Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап дайын фил.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107.11 Кб
Скачать

13)А. Августин мен ф. Аквинскийдің діни философиясы.

Рим шiркеуi əулие Августиндi сенiм мен ақылдың үйлесiмдiлiгi тұрғысынан христиандық дiни iлiмдi негiздеудегi орасан зор сiңiрген еңбегi үшiн “əкей” ретiнде мойындаса, көптеген батыстық зерттеушiлер оны “батыстық ортағасырлық мəдениеттiң ұлы құрылысшысы” деп атайды. Аврелий Августин өзiнiң “Құдай қаласы туралы” еңбегiнде атақты формуласын – “credo ut untelliyam, intellido ut credam” (ұғыну үшiн сенемiн, сену үшiн ұғынамын) формуласын негiздейдi. Бұл ақыл мен сенiмнiң өзара бiрiн-бiрi толықтыру принципi V-XV ғасырлар аралығын қамтитын Батыс Европаның бүкiл ортағасырлық философиялық ойының ең негiзгi дүниетанымдық кредосына айналды. Егер Аврелий Августин Рим шiркеуiнiң “əкейi” болса, онда Боэций (480-526) М.Грабманның берген дəл сипаттамасы бойынша “соңғы римдiк жəне бiрiншi схоласт” болып табылады жəне сонымен қатар ортағасырлықтың негiзiн қалаушы ретiнде де

(Э.Рэнд) орынды саналады. Боэций антикалық дəуiрдiң рухани-философиялық мұрасын ортағасырлық мəдениетпен байланыстырушы, антикалық интелектуалдық-философиялық дəстүрдiң ортағасырлық руханиятпен сабақтастығын жүзеге асырушы ұлы транслятор болып табылады. Боэций аристотельдiк iлiмнiң ұғымдық аппаратын рухани трансляция жасап қана қоймай, ортағасырлық философиялық ойлау мəдениетiне теологиялық проблематиканың негiзгi қаңқасын да енгiздi: универсалийлер мəселесi, тринитарни (Құдiреттi Құдай, оның Ұлы жəне Қасиеттi Рух арақатынастары), субстанция мəселесi жəне акциденция. Боэцийдiң айтуынша субстанция – бұл барлық атрибуттар мен акциденцияларды айқындайтын барлық мəндiлiктердiң негiзi. Егер субстанция – бұл заттардың жалпы негiзi болса, универсалийлер – бұл жалпы атаудың мəнi. Олар ақыл-оймен абстракциялаудың нəтижесi болғанымен, əлемде бар жəне нақты өмiр сүретiндердi бейнелейдi.

Ф.Аквинский (1225-1274) өзiне дейiнгi ойшылдардың универсалийлер туралы барлық идеяларын жүйелей отырып ортағасырлық схоластикалық ойлауда өзiнiң радикалды қадамымен ерекшелендi. Бұл қайта пайымдаудың мəнi табиғатты, адамды, оның Құдайға қатынасын зерттеуге негiзделдi. “Тəн туралы ой жан туралы ойға, жан туралы ой жекелеген субстанция жайлы ойға, ал бұл ой құдай туралы ойға жетелейдi” –деген Ф.Аквинскийдiң кредосы аристотелизмдi христиандық тұрғыда қайта пайымдаумен сипатталатын схоластикалық философия дамуындағы жаңа кезеңдi бiлдiредi. Ол сондай-ақ креационизм идеясын да ұсынады. Ф.Аквинскийдiң iлiмi – христиандық дiни iлiм мен перипатетизм философиясының, христиандық теология мен пайда болып келе жатқан жаратылыстанымның арасындағы ымыраға келушiлiк.

14)Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер, философия. Ислам философиясының ерекшеліктері.

Негiзiнен ислам мәдениетi ортасындағы мұсылман елдерiндегi философтар қалыптастырған, басты туындылары VIII-XIIІ ғасырларда дүниеге келген терең философиялық ойлар жүйесiн «ислам философиясы» деп атаймыз. Ислам философиясы тiркесiндегi «ислам» сөзi дiннен гөрi философтың мәдени ортасын түсiндiру мақсатымен қолданылады. Өйткенi, ислам философиялық жүйенiң емес, дiннiң аты. Мұсылман елдерiнде ХIХ-ғасырға дейiн философияның орнына көбiнесе «хикмет» (даналық) және кейінірек грекшеден енген «фәлсәфә» сөздерi қолданылған. ХIХ-ғасырдан бастап, еуропалық шығыстанушылар «ислам философиясы» терминiн ғылыми айналымға енгiзген. Алайда, кейбiр зерттеушiлер бұдан басқа «араб философиясы», «мұсылман философиясы» және «исламдағы философия» атауларын қолдануда. Ислам философиясы туындыларының басым көпшiлiгi араб тiлiнде жазылғандығына қарап, мұны араб философиясы деп атау дұрыс болмайды. Өйткенi, Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби (870-950), Әбу Райхан Мұхаммед Ахмедұлы әл-Бирұни (973-1048), Әбу Әли әл-Хұсейн Абдұллаһұлы Синаұлы (Ибн Сина, 980-1037), Жалаладдин әл-Руми (1207-1273) қатарлы көптеген хакiмдер мен ойшылдар араб емес. Сондықтан, ислам дiнiне сенетiн философтардың философиялық ой-сана жүйесiн «мұсылман философиясы» деп атаған дұрысырақ сияқты.Мұсылман философтардың басты бұлақтары Құран Кәрим және Әз Мұхаммедтiң (с.а.у.) хадистерi. Абдұлуәлид Мұхаммед Рұшдұлы (Ибн Рұшд, 1126-1198) «Китабұ Фасл-ил Мақал» атты еңбегiнде Құран аяттарын мысал ете отырып, мұсылмандардың философиямен шұғылдануының аса маңызды фарыз екенiн айтқан. Ал, Әбу Әли Ахмед Мұхаммедұлы Мискауайхұлы (Ибн Мискауайх, уаф. 1030) «Китаб-ұл Фәуз-ұл Асқар» атты еңбегiнде рухтың өлiмнен кейiнгi болмысын Құран Кәримдегi аяттардан илһам алып (инспирация – М.Б.) түсiндiредi. Т. Де Боер (T.J. De Boer, 1859-1927) және Леон Готье (Leon Gauthier, 1862-1949) қатарлы шығыстанушылар мұсылман философтар дiни бұлақтарды пайдаланған жоқ десе, Анри Корбэн (Henry Corbin, 1903-1978) секiлдi көптеген шығыстанушылар мен философтардың пiкiрiнше мұсылман философтар еңбектерiнде аяттар мен хадистердi, діни мәтіндерді басшылыққа алған.Ислам философиясы қалыптасу кезеңiнде мынандай философиялардың әсерiне ұшыраған: 1-Антикалық грек және эллинистiк философия 2-Иран-Сасани философиясы 3-Үндi философиясы. Бұлардан соңғы екеуiнiң ықпалы аздау. Осы тұрғыдан алғанда ислам философиясы көне дәуiр грек философиясы мен бүгiнгi Батыс философиясын дәнекерлеушi көпiр iспеттi.

15Философияның негізгі атқаратын қызметтері мен қазіргі замандағы рөлі.

Философияның атқаратын функциялары: дүниеге көзқарастық ф философия дүниеге көзқарастың теориялық негізі қызметін атқарады,яғни адамға дүниенің тұтас,ауқымды екендігін бейнелеп көрсетеді. Гуманистік дүниені адам және оның мақсаттары арқылы қарастырады,оның құндылығын,бостандығын,құқығын негіздеп береді. Аксеологиялық адам мен дүниеге баға береді,рухани құндылықтың(ақиқат,қайырымдылық,әдемілік) маңыздылығын негіздеп береді. Жалпы мәдени адамдарды әлемдік,интеллектуалдық мәдениеттің жетістіктерімен таныстырады. Адамның мәдениеті мен білімінің көрсеткіші болып табылады. Метедологиялық ф шындықты практикалық және теориялық игерудің жалпы принциптері мен тәсілдерін жасайды. Болжамдық әлеуметтік өзгерістер мен ғылыми білімнің даму тенденцияларын алдын ала болжап береді. Интегралдық бүкіл ғылымдардан алынған мәліметтерді жинақтап,жүйеге келтіреді(ғылымның ғылыми ролін атқарады). Сыни ф ескірген көзқарастарды,нормаларды,ілімдерді сынға алып,еркін,догмалық емес ойлауды қалыптастырады. Негізгілері: дүниеге көзқарас және метедологиялық. Қалғандары жанама және толықтырушы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]