
- •1.Еңбек құқығының түсінігі және құқық жүйесінде алатын орны.
- •18. Жұмыс берушімен, ұйым деңгейінде, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын құру қажеттілігі және тәртібі.
- •20. Ұйым Жарғысының ішкі нормативтік акт ретінде маңызы.
- •42. Қызметкердің өз лауазымына сәйкессіздігіне байланысты еңбек шартын бұзудың тәртібі.
- •72. Ұжымдық дауды еңбек арбитражымен қараудың тәртібі мен мерзімі.
- •74. Ұжымдық және жеке еңбек дауын сот өндірісі тәртібінде қараудың ерекшеліктері.
- •75. Еңбекке ақы төлеуде мемлекеттік кәсіпорын басшысының өкілеттілігі.
- •76.Мемлекеттік қызметшімен азаматтық қызметшінің айырмашылығы және олардың құқықтық жағдайы.
- •80. Еңбек және азаматтық заңнамаға сәйкес ұйымды қайта құрудың ұғымы.
- •81. Ұйымның қайта құрылуы кезінде еңбек қатынастарының реттелу ерекшеліктері.
- •82.Ұйымның жойылуы кезеңінде еңбек қатынастарының реттелу ерекшеліктері: қызметкерлерге таралатын кепілдіктер.
- •83. Жеке кәсіпкермен еңбек шартын жасасудың ерекшелігі.
- •84. Уақытша жұмыс: ұғымы және сипаты.
- •87. Қызметтен шеттетілген жағдайда қызметкердің жалақысының сақталу негіздемесі.
- •88. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қызметкерге тәртіптік жаза қолданудың негіздемесі және рәсімі.
- •89. Шетел азаматымен еңбек қатынастарына түсудің ерекшеліктері.
- •90. Шетел еңбек күшін ішкі нарыққа тартуда белгіленетін квотаны анықтаудың тәртібі.
- •94. Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру: ұғымы, деңгейлері және олардың сипаты.
- •95. Еңбек стандарттары: ұғымы, қайнар көздері және негізгі қағидаттары.
- •97. Еңбек жарақаты: ұғымы, сипаты және рәсімдеу тәртібі.
- •98. Кәсіби науқастық: ұғымы, сипаты және рәсімдеу тәртібі.
94. Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру: ұғымы, деңгейлері және олардың сипаты.
95. Еңбек стандарттары: ұғымы, қайнар көздері және негізгі қағидаттары.
96. Халықаралық Еңбек Ұйымының, халықаралық ұйым ретінде, сипаты.Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) (Internatіonal labour organіzatіon, ILO) — үкіметті, кәсіпкерлер мен еңбекшілерді тең құқықтар негізінде біріктірген халықаралық ұйым. ХЕҰ еңбек қатынастарының халықараралық нормаларын және олардың орындалуын бақылау рәсімдерін әзірлейді. 1919 ж. Версаль шарты бойынша Ұлттар лигасының құрамдас бөлігі ретінде құрылған. 1939 — 1945 ж. 2-дүниежүз. соғыс кезеңінде штаб-пәтері Монреальда (Канада) орналасты. 1944 ж. мамырда Филадельфияда өткен Бас конференцияда ХЕҰ-ның соғыстан кейінгі кезеңге арналған мақсаттарын айқындайтын мәлімдеме қабылданды. 1946 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы ХЕҰ мен БҰҰ арасындағы келісімді бекітіп, ұйымды өзінің мамандандырылған мекемесі ретінде таныды. Женевада (Швейцария) орналасқан. КСРО 1934 — 1940 ж. ХЕҰ-на мүше болды, 1954 ж. қайта кірді. 1969 ж. ХЕҰ-на Нобель бейбітшілік сыйлығы берілді. ХЕҰ-ның іргелі ұстанымы: еңбек тауар емес; сөз бостандығы мен бірігу бостандығы — тұрақты ілгерілеудің қажетті шарттары; кез келген жердегі қайыршылық — жалпы әл-ауқатқа төнген қатер. ХЕҰ-ның жарғы бойынша мақсаты: әлеум. әділеттілік, яғни нәсіліне, сеніміне немесе жынысына қарамастан барлық адамдардың өзінің материалдық игілігін жүзеге асыруға және еркіндік пен қадір-қасиетті сақтау, экон. тұрақтылық пен тең мүмкіндіктер жағдайында рухани дамуға құқықтары негізінде жалпыға бірдей және баянды бейбітшілікке қол жеткізу. ХЕҰ жұмыспен толық қамтамасыз етуге, тұрмыс деңгейін көтеруге, еңбек қауіпсіздігіне, еңбекшілердің денсаулығын сақтауға, адамның негізгі құқықтарының сақталуына жәрдемдеседі, экон. және әлеум. бағдарламалардың орындалуын, кәсіпкерлер мен еңбекшілердің арасындағы ынтымақтастыққа септігін тигізеді. Осы мақсатпен ХЕҰ еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсартудың халықараралық саясаты мен бағдарламасын әзірлейді, еңбек қатынастарының бірлесу еркіндігі, ұйымдасу құқығын қорғау, мәжбүрлі еңбекке тыйым салу, еңбекпен айналысудағы кемсітушілік, еңбекақыдағы тең құқылық, жалақы кепілдігі, келімсек еңбекшілердің құқықтары, әлеуметтік қамсыздандырудың ең төмен нормалары, еңбек инспекциясы, аналарды қорғау, ақы төленетін демалыс, жалданбалы қызметтер сияқты салаларда халықараралық стандарттарды белгілейтін конвенциялар мен ұсыныстар қабылдайды. ХЕҰ конвенциясын бекіткен мемлекет оның ережелерін іске асыруға және Халықараралық еңбек бюросына (ХЕБ) оның орындалғаны туралы тұрақты есеп беріп тұруға міндеттенеді. ХЕҰ-ның басшы органдары — Халықараралық еңбек конференциясы, әкімшілік кеңес, ХЕБ.