
- •1) Дүниетанымның және оның түрлері (мифологиялық, діни, ғылыми, көркем, философиялық, күнделікті-қарапайым дүниетаным).
- •3.Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері. Һәм олардың
- •8)Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы).
- •9.Платон философиясы: “идея” теориясы, мемлекет жайлы ілімі
- •10)Аристотель философиясы: “материя” және “форма” түсінігі, мән жайлы ілімі
- •11) Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары идеялары(Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,т.Б.)
- •13)А. Августин мен ф. Аквинскийдің діни философиясы.
- •14)Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер, философия. Ислам философиясының ерекшеліктері.
- •16) Ислам философиясы: Әл- Кинди, Әл- Фараби, Ибн Рушд, Ибн Сина және т. Б.
- •17) Ислам философиясының даму ерекшеліктері
- •18) Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм.
- •19) Ф. Бэкон ғылымның мақсаты мен міндеттері және философияның пәні туралы, «идолдар» туралы ілімі, индукция әдісі.
- •20) “Неміс классикалық философиясы” дегеніміз не? Философияның статусының өзгеруі: метафизикадан гносеологияға қадам басу. И. Кант философиясы
- •21) Шеллингтің натурфилософиясы
- •22) Г.В.Ф. Гегельдің философиясындағы әдіс және жүйе. Гегельдің Абсолют идеясы жайлы ілім. Диалектиканың негізгі ілімдері
- •23) Л. Фейербахтың антропологиялық философиясы
- •24) Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.
- •25) Түркі ойшылдарының философиясы: Әл- Фараби, м: Қашқари, ж. Баласағұн, а. Иүгенеки.
- •26) Қорқыт Атаның рухани ілімі.
- •27) Сопылықтың түркілік бұтағы: қ. А. Иасауидің хал ілімі.
- •28 Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
- •30)Жаңа заман философиясы: р. Декарттың «күмәндану принципі»
- •31) Хiх ғасырдағы қазақ философиясының жаңашылдық сипаты: ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбайұлы.
- •32) Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы.
- •33)Хх ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы.
- •35) Хіх ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық (п.Я. Чаадаев, а.И. Герцен, и.В. Кирееевский, а.С. Хомяков).
- •36) Марксизм философиясы
- •37)Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы.
- •38) Гуссерльдің феноменологиясы
- •40) Экзистенциализм: пайда болу себептері, көрнекті өкілдері, негізгі категориялары. Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері.
- •41) Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт
- •42) Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде
- •43) Таным және оның түрлері.
- •44) Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.
- •45) Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу).
- •46) Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, концептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат
- •47) Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары
- •48) Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер
- •49) Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
- •50) Адам философиясы: өмірдің мәні.
- •51) Қоғамдық сананың түрлері. Мораль және адамшылық. Эстетикалық сана. Саяси және құқықтық сана. Діни сана. Ғылым қоғамдық сананың бір формасы ретінде.
- •52) Қоғамды философиялық талдаудың негіздері.
- •55) Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •57) Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері
- •59) Философиядағы адам мәселесі
- •60) Ақпараттық қоғам мәселелері. Шындықтың виртуалдануы
59) Философиядағы адам мәселесі
Адам проблемасы философиямен құрдас. Ертедегі шығыс ойшылдарының көбі өздерінің философия жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей адам проблемеларын алған. Философия тарихында адам мәселесіне берілген анықтамалар көп. Аристотель бойынша адам қоғамдық хайуан. Басқа хайуандардан адамның айырмашылығы ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Философиялық антропологияның материалистік концепциясын ұсынған Фейербахтың айтуынша, жеке дара жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін емес. «Менің» болуымның міндетті шарты- «Сенің» болуың, басқалардың болуы. Экзистенциализм «өмір философиясындағыдай» жалпы өмір мәселелсін қарастырмай, бар күштерін адамның жеке өмірін- «экзистенция» «адамның өмір сүруі» сияқты мәселелер тұрғысынан қарастыруға жұмсайды. өмір сүру дегеніміз-адамдардың біріккен болмысы. Шынайы өмір сүру дегеніміз күнделікті өмірмен тығыз байланысты,өз басының сезімі мен тілегінің, қамы мен мұқтаждығының жиынтығы негізінде іс әрекет етуі. Адам тіршілігінің негізгі қағидасы- «дүниенің қасында болу».
Тiкелей антропологиялық проблематикаға өту софистердiң сыншыл жəне ағартушылық əрекетiмен жəне философиялық этиканың негiзiн қалаған Сократтың əрекетiмен байланысты болды. Сократ үшiн негiзгi мəселе адамның iшкi əлемi, оның жаны мен қасиеттерi болып табылады. Ол "жақсылық - бiлiм" деп тұжырымдай отырып, алғаш рет этикалық рационализм принципiн негiздейдi. Сондықтан да қайырымдылық пен əдiлеттiлiктi таныған адам жаман жəне əдiлетсiз қылық жасамайды. Адамның мiндетi ақиқатты тану негiзiнде үнемi адамгершiлiк парасаттылыққа ұмтылуда. Жəне бұл ең алдымен өзiңдi өзiң тануға, өз адамгершiлiгiнiң мəнiн ұғынуға бағытталады.
Демокрит - адам туралы iлiмдегi материалистiк монизмнiң өкiлi. Демокрит бойынша, адам - табиғаттың бөлiгi, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Тəннiң өлуiмен бiрге жан да жойылады. Оның айтуынша өмiрдiң мақсаты -бақыт, бiрақ ол тəннiң лəззат алуы мен өзiмшiлдiк емес. Бақыт бұл ең алдымен рухтың қуанышты жəне жақсы көңiл-күйде болуы. Оның маңызды алғышарты - ақыл-ой. Демокритпен салыстырғанда Платон жан мен тəн антропологиялық дуализмi позициясын ұстанады. Бiрақ жан ғана адамды адам ететiн субстанция болып табылады, ал тəн оған қарсы материя ретiнде қарастырылады. Сондықтан да адамның жалпы сипаттамасы, оның мақсаты жəне əлеуметтiк статусы жанның сапасына бағынышты. Адам жаны үнемi идеялардың трансценденттi əлемiне тартылады, ол мəңгi, ал денеге өлiм тəн. Платон бойынша, адам өмiрiнiң мəңгi трагизмi жанның тұтастығында жəне жан мен тəннiң қарама-қарсылығында.
Аристотельдiң концепциясында адам қоғамдық, мемлекеттiк, саяси деп қарастырылады. Жəне адамның бұл əлеуметтiк табиғаты оны жануарлардан да, "адамгершiлiк тұрғыда жетiлмегендерден" де, "жоғары адамнан" да ерекшелендiредi. Сондықтан да ол былай деп жазады: "егер кiмде-кiм өзiне-өзiн жеткiлiктi санап, ешқандай қарым-қатынасқа түсуге қабiлеттi болмай, оған деген қажеттiлiктi де сезiнбесе, онда ол мемлекеттiң элементiн құрамайтын не жануар, не құдай болғаны". Адамның тағы бiр ерекше белгiсi - оның ақылдылығы, "адам - бұл ең алдымен ақыл-ой". Сонымен, Аристотельдiң пiкiрiнше, адам - бұл ақылға ие қоғамдық жануар. Əлеуметтiк пен ақылдылық - оны жануардан айрықшаландыратын екi негiзгi сипаттамасы. Аристотель адамның əрекеттiк мəнi туралы жағдайды қалыптастыруға өте жақын келедi. Оның ойынша адамның игiлiктi iсi əрекеттен көрiнедi жəне онда тұлғаның өзiн көрсетуiнiң жалғыз мүмкiндiгi берiлген. Қоғам мен тұлғаның арақатынасында Аристотель индивидтен горi əлеуметтiк тұтастықтың басымдылығын мойындайды. Алайда ол жеке меншiктi жақтай отырып экономикалық индивидуализмдi қолдайды жəне ең алдымен "өзiңдi-өзiң көбiрек сүю керек" дей отырып этикалық индивидуализмдi жақтайды. Бұл жерде бiз ақылды эгоизм концепциясымен кездесемiз.