Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап дайын фил.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107.11 Кб
Скачать

8)Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы).

Филослфиялық атропология термині шетелдік философияда қалыптасқан. Бұл адам туралы ілім немесе адам философиясы.Ежелгі Шығыс философиясы: адам туралы алғашқы түсінік философиядан бұрын пайда болу тарихының алғашқы кезеңдегі адамдарға өзіндік сананың мифологиялық және діни формаларына тән. Ертегілерде, аңыздарда, мифологияда табиғат ұғымы, адам мәні, болмысы, орны туралы айтылады. Адамдарды философиялық тұрғыдан түсіну идеялар, образдар, ұғымдар негізінде беріледі. Ең жаңадан қалыптасып келе жатқан философия мен мифологияның сұхбаты арқылы беріледі. Осылайша ежелгі шығыс елдерінде адамдар туралы алғашқы түсінік пайда болды. Осы философиялық дәстүр адамның ішкі дүниесінің жетілдіруге бағытталған қоғамдық өмірді жаңарту, тәртіп сақтау, индивидті өзгерту, қоғамға бейімдеу.Ежелгі Греция Батыс Еуропалық философиясының, оның ішінде антропологиялық философиясының бастауы болып есептелінеді. Ежелгі Греция философиясы адамдар өздеріне өмір сүрмейді, ол белгілі бір қатар жүйесінде, космос ретінде өмір сүреді деп түсіндіреді. Адам космосының бір бөлігі: микрокосм, макрокосм, тірі организмдер деп түсіндіреді.Софистер және Протогар адам барлық заттардың өлшемі деген қалдырды.

Сократ адамның ішкі дүниесіне, жанына, ізгілігіне көңіл аударды. «Ізгілік-дегеніміз білім» этикалық рационализм принципін жасады. Адамды парасаттылыққа, өзін-өзі танып білуге шақырды. Демократ адам туралы ілімде материалистік мониз ілімі. Адам-табиғаттың бір бөлшегі, ол атомдардан тұрады. Өмір мақстаы бақыт. Бақыт-қуанышты жақсы рух. Аристотель: адамды қоғамдық, мемлекеттік, саяси тіршілік иесі ретінде қарастырды. Адамның әлеуметтік табиғаты, оны жануарлардан, өзге жетілмеген тіршілік иесінен, «жоғары күш иесінен» жоғарлата алады. Адамның ерекше белгісі ақыл. «Медицина-адам тәнін емдейді, ал философия-жанын емдейді.»Сократтың ойынша ,таным мен философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Адам өзін-өзі,өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек. Сократтың ұраны «Өзіңді-өзің танып біл». Өзіндік танымға апаратын жол ақыл-ой. Ақылдың көмегімен ғана өзіңді парасатты тіршілік иесі екеніңді сезініп, адам бола аласың.Оның екінші қағидасы: «менің білетінім- менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді». Адам өзіне-өзі сырттай үңілген сайын, өзін-өзі тануға ұмтылған сайын, сайып келгенде, өзінің ештеңе білмейтіндігін анықтайды. Ақиқат деген бар, оны іздеудің бірден-бір жолы пікірталас. Пікірталас кезінде ақиқат туындайды. Оны дұрыс қабылдай білу керек. Сократ мұны «Майевтика» деп атады. Философияның маңызды элементі күмән келтіру. Ешқашанда мұнау дұрыс екен деп, сеніп қалуға болмайды. Көптеген дұрыс деген пікірлердің жалған болып шығуы мүмкін.

9.Платон философиясы: “идея” теориясы, мемлекет жайлы ілімі

Платон (б.з.д. 428-347 жж). Объективтiк идеализмнiң негiзiн қалаушы, әрi Сократтың шәкiртi. Объективтiк идеализм бойынша болмыстың мазмұнын идеялар, рухани мәндер жасайды. Заттар мәңгi өмiр сүрмейдi, сағым сияқты жоғалып кетедi. Олар тек мәңгi өмiр сүретiн және өзгермейтiн ұғымдардың көлеңкесi ғана. Платон өзiнiң көптеген iзбасарлары секiлдi болмыс пен биболмыс мәселесiн шешуге ұмтылады. Ол бойынша болмыс – бұл идеялар (эйдостар), ал биболмыс – материя. Болмыс – эйдос: идеалдық санадағы объект, таза мән, ол материалдық заттарға қатысты төрт қызмет атқарады: заттарға себеп, үлгi, түсiнiк және мақсат болады. Идея мәңгi, тұрақты, өзгермейтiн бiрлiкте және т.б. Бұл Парменидтiң болмысқа берген сипаттамаларына сәйкес, ол - әлемнiң негiзгi бiр абсолютi.Платон диалектик ретiнде ешқандай абсолют, қарама-қарсылықсыз толық болмайтынын бiледi. Сондықтан болмыс биболмыспен толтырылуы керек, яғни әлемдегi құбылмалық, өлiм, жалғыздық және ерiксiздiкпен толықтырылады. Платонның “Тимей” диалогында ғарыш теориясы дамиды. Ғарышты Демиург жасайды. Физикалық әлем немесе сезiммен қабылданатын ғарыш әлемi мынандай кестеде берiледi: үлгi (идеялар әлем), көшiрме (физикалық әлем) және Жаратушы (Демиург) – үлгiге сәйкес көшiрменiң авторы. Платонның ойынша нағыз шын бiлiм сезiмнен тыс мәңгiлiк идеялар әлемi туралы бiлiм болып табылады. Оны табудың жолы - адамның мәңгiлiк жанының өлетiн денеге кiрмей тұрғандағы идеялар дүниесiндегi «Өмiрiн еске түсiруi».Платон әлеуметтiк философия саласында мiнсiз мемлекет iлiмiмен белгiлi. Бұл мемлекетте азаматтарды үшке бөледi: билеушi философтар, жауынгер әскерлер және қолөнершiлер. Мемлекеттiң негiзiнде - әдiлдiк жатыр. Негiзгi еңбектерi: “Мемлекет”, “Теэтет”, “Федон”, «Протогор», «Пир», «Софист» т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]