Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бм шпор дайын15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
271.87 Кб
Скачать

5. Банк қызметіндегі бәсекелестер туралы ақпарат жинау әдістері.

Бәсекелестерді талдау үшін олар туралы ақпаратты мүмкіндігінше көп көлемде жинау қажет. Қазіргі замандағы банктер бәсекелестерінің қызметі туралы ақпараттар жинау үшін келесідей әдістерді қолданады:

Өндірістік шпионаж. Бұл банктердегі коммерциялық құпия мәліметтерді заңды және заңсыз жолдармен қолға түсіруге бағытталған әдіс болып табылады. Олардың келесідей түрлері болуы мүмкін: банк қызметкерлерінен үлкен сыйақыға мәліметтерді сатып алу; бопмалау, қорқыту арқылы мәліметтерді алу; мәліметтерді әр түрлі жолдармен ұрлап алу; бәсекелес банктің қызметкерлерін жоғарғы жалақымен өзіне жұмысқа лау; банктің ақпараттық базасына заңсыз жолдармен ену. Банкте өндірістік шпионажды жүргізу әдістері мен формалары:

  • Жарияланған ақпараттарды жинау және талдау, оның ішінде мақалалар, бюллетендер, рефераттар.

  • Заң шеңберінен шықпайтын әрекеттер арқылы алынған немесе бәсекелес банктер қызметкерлерімен айтылған мәліметтерді пайдалану;

  • Бәсекелес банктің кеңес берушілерінде болатын қаржылық есептілік мен өзгеде қаржылық құжаттарды оқып талдау;

  • Бәсекелес банк қызметкерлерімен әңгіме құру барысында бәсекелес банктің тауарларын талдау;

  • Конференциларда, келіссөздерде және симпозиумдарда арнайы құрастырылған құйтырғы сұрақтар арқылы бәсекелес банктер персоналынан ақпаратты суырып алу;

  • Жасырын әдістер арқылы бақылау жүргізу;

  • Бәсекелес банк персоналын әдейі инновация және нау-хау ақпараттарын алу үшін жұмысқа алу;

  • Бәсекелес банктерде өткізілетін келіссөздерді тыңдау;

  • Жаңа банк өнімдері бойынша құжаттарды ұрлау;

Құпия сатып алушы немесе «Mystery Shopping» әдісі. Бұл әдіс бәсекелес банкке қарапайым клиент ретінде бару арқылы жүргізіледі. Мұнда белгілі бір өнімге тапсырыс беріліп, бүкіл процедураларын көріп болғаннан кейін, соңғы мезетте бас тартылады. Барлық процестер жазылып және тіркеліп отырады. Соңынан жиналған мәліметтер бойынша қорытынды талдау жасалынады. Бағалау мен бақылау объектілері ретінде персоналдардың келесідей қасиеттері болып табылады: сыпайылық, адалдық, сату техникасы, жұмыс стандарттарын сақтау, сыртқы бейнесі; ғимаратты бағалау мен сипаттауда: интерьер; тазалық; тәртіптілік; құжат толтыру ережелері, күзет қыметі; сонымен қатар клиентке қызмек көрсетуге кететін орташа уақыт, банк ережелері мен тәртіптерін түсінбеген кленттердің банкке қайта келуі, кезектердің ұзақтылығы мен пайда болу жиелігі.

Call – центрлер арқылы. Барлық банктерде тұтынушыларды қолдау мақсатында Call – центрлер құрылған. Олар арқылы банктің тұтынушылармен қызметінің сапасын байқауға, кей жағдайлар туралы сұрауға және жаңалықтар мен акциялық шаралар туралы ақпараталуға болады.

«Gallup Media Kazakhstan» агенттігі арқылы. Голуп медия маниторинг компаниясы Қазақстандағы газет журнал, телерадио және жарнама құралдарындағы бнктердің жариялаған жарнамалары туралы мәліметтері жиналады.

Ұлттық банк сайтындағы мәліметтер. Барлық коммерциялық банктер ұлттық банкке жоспарлы және жоспарсыз жағдайда өздері туралы ақпараттар беріп отырады. Сол ақпараттың үлкен бөлігі ұлттық банк сайтындажарияланады. Маркетингтік зерттеу үшін сол ақпараттарды пайдалануға болады.