
- •1.Еңбек құқығының түсінігі және құқық жүйесінде алатын орны.
- •18. Жұмыс берушімен, ұйым деңгейінде, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын құру қажеттілігі және тәртібі.
- •20. Ұйым Жарғысының ішкі нормативтік акт ретінде маңызы.
- •42. Қызметкердің өз лауазымына сәйкессіздігіне байланысты еңбек шартын бұзудың тәртібі.
- •72. Ұжымдық дауды еңбек арбитражымен қараудың тәртібі мен мерзімі.
- •74. Ұжымдық және жеке еңбек дауын сот өндірісі тәртібінде қараудың ерекшеліктері.
- •75. Еңбекке ақы төлеуде мемлекеттік кәсіпорын басшысының өкілеттілігі.
- •76.Мемлекеттік қызметшімен азаматтық қызметшінің айырмашылығы және олардың құқықтық жағдайы.
- •80. Еңбек және азаматтық заңнамаға сәйкес ұйымды қайта құрудың ұғымы.
- •81. Ұйымның қайта құрылуы кезінде еңбек қатынастарының реттелу ерекшеліктері.
- •82.Ұйымның жойылуы кезеңінде еңбек қатынастарының реттелу ерекшеліктері: қызметкерлерге таралатын кепілдіктер.
- •83. Жеке кәсіпкермен еңбек шартын жасасудың ерекшелігі.
- •84. Уақытша жұмыс: ұғымы және сипаты.
- •87. Қызметтен шеттетілген жағдайда қызметкердің жалақысының сақталу негіздемесі.
- •88. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қызметкерге тәртіптік жаза қолданудың негіздемесі және рәсімі.
- •89. Шетел азаматымен еңбек қатынастарына түсудің ерекшеліктері.
- •90. Шетел еңбек күшін ішкі нарыққа тартуда белгіленетін квотаны анықтаудың тәртібі.
- •94. Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру: ұғымы, деңгейлері және олардың сипаты.
- •95. Еңбек стандарттары: ұғымы, қайнар көздері және негізгі қағидаттары.
- •97. Еңбек жарақаты: ұғымы, сипаты және рәсімдеу тәртібі.
- •98. Кәсіби науқастық: ұғымы, сипаты және рәсімдеу тәртібі.
80. Еңбек және азаматтық заңнамаға сәйкес ұйымды қайта құрудың ұғымы.
Ұйымды қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту) оның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi бойынша, сондай-ақ ұйымның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органның шешiмi бойынша, не заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi.Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн. Ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлем¬дерiне кепiлдiк беру қорын, арнайы қаржы компаниясын қайта құру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры және секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады. Акционерлiк қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.Қайта құру ерiктi түрде немесе ықтиярсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.Егер ұйымның мүлкiн меншiктенушi, ол уәкiлдiк берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкiлдiк берiлген органы ұйымды қайта құруды сот органының шешiмiнде белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады.Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған ауысады.Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етедi, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесiнде туындайтын құрылтай құжаттарымен бiрге соттың бекiтуiне бередi.Аталған құжаттарды соттың бекiтуi жаңадан пайда болған ұйымдарды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз болады.Ұйымдар, бiрiктiру нысанында қайта құрылатын реттердi қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тiркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледi.Ұйымды оған екiншi бiр ұйымды бiрiктiру жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттiк регистрiне бiрiктiрiлген заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың бiрiншiсi қайта құрылған деп есептеледi.
81. Ұйымның қайта құрылуы кезінде еңбек қатынастарының реттелу ерекшеліктері.
82.Ұйымның жойылуы кезеңінде еңбек қатынастарының реттелу ерекшеліктері: қызметкерлерге таралатын кепілдіктер.
83. Жеке кәсіпкермен еңбек шартын жасасудың ерекшелігі.
Жеке кәсiпкерлiк туралы Қазақстан Республикасының заңы 2006 жылғы 31 қаңтарда қабылданған. Еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.Жеке еңбек шарты дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.Қызметкер еңбек шартына сәйкес белгілі бір қызмет түріне қатысты, яғни мамандығына, кәсібіне, біліктілігіне және дәл сол кезеңде орындауға тиіс қызметіне және өндірістің жалпы қажетіне орай айқындалатын жұмысқа қатысты қызметті орындауға міндеттенеді. Жұмыс берушінің қызметкерге жалақы төлеп тұруға міндеттілігі жеке еңбек шартының ерекшелігі болып табылады.Жеке кәсiпкерлiк - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кiрiс алуға бағытталған, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң атынан олардың тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi.
Жеке кәсiпкерлiк:
1. Дара кәсiпкерлiк өзiндiк немесе бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асырылады.
2. Өзiндiк кәсiпкерлiктi бiр жеке тұлға өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсiпкер ретiнде көрсетпей өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiмi талап етiлмейдi. Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлi-зайыптылардың арасындағы өзге келiсiмде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келiсiмi қажет.
3. Бiрлескен кәсiпкерлiктi жеке тұлғалар (дара кәсiпкерлер) тобы өздерiне ортақ меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай жүзеге асырады. Бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде жеке кәсiпкерлiкпен байланысты барлық мәмiлелер бiрлескен кәсiпкерлiктiң барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен мiндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады.
4. Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандары:
1) ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгi;
2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ бiрлескен меншiгi немесе жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ бiрлескен меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк;
3) жеке кәсiпкерлiк ортақ үлестiк меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын жай серiктестiк болып табылады.
5. Ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгiн жүзеге асырған кезде жұбайлардың бiрi екiншi жұбайдың келiсiмiмен iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылардың атынан әрекет етедi, келiсiм дара кәсiпкердi тiркеу кезiнде расталуы немесе дара кәсiпкердiң қызметi мемлекеттiк тiркеусiз жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша түрде көрсетiлiп, нотариалдық жолмен куәландырылуы мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылар атынан әрекет етуiне екiншiсiнiң келiсiмi болмаған кезде iскерлiк айналымда әрекет ететiн жұбай дара кәсiпкерлiктi өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратындығы көзделедi.
6. Жай серiктестiк нысанын пайдаланатын дара кәсiпкерлiк Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Дара кәсiпкерлер өз мiндеттемелерi бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алынбайтын мүлiктi қоспағанда, өздерiнiң барлық мүлкiмен жауапты болады.
8. Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде өзiне меншiк құқығымен тиесiлi барлық мүлкiмен, соның iшiнде ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгiндегi үлесiмен жауапты болады. Жеке тұлға жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, оның борыштары бойынша өндiрiп алу ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне де қолданыла алады.Жұбайлардың жеке кәсiпкер болып табылмайтын әрқайсысының мүлкi өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жұбайының бiреуiнiң борыштары бойынша өндiрiп алуды қолдану нысанасы бола алмайды.
9. Ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгiн жүзеге асырған кезде ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға байланысты борыштары бойынша өндiрiп алу олардың қайсының iскерлiк айналымда әрекет ететiнiне қарамастан, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне қолданыла алады.
10. Дара кәсiпкер өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде iскерлiк құжаттаманың дербес бланкiлерiн, мөрдi, мөртабандарды пайдалануға құқылы.