Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Enbek kukuguДокумент Microsoft Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
527.87 Кб
Скачать

72. Ұжымдық дауды еңбек арбитражымен қараудың тәртібі мен мерзімі.

293-бап. Еңбек арбитражы

  1. Еңбек арбитражын ұжымдық еңбек дауының тараптары бiтiмгерлiк комиссиясының жұмысы тоқтатылған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық, салалық немесе өңiрлiк комиссия мүшелерiнiң  қатысуымен құрады.  2. Еңбек арбитражы мүшелерiнiң саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қараудың тәртiбi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Еңбек арбитражы кемiнде бес адамнан құрылуға тиiс. Еңбек арбитражының құрамына қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, мемлекеттiк еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар мен басқа да адамдар енгiзiледi.  3. Еңбек арбитражының төрағасын тараптар арбитраж мүшелерi қатарынан сайлайды.  4. Еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделi адамдар өкiлдерiнiң де қатысуымен қарайды.  5. Дауды қарау рәсiмiн еңбек арбитражы белгiлейдi және ұжымдық еңбек дауы тараптарының назарына жеткiзедi.  6. Еңбек арбитражының шешiмi құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрiлмей арбитраж мүшелерiнiң қарапайым

  2. көпшiлiк дауысымен қабылданады. Еңбек арбитражы мүшелерiнiң дауыстары тең бөлiнген кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Шешiм дәлелдi әрi жазбаша түрде болуға және оған арбитраж мүшелерiнiң барлығы қол қоюға тиiс.  7. Бiтiмгерлiк комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптарының келiсiмiне қол жеткiзiлмеген кезде, заң бойынша ереуiлдер өткiзу тыйым салынған немесе шектелген ұйымдарда, еңбек арбитражы мiндеттi түрде құрылуға тиiс.  8. Ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек арбитражының шешiмiн орындауға мiндеттi болады.

73. Ұжымдық дауды бітімгершілік комиссиясымен қараудың тәртібі мен мерзімі.Ұжымдық еңбек дауларының пәні болып қызметкертер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктердің негізі ретіндегі еңбек ұжымының құқықтары мен мүдделері табылады. Ұжымдық еңбек дауларын шешу келесі кезеңдерден тұрады: бірінші кезең талаптар қою; екінші кезең дауды тараптардың қарауы; үшінші кезең дауды келісім комиссиясының қарауы; төртінші кезең ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен шешу; бесінші кезеі ұжымдық еңбек дауларын еңбек арбитражынла қарау. Талаптар қою бұл кезеңде еңбек ұжымы ұйымдағы еңбек ақысын төлеу тәртібін бекіту ж/е өзгерту, ұжымдық еңбек шарттарын ж/е қызметкерлермен жұмыс берушінің арасындағы өзге де келісімдерді орындау мен өзгерту мәселелеріне қатысты талаптар қояды. Дауды тараптардың қарауы бұл кезең жұмыс беруші еңбек ұжымының талаптарны оларды қабылдаған күннен бастап уш жұмыс күнінде қарауға ж/е даудың мәні бойынша келісімге тырысуға, ал келісімге келе алмаған жағдайда аталған мерзім ішінде дауды одан әрі қарастыру үшін өз өкілдерінің құрамын көрсете отырып шешім мен ұсыныстарын еңбек ұжымына жазбаша түрде ұсынуға міндетті. Дауды келісім комиссиясының қарауы егер жымыс берушінің шешімі еңбек ұжымын қанағаттандырмаса, ұжымдық еңбек дауы үшінші кезеңге келісім комиссиясының қарауына өтеді. Бұл кезде тараптардың ешқайсысының бітімгершілік процедураларына қатысудан бас тартуға құқығы жоқ. Ұжымдық еңбек дауын еңбек арбитражында қарау бұл нақты бір ұжымдық еңбек дауын шешу үшін уақытша құрылады. Оны ұжымдық еңбек дауының тараптры күнтізбелік бес күн ішінде әлеуметтік -еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық н/е жергілікті үш жақты комиссияның қатысуымен құрайды. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың көмегімен шешу бұл ҚР «Ұжымдық еңбек даулары ж/е ереуілдері туралы» заңына сәйкес шеше алады. Ұжымыдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қараудың тәртібін дау тараптарының келісіміне негізделе отырып делдалдың өзі анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]