
- •1.Бостон Консалтинг моделі.
- •2.Жеке сатулар, банк қызметіндегі коммуникациялардың негізгі түрі ретінде.
- •3.Қоғаммен байланыс, банк қызметіндегі коммуникациялық стратегияның негізгі элементі ретінде.
- •5. Банк қызметіндегі бәсекелестер туралы ақпарат жинау әдістері.
- •6. Банктегі маркетингтік аудитті қолдану әдістері мен бағыттары
- •7.Банктік қызметтер саласындағы бәсекелестерді талдау әдістемесі
- •8. Коммерциялық банктердегі баға құру саясаты
- •9. Банк қызметіндегі маркетингтік коммуникациялар түсінігі
- •10.Бөлшек рыноктың клиенттік базасын сегменттеудің принциптері және оларды талдау.
- •11.Shell/dpm моделі, банктің даму стратегиысын таңдау әдісі ретінде.
- •12.Брендинг, банктегі маркетингтік коммуникацияны құру негізі ретінде.
- •13. И.Ансоффтың «өнім-рынок» моделі, банктің табысты қызмет ету ықтималдығын анықтау әдісі ретінде
- •14. Банк қызметіндегі жарнама ерекшеліктері мен түрлері
- •15. Жиналған ақпаратты талдау, нәтижелерді ұсыну және басқару шешімдерін қабылдау
- •16.Банктік өнім саясатының мәні
- •17.Банктік қызметтер саласындағы өткізуді ынталандырудың мәні мен түрлері.
- •19. Банк қызметінің өмірлік цикл моделі
- •20. Радиодағы банктік жарнама ерекшеліктері.
- •21. Прессадағы банктік жарнам ерекшелігі
- •22.Банк қызметтерінің тұсаукесерін жүргізу тәртібі
- •23.Банк қызметтеріне баға құрудың негізгі әдістері мен кезеңдері
- •24.Банктегі баға құруды анықтайтын факторлар
- •25. Банктердегі тасымалдау логистикасының ерекшеліктері
- •26. М.Портердің бәсекелестік стратегиясының негізгі баламалары
- •27. Клиенттерге персоналды менеджерлердің типі бойынша қызмет көрсету технологиясы.
- •28. Банк қызметіндегі маркетингтік коммуникациялар түсінігі мен түрлері
- •29. Маркетингтік зерттеулер жүйесіндегі ақпартты жинау
- •30. Банктердегі реинжиниринг концепциясының ерекшеліктері
7.Банктік қызметтер саласындағы бәсекелестерді талдау әдістемесі
Банк маркетингінің басты аспектісі бәсекелестерді жан жақты талдау болып табылады. Бәсекелестерді талдауда ең қауіпті бәсекелестерді таңдап алып, олардың маркетингтік, қаржы және операциялық стратегияларын зерттеу қажет және стратегиялық мүмкіндіктерді бағалау қажет. Кез келген банк 2 үлкен жүйелік бәсекелестікке душар:
1.әр түрлі қаржы институттарымен (инвеститциялық қор, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, несиелік серіктестер т.б. ) бәсекеге түседі.
2.барлық банктер өзара бір бірімен бәсекелеседі. Банктер үшін ең маңыздысы бәсекеклесін дұрыс анықтай алу қажет.
Бәсекелестік банктерарасында 2 жағдайда жүргізіледі:
1.банк пен банк толықтай жүйе ретінде бәсекелеседі.
2.жеке бір банктік өнімдер арасындағы бәсекелестік.
Бәсекелестерді және оларға бағытталған шараларды дұрыс жүргізу үшін келесі сұрақтарға жауап іздейміз: бәсекелестік объектісі ретінде кімді таңдап аламыз? Оларға қандай іс-әрекеттер жүргіземіз? Жасалған шаралар арқылы қандай дәрежеге көтерілеміз?
Бәсекелестерді талдау банктік маркетингте 4 компоненттерден тұрады:
1.болашақтағы мақсаттар үшін бәсекелестік
2. пайда болған жағдайлық көріністер бойынша бәсекелестік
3. ағымдағы жағдайлар мен стратегиялар бойынша бәсекелестік
4.потенциалды мүмкіндіктер бойынша бәсекелестік
Болашақтағы мақсаттар бойынша бәсекелестік. Мақсаттарды білу бәсекелестердің ағымдағы орнына және қаржылық нәтижелеріне қанағаттану деңгейін анықтауға және сол арқылы стратегияның өзгеру мүмкін деңгейін және сыртқы жағдайларға әрекеттің сипатын немесе басқа бактердің әрекетін анықтауға мүмкіндік береді. Мына сұрақтар бәсеклестің ағымдағы және болашақтағы мақсаттарын анықтауға көмектеседі: 1.бәсекелестің жарияланған және жарияланбаған қаржылық мақсаттары қандай? 2.Тәуекелдікті қабылға бәсекелестің қатынасы қандай? 3.Нарықта банктік қызметтер бойынша көшбасшылыққа ұмтыла ма?4.бәсекелестің ұйымдастыру құрылымы қандай? 5.бақылаудың қандай жүйесі қолданылады? 6. Қарастырылған банкте қандай менеджерлер басқарушылық дәреджеде? Олардың білімі мен тәжірибесі? 7. Болашақ бағыттар бойынша сұрақтарда менеджерлер арасында ауызбіршілік қандай? 8. Директорлар кеңесінің құрамы қандай?
Пайда болған жағдайлық көріністер бойынша бәсекелестік
Бәсекелестікке талдаудың келесі бір маңызды компоненті – әрбір бәсекелес бойынша жағдайлық көріністерді анықтау болып табылады, ол 2 негізгі категориядан тұрады: бәсекестің өзі туралы жағдайлық көрінісі, бәсекелестің банктік жүйе және басқа банктер жайлы жағдайлық көрінісі. Әр банк өзі тұрған жағдайлық көрініске байланысты әрекет етеді. Мысалы, банк өзін банк жүйесіндегі көшбасшы ретінде, кленттерге қызмет көрсетудің ең үздік жүйесі ретінде көруі мүмкін. Өзінің жағдайы бойынша бәлекелестің жағдайлық көрінісі дұрыс немесе дұрыс емес болуы мүмкін. Барлық тип бойынша жағдайлық көріністерді зерттеу ауытқуларды немесе менеджерлерге айналадағыны қабылдауға кедергі келтіретін өлі аймақтарды анықтауға көмектеседі. Өлі аймақ – бәсекелестердің құбылыстарды мүлдем көрмейтін немесе дұрыс қабылдамайтын кеңістік.
Ағымдағы стратегия.
Бәсекелестікке талдаудың үшінші компоненті әрбір бәсекелестің ағымдағы стратегиясы жайлы аналитикалық құжат құру болып табылады. Бәсекелестің стратегиясын бизнестің әрбір функционалдық сферасында саясатының негізгі бағыты ретінде қарау анағұрлым мақсатқа сай. Бұндай стратегия анық және жасырын болуы мүмкін.
Потенциалдық мүмкіндіктер
Әрбір бәсекелестің потенциалдық мүмкіндіктеріне баға беру бәсекелестікке талдаудың соңғы кезеңі болып табылады.