс шарттарында мамандар дайындығының жеткіліксіз деңгейде болуы себебінен әлі де тек құрылу,қалыптасу сатысында ғана. ҚМ мақсаты – қазіргі кезде ж/е болашақта корпорация иелерінің әл-ауқатын барынша көбейту. Бұл мақсат корпорацияның нарықтық құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету барысында көрінеді.

ҚМ міндеті – фирма кірісінің қалыпты деңгейін сақтай отырып қарапайым акциялар б/ша дивидендтің барынша көбейтілуін қадағалау, яғни фирманың оңтайлы қызмет етуін анықтау.

Институционалдық тұрғыдан ҚМ басқару органы б.т. Ұйымдық-құқықтық көзқарастан ҚМ кәсіпкерлік түрі ретінде қарастырылады. Функционалдық тұрғыдан ҚМ экономикалық басқару жүйесі ж/е қаржылық механизмнің бөлігі б.т. Экономикалық тұрғыдан ҚМ басқару жүйесі ретінде капитал мен қаржылық ресурстар қозғалысына оларды қолдану тиімділігін арттыру мақсатындағы басқарушы әсерді жүзеге асыру үрдісін білдіреді.

2.Қаржы менеджментін ұйымдастырудың негізгі қағидалары

ҚМ өз алдына кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу және пайдалану, сонымен қатар олардың ақша құралдарының айналымымен байланысты басқару шешімдерін жетілдіру және тарату әдістері мен қағидаларының біртұтас жүйесін білдіреді. Олардың ішіндегі негізгілері келесілер:

1.Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесімен интеграциялануы (бірігуі). Кәсіпорын қызметінде қабылданған басқару шешімі тікелей немесе жанама түрде ақша ағымының қалыптасуына және қаржы қызметінің нәтижесіне әсер етеді. 2. Басқару шешімдерінің қалыптасуының кешенді сипаты. Бұл қағида бірінші қағидамен сабақтас. Демек,ҚМ к/о-ң қаржылық іскерлігінің жалпы нәтижелілігіне өз үлесін қосатын, бір-біріне тәуелді басқару шешімдерінің зерттемесін қамтамасыз ететін кешенді басқару жүйесі ретінде қарастырылуы тиіс. 3.Басқарудың жоғары серпінділігі. Әрқашанда алдыңғы кезеңде құрастырылған және таратылған қаржы ресурстарын қалыптастыру, пайдалану және ақша айналымын оптимизациялау саласында құралған тиімді басқару шешімдері әрқашанда к/о қызметінің келесі сатыларында қайта қолданыла бермеуі мүмкін. Бұл өндірістің ішкі, әсіресе сыртқы факторларының өзгеруімен байланысты. 4.Жеке басқару шешімдерін өңдеуге көпнұсқалық әдістеме. Әрбір басқару шешімдеріне қаржы ресурстарын қалыптастыру және қолдану аумағында дайындау және ақша айналымы оптимизациясы әрқашанда әрекеттің баламалы мүмкіндігін ескеруі керек. 5.Кәсіпорынның даму мақсаттарын стратегиялық бағдарлау. Ағымдағы мерзімде қаржы қызметі аясында басқару шешімдерінің жобалары қандай да бір тиімді болмасын, егер олар к/о-ң негізгі мақсатымен, яғни к/о-ң алдағы кезеңдегі дамуының стратегиялық бағыттарымен қарсы келіп, ішкі қаржы көздері есебінде меншікті қаржы ресурстарының үлкен көлемінің қалыптасуының экономикалық базасын бұзып, қарама-қайшылыққа түссе ондай жобалардың қабылданбауы қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]