Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап дайын фил.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107.11 Кб
Скачать

10)Аристотель философиясы: “материя” және “форма” түсінігі, мән жайлы ілімі

Аристотель (б.з.д. 384 –322 жж) Стагирда туған, Платонның шәкiртi, кейiннен оның идея туралы теориясын сыни тұрғыдан қайта пайымдаған. Оның қарсылығы мынада: идеялар ақылдан тыс тәуелсiз өмiр сүре алмайды. Аристотель өткен философия тарихының дамуын жинақтап, философиялық бiлiмдi жүйеледi. Аристотельдiң философияға кiргiзген жаңалықтары: дұрыс ойлаудың заңдары мен түрлерi туралы формалды логиканы жасауы. Аристотель антикалық философ-ойшылдарының iшiнде алғашқы болып философиялық бiлiмдi нақты ғылымнан бөлдi. Болмыс мәселесiн шешуде Аристотель мынадай бастамалық себеп туралы iлiмдi жасады: а) форма - заттың мәнi, оның құрылымы және түсiнiгiмен байланысты; ә) материя-барлық заттарды құрайтын форма (мәндiлiк, бастапқы, белсендi, субстанция) және мәңгi, бiрақ әрекетсiз материя ( тек зат болуға мүмкiндiгi бар субстарт,), бұл материализмге жақындататын дуалистiк оқуға ұқсас; Заттың мәні ол- форма. Формасыз материя жүзеге аспайды. Материя субстрат тек қана мүмкіндік күйінде қалады. Материя белгілі бір формаға ие болады. Бұл процесс мүмкіндіктің жүзеге асуы, оның шындыққа айналуы. Аристотель өз жүйесін қалыптастыру процесінде бір-бірінен алшақ кетіп, өзара жатсынған материя мен форманың бірлігін былайша анықтамақшы болды. Оның ойынша, материя - енжар, ал форма- белсенді болып келеді. Сондықтан материя, субстрат өзінің табиғи енжарлығына байланысты ешбір қимылмен іске қатыспайды. Ал форма болса тым белсенді. Ол материяның түрін, негізін өзгертіп, оның басқа формаға ауысуына мүмкіндік жасайды. Олай болса, егер форма, оның белсенділігі болмаса материяның ешбір маңызы жоқ болып шығады.

11) Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары идеялары(Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,т.Б.)

Антик заманының философиясы біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырлар аралығында Кіші Азияның батыс жағалауындағы гректер салған қалаларда өмірге келді. Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала – Милетте туды. Б.э. дейінгі VII ғасырдың аяғынан VI ғасырдың аяғына дейін мұнда үш ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандр, Анаксимен өмір сүрді. Фалес (625-547 жж. шамасы) дүниедегінің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікірді ұсынды. Су, оның ойынша, барлық заттардың табиғи негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады. Суды дүниедегі барлық нәрселердің «алғашқы мәні», «бастамасы» деп қарастыру, қазіргі біздің түсінігіміз тұрғысынан алғанда, тұрпайы, аса қарапайым болғанымен, бірақ тарихи тұрғыдан алғанда Фалестің бұл ойын революциялық идея деуге болады, өйткені «бәрі пайда болады» деген пікір бұған дейін үстем болып келген «олимпиялық құдайларды жоққа шығару», яғни, сайып келгенде, мифологиялық ойлаудың терістігін көрсету, сүйтіп дүниені табиғи тұрғыдан түсіндіру болып табылады. Фалестің шәкірті Анаксимандр (б.э. дейінгі 610-547 жж. шамасы) өзінің көп жылдық ізденістерінің нәтижесін «Табиғат туралы» шығармасында баяндап берді. Фалес сияқты, Анаксимандр да философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шешт, дүниенің алғашқы негіз бастамасы «апейрон» деген айқынсыз, бейнесіз бір зат (апейрон – шексіз деген ұғымды білдіреді) деп санады. Бұл пікір материаны қазіргіше түсінуге жақын. Ертедегі гректің тағы бір материалисі Анаксимен (б.э. д. 585-525 жж. шамасы) дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы бір тұтас материалдық негізгі ауа деп санай отырып, өзінен бұрынғылардың материалистік көзқарасын ілгері дамытты. Дүниенің бастапқы негізі ауа болатын себебі, деді Анаксимен, ауа тән қасиет – сұйылу мен қоюланудың арқасында барлық заттар пайда болды. Ауа, Анаксименнің түсінігінше, сондай-ақ тіршілік пен психикалық құбылыстардың да көзі, бастамасы болып табылады.

12.) Ортағасырлық христиан философиясының негізгі кезеңдері: патристика және схоластика.

Схоластика ортағасырлық теологиялық философияның үстем типі,ерекше белгісі шын дүниеден оқшаулық,тұйықтық,консерватизм,шектен тыс догматизм,толықтай және сөзсіз діни идеяларға бағыну,ғибраттылық,ұстаздық ету.Схоластика деген атау латынның Schola мектеп деген сөзінен шыққан.Оның себебі философияның бұл типі бірнеше ғасырлар бойы Европаның мектептері мен университеттерінде жүргізілген.Схоластар білімді екі түрге бөлді.

табиғаттан тыс білім яғни құдайдың өзіндегі білімтабиғи білім адамның ақыл ойымен келетін білім.Екі бағыт: Реализм теологиялық философияның бағыты.Оны жақтаушылар нақты өмір сүретін заттар емес,олардың жалпы ұғымы универсалийлер дейді.Көрнекті өкілдері Ансельм Кентерберийский,Шамподан шыққан Гильом. Номинализм теологиялық философияның бағыты.Оны жақтаушылар нақты өмір сүретін заттар, ал жалпы ұғымдар олардың атауы ғана дейді.Номиналистер бойынша универсалийлер затқа дейін емес,заттардан кейін өмір сүреді, ал заттар сезімдік тәжірибе арқылы танылып білінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]