
- •1.Бостон Консалтинг моделі.
- •2.Жеке сатулар, банк қызметіндегі коммуникациялардың негізгі түрі ретінде.
- •3.Қоғаммен байланыс, банк қызметіндегі коммуникациялық стратегияның негізгі элементі ретінде.
- •5. Банк қызметіндегі бәсекелестер туралы ақпарат жинау әдістері.
- •6. Банктегі маркетингтік аудитті қолдану әдістері мен бағыттары
- •7.Банктік қызметтер саласындағы бәсекелестерді талдау әдістемесі
- •8. Коммерциялық банктердегі баға құру саясаты
- •9. Банк қызметіндегі маркетингтік коммуникациялар түсінігі
- •10.Бөлшек рыноктың клиенттік базасын сегменттеудің принциптері және оларды талдау.
- •11.Shell/dpm моделі, банктің даму стратегиысын таңдау әдісі ретінде.
- •12.Брендинг, банктегі маркетингтік коммуникацияны құру негізі ретінде.
- •13. И.Ансоффтың «өнім-рынок» моделі, банктің табысты қызмет ету ықтималдығын анықтау әдісі ретінде
- •14. Банк қызметіндегі жарнама ерекшеліктері мен түрлері
- •15. Жиналған ақпаратты талдау, нәтижелерді ұсыну және басқару шешімдерін қабылдау
- •16.Банктік өнім саясатының мәні
- •17.Банктік қызметтер саласындағы өткізуді ынталандырудың мәні мен түрлері.
- •19. Банк қызметінің өмірлік цикл моделі
- •20. Радиодағы банктік жарнама ерекшеліктері.
- •21. Прессадағы банктік жарнам ерекшелігі
- •22.Банк қызметтерінің тұсаукесерін жүргізу тәртібі
- •23.Банк қызметтеріне баға құрудың негізгі әдістері мен кезеңдері
- •24.Банктегі баға құруды анықтайтын факторлар
- •25. Банктердегі тасымалдау логистикасының ерекшеліктері
- •26. М.Портердің бәсекелестік стратегиясының негізгі баламалары
- •27. Клиенттерге персоналды менеджерлердің типі бойынша қызмет көрсету технологиясы.
- •28. Банк қызметіндегі маркетингтік коммуникациялар түсінігі мен түрлері
- •29. Маркетингтік зерттеулер жүйесіндегі ақпартты жинау
- •30. Банктердегі реинжиниринг концепциясының ерекшеліктері
21. Прессадағы банктік жарнам ерекшелігі
Жарнама банктің қызметі жайлы ақпаратты тұтынушыларға жеткізу әдісі, яғни жарнама дегеніміз банктің белгілі бір өнімінің немесе қызметінің сапасы туралы клиенттерге ақпарат тарататын коммуникацияның бір түрі.
Газет-журналдардағы жарнама түрі кең тараған және жарнамаға жұмсалатын шығын көлемі бойынша тек тележарнамаға ғана жол береді. Газет-журналдардағы жарнамалардың шынайылық дәрежесі төмен, әрі бір тақырыптағы жарнамалардың саны көп. Сол себепті басылымдардағы жарнамалардың тиімділігі төмендейді.
Басылымдарға жарнама берудің келесідей ерекшеліктері бар:
Жарнаманың тақырыбы клиентті өзіне тартып тұруы тиіс және жаңа ақпарат беріп, жарнаманың негізін жеткізуі тиіс;
Тақырыптың ұзақ болуынан қорықпау қажет, тек тақырыптағы сөздердің барлығы негізгі идеяға қатысты болуы шарт;
Жарнамада қарапайым және жақсы әсер ететін сөздерді қолдану қажет, мысалы: тегін, жаңа т.б.
Жарнаманың сұлбасы қарапайым, әрі әсем болуы қажет;
Мазмұны қабылдауға жеңіл және ешқандай мақтаусыз тек дәлелдерге негізделуі қажет;
Мәтіннің ұзақтығынан қорықпау керек, себебі егер клиентке тақырып ұнаса, ол көбірек ақпарат алу мақсатында мәтіннің барлығын оқып шығады.
22.Банк қызметтерінің тұсаукесерін жүргізу тәртібі
Уақыт ағымына қарай тұтынушылардың талғамы мен сұранысы өзгереді. Өнім ұзақ уақыт бойы нарықта қалуы үшін банк қызметінің ассортиментін жаңалап, тұтынушы талаптарына сай олардың сапасын жақсартып отыруы қажет. Жаңа банк өнімі мен қызметіне жаңа принципті қажеттіліктерді қанағаттандыратын банктің қайта шығарған бұйымдары жатады.
Жаңа қызмет (өнім) – бұл өнімнің модификациясы, жаңалық енгізу және жаңартпасы.
Жаңғыртып, жетілдіру (модификация) – бұл өнімдер мен қызметтер сипаттамасының сапалық н-е физикалық өзгерісі. Өнімді жаңғыртып, жетілдіруге мынадай жағдайлар жатады:
Өнімнің (қызметтің) химиялық, физикалық және функционалдық сипаттамасының (материал түрі, тұтыну мерзімі, қауіпсіздігі, жайлылығы, әмбебаптығы) өзгеруі;
Өнімнің эстетикалық сипаттамасының (сыртқы түрі, дизайны, түсі, қорабы) өзгеруі;
Өнімді таңбалаудағы (тауар белгісінің, символының) өзгерістер.
Жаңа енгізулер – ол банкте бұрын өндірілмеген және сатылмаған өнім (қызмет).
Банктің жаңа қызметтері мен өнімдерін жасау кезеңдері:
1)Идеяларды іздеу;
2) Идеяларды таңдау;
3)Жаңа өнім (қызмет) концепциясын жасау және оны тестілеу;
4)Маркетинг стратегиясын жасау;
5)Экономикалық талдау;
6)Сынау маркетингі;
7)Коммерциялық өткізу.
23.Банк қызметтеріне баға құрудың негізгі әдістері мен кезеңдері
Банк қызметтеріне баға құру- көп кезеңнен тұратын күрделі процесс.Банк қызметтеріне баға құру кезеңдері:
баға қою мен бағаны өзгертудіңбаға қою мен бағаны өзгертудің мақсатын анықтау;
Қойылған жаңа бағаға байланысты өнімге сұранысты бағалау;
Өнімнің шығындарының құрылымын талдау;
Бәсекелестердің соған ұқсас өнімдерінің бағасын зерттеу;
Сол өнімге баға құрудың әдісін таңдау;
Баға құруға әсер ететін факторларды ескеру;
Түпкі бағаны орнату.
Енді кезеңдердің әрқайсысына анықтама беріп өтсек:
1кезең: баға қою мен бағаны өзгертудіңбаға қою мен бағаны өзгертудің мақсатын анықтау – нарықтық экономикада баға құру мақсаттарының 4 түрі қарастырылады: 1)Максималды табыс табу; 2)Нарықта қалуды қамтамасыз ету; 3)Нарық үлесін жаулап алу; 4)Қызмет пен банк өнімі сапасы жағынан жетекші орынды алу.
2кезең: Қойылған жаңа бағаға байланысты өнімге сұранысты бағалау - нарық экономикасы заңдарына сәйкес баға мен сұраныс кері байланыста болады, яғни бағаның көтерілуі сұраныстың төмендеуіне алып келеді.
3кезең: Өнімнің шығындарының құрылымын талдау – банк сферасында шығындарды анықтау өте қиын, әсіресе нақты қызмет түрлеріне.Сондықтан баға бәсекелестер бағасына қарап емес, сол шығындардың мөлшерін ескере отырып қойылады.
4кезең: Бәсекелестердің соған ұқсас өнімдерінің бағасын зерттеу – банктер көбіне бәсекелестердің келесі критерийлеріне баса назар аударады:
1)Қызмет көрсету жылдамдығы; 2) Сапасы; 3) дәлдігі; 4) клиент қажеттілігін қанағаттандыруы; 5) банк өнімінің керемет артықшылығы; 6) қосымша қызметтердің болуы және т.б.
5кезең: Сол өнімге баға құрудың әдісін таңдау – баға құру әдістері:1) «орташа шығын+ пайда» әдісі; 2) Зиянсыздық талдауы мен мақсатты пайдамен қамтылуы сонымен қатар шығындарға негізделген баға белгілеу; 3) өнімнің сапасын сезінуге байланысты баға белгілеу; 4) Ағымдаға нарық мөлшерлемесі қарай баға белгілеу; 5) клиенттермен қарым-қатынасқа негізделген баға белгілеу; 6) нарыққа ену мақсатында баға белгілеу; 7)Қозғалмалы баға белгілеу.
6кезең: Баға құруға әсер ететін факторларды ескеру – ондай факторлар қатарына келесілерді жатқызуға болады: 1) банк имиджі; 2) география; 3) нарықтық басқа субъектілер әсері; 4) бағалық жеңілдіктер; 5) бағалық дискриминация; 6) орынға байланысты дискриминация.
7кезең: Түпкі бағаны орнату – барлық баға құру мотивтерін ескере отырып банк қызметтеріне түпкілікті баға белгіленеді.