
- •1.Еңбек құқығының түсінігі және құқық жүйесінде алатын орны.
- •18. Жұмыс берушімен, ұйым деңгейінде, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын құру қажеттілігі және тәртібі.
- •20. Ұйым Жарғысының ішкі нормативтік акт ретінде маңызы.
- •42. Қызметкердің өз лауазымына сәйкессіздігіне байланысты еңбек шартын бұзудың тәртібі.
- •72. Ұжымдық дауды еңбек арбитражымен қараудың тәртібі мен мерзімі.
- •74. Ұжымдық және жеке еңбек дауын сот өндірісі тәртібінде қараудың ерекшеліктері.
- •75. Еңбекке ақы төлеуде мемлекеттік кәсіпорын басшысының өкілеттілігі.
- •76.Мемлекеттік қызметшімен азаматтық қызметшінің айырмашылығы және олардың құқықтық жағдайы.
- •80. Еңбек және азаматтық заңнамаға сәйкес ұйымды қайта құрудың ұғымы.
- •81. Ұйымның қайта құрылуы кезінде еңбек қатынастарының реттелу ерекшеліктері.
- •82.Ұйымның жойылуы кезеңінде еңбек қатынастарының реттелу ерекшеліктері: қызметкерлерге таралатын кепілдіктер.
- •83. Жеке кәсіпкермен еңбек шартын жасасудың ерекшелігі.
- •84. Уақытша жұмыс: ұғымы және сипаты.
- •87. Қызметтен шеттетілген жағдайда қызметкердің жалақысының сақталу негіздемесі.
- •88. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қызметкерге тәртіптік жаза қолданудың негіздемесі және рәсімі.
- •89. Шетел азаматымен еңбек қатынастарына түсудің ерекшеліктері.
- •90. Шетел еңбек күшін ішкі нарыққа тартуда белгіленетін квотаны анықтаудың тәртібі.
- •94. Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру: ұғымы, деңгейлері және олардың сипаты.
- •95. Еңбек стандарттары: ұғымы, қайнар көздері және негізгі қағидаттары.
- •97. Еңбек жарақаты: ұғымы, сипаты және рәсімдеу тәртібі.
- •98. Кәсіби науқастық: ұғымы, сипаты және рәсімдеу тәртібі.
74. Ұжымдық және жеке еңбек дауын сот өндірісі тәртібінде қараудың ерекшеліктері.
75. Еңбекке ақы төлеуде мемлекеттік кәсіпорын басшысының өкілеттілігі.
76.Мемлекеттік қызметшімен азаматтық қызметшінің айырмашылығы және олардың құқықтық жағдайы.
77. Мемлекеттік қызметшілермен теңестірілген лауазымды тұлғалар.Лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам .
Мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы қызметi.
Мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы .
Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiн саралау:
1. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси және әкiмшiлiк лауазымдары кіредi.
2. Саяси лауазымдарға:
1) Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары;
2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары;
2-1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментін (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратын) басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның орынбасарлары;
3) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкiметтiң өкiлдерi болып табылатын мемлекеттiк саяси қызметшiлер;
4) орталық атқарушы органдарды басқаратын мемлекеттiк саяси қызметшiлер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.
Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін лауазымдар санаттары белгіленеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттар бойынша тізілімін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
4. Мемлекеттiк саяси қызметшілер үшiн лауазым санаттары белгiленбейдi.
Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар.
Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады.
78. Лауазымды тұлға және жауапты қызметкер: ұғымдары және олардың айырмашылықтары.Лауазымды тұлға - мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы күштер жүйесінде арнайы қүзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі кызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаратын адам. Лауазымды тұлғаньщ Конституцияда, заңда немесе қаулыда, ережеде көрсетілген өз өкілеттігіне сәйкес қызметін атқаруға қажетті өзіндік құқықтары мен міндеттері белгіленген. Қазақстан Республикасының 40-бабы бойынша Қазақстандағы ең жоғарғы лауазымды тұлға - Қазақстан Республикасының Президенті.Республиканың Прзиденті халық пен мемлекеттік билік бірлігінің,Конституцияның мызғымастығының,адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Жалпы,қызметкер дегеніміз кім?Жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға. Қызметкер, жұмыскер — жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды. “Қызметкер” ұғымы еңбек заңнамасына 1992 ж. енгізілді, ол “жұмысшы және қызметші” деген ұғымды ауыстырды.Қызметкердің негізгі құқытары мен міндеттері ҚР ЕК нің 22 бабында берілген.Кез келген қызметкер өзінің жұмыс берушінің алдында жауапты болады,яғни, жауапты қызметкер болып табылады.Жауапты қызметкер келтірілген залал үшін,егер ҚР ЕК нің арнайы баптарында өзгеше көзделмесе,өзінің орташа айлық жалақысы шегінде материалдық жауаптылықта болады.Жауапты қызметкердің келтірілген зала үшін толық материалдық жауапкершілікте болу жағдайлары да бар.Келтірілген заала үшін зянды өтеу тәртібі келесідей нысанда ж.а.:еңбек шартының басқа тарапқа залал келтірілген тарапы ҚР ЕК нің және басқа да заңдарында көзделгендей белгіленген мөлшерде сот шешімінің негізінде не ерікті түрде өтейді.
Жоғарыда ,лауазмды тұлға мен жауапты қызметкердің ұғымы мен олардың қандай әрекеттер жасайтынын атап шықтық.Олардың айырмашылықтарын бірден байқауға болады.Егер,лауазымды тұлға-мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы күштер жүйесінде арнайы қүзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі кызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаратын адам болса, ал жауапты қызметкер- кез келген қызметкер өзінің жұмыс берушінің алдында немесе басқа да жұмыс процессіндегі жұмысы үшін жұмыс берушінің алдында жауапты болады
79.Тиісті саладағы уәкілетті органның келісімімен, мемлекеттік кәсіпорынға қатысты, басшылық қызметке тағайындаудың талаптары және тәртібі.Мемлекеттік Кәсіпорын — мүлкі мемлекетке тиесілі және салымдар, үлестер, акциялар бойынша бөлінбейтін кәсіпорын. Оны құрған кезде жарғылық капитал теңгерімде бөліп көрсетілмейді. Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын мемлекеттік органдар келісімшартқа сәйкес жалдайды және жұмыстан босатады. Бюджеттік кәсіпорын смета бойынша бюджеттен қаржыландырылады. Мемлекеттік кәсіпорындарға жедел басқару құқығына негізделген кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорын, мекеме), шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар жатады. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы конкурстық іріктеу, тағайындау және аттестаттау тәртібімен қызметке келеді. Мем.кәсіпорын басшысын конкурстық іріктеуді, тағайындауды және аттестаттауды, оның кандидатурасын келісуді тиісті саланың уәкілетті органдары, нақтырақ айтқанда, жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Мем/к кәсіпорын басшысының кандидатурасын келісуді байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда жүзеге асырылады. Кәсіпорын басшысының қызметіне кандидатураларды іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар б.т.: Қажетті бейіні бойынша жоғарғы білімінің және тиісті саланың уәкілетті органы(жерг.атқарушы орган) бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейінің болуы; мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорынының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы; он сегіз жастан асқан азамат болуы; бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасамаған; ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ болуы тиіс. Содан соң конкурстық комиссия құрылады. Осы конкурсқа қатысушы комиссияның оң шешімін алса, онда сол конкурсқа қатысушымен және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің келісуі қажет болған жағдайларда тиісті саланың (жер.атқ.органның) басшысы еңбек шартын жасасады және кәсіпорынның басшысы танысуы тиіс қызметке тағайындау туралы бұйрық шығарады. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастары ҚР ЕКне сәйкес: республикалық мемлекеттік кәсіпорын тиісті саланың уәкілетті органымен; коммуналдық мем.кәсіпорын жерг.атқарушы органмен еңбек шартын жасасу арқылы рәсімделеді.