
- •1) Дүниетанымның және оның түрлері (мифологиялық, діни, ғылыми, көркем, философиялық, күнделікті-қарапайым дүниетаным).
- •3.Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері. Һәм олардың
- •8)Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы).
- •9.Платон философиясы: “идея” теориясы, мемлекет жайлы ілімі
- •10)Аристотель философиясы: “материя” және “форма” түсінігі, мән жайлы ілімі
- •11) Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары идеялары(Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,т.Б.)
- •13)А. Августин мен ф. Аквинскийдің діни философиясы.
- •14)Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер, философия. Ислам философиясының ерекшеліктері.
- •16) Ислам философиясы: Әл- Кинди, Әл- Фараби, Ибн Рушд, Ибн Сина және т. Б.
- •17) Ислам философиясының даму ерекшеліктері
- •18) Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм.
- •19) Ф. Бэкон ғылымның мақсаты мен міндеттері және философияның пәні туралы, «идолдар» туралы ілімі, индукция әдісі.
- •20) “Неміс классикалық философиясы” дегеніміз не? Философияның статусының өзгеруі: метафизикадан гносеологияға қадам басу. И. Кант философиясы
- •21) Шеллингтің натурфилософиясы
- •22) Г.В.Ф. Гегельдің философиясындағы әдіс және жүйе. Гегельдің Абсолют идеясы жайлы ілім. Диалектиканың негізгі ілімдері
- •23) Л. Фейербахтың антропологиялық философиясы
- •24) Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.
- •25) Түркі ойшылдарының философиясы: Әл- Фараби, м: Қашқари, ж. Баласағұн, а. Иүгенеки.
- •26) Қорқыт Атаның рухани ілімі.
- •27) Сопылықтың түркілік бұтағы: қ. А. Иасауидің хал ілімі.
- •28 Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
- •30)Жаңа заман философиясы: р. Декарттың «күмәндану принципі»
- •31) Хiх ғасырдағы қазақ философиясының жаңашылдық сипаты: ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбайұлы.
- •32) Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы.
- •33)Хх ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы.
- •35) Хіх ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық (п.Я. Чаадаев, а.И. Герцен, и.В. Кирееевский, а.С. Хомяков).
- •36) Марксизм философиясы
- •37)Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы.
- •38) Гуссерльдің феноменологиясы
- •40) Экзистенциализм: пайда болу себептері, көрнекті өкілдері, негізгі категориялары. Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері.
- •41) Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт
- •42) Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде
- •43) Таным және оның түрлері.
- •44) Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.
- •45) Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу).
- •46) Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, концептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат
- •47) Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары
- •48) Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер
- •49) Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
- •50) Адам философиясы: өмірдің мәні.
- •51) Қоғамдық сананың түрлері. Мораль және адамшылық. Эстетикалық сана. Саяси және құқықтық сана. Діни сана. Ғылым қоғамдық сананың бір формасы ретінде.
- •52) Қоғамды философиялық талдаудың негіздері.
- •55) Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •57) Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері
- •59) Философиядағы адам мәселесі
- •60) Ақпараттық қоғам мәселелері. Шындықтың виртуалдануы
52) Қоғамды философиялық талдаудың негіздері.
Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой – пікірлер, идеялар мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде – ақ қалыптаса бастаған. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болады, ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде қоғамды құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеб, қарым – қатынастар заңдылықтары бар ма деген және басқа да көптеген сұрақтар, ой – пікірлермен идеялар туады.
Қоғамдық құбылыстарды процестерді, тарихты танып білуге, өзгертуде философия тарихында материализммен идиолизмнің арасында ұдайы қарама – қарсы күрес болып келді.
Қоғамның ілгерлеп дамуы, таптардың пайда болуы, ой еңбегімен дене еңбегінің бөлінуі, еңбекші бұқараны қанаудың күшейюі қоғам туралы ой пікірлерді, идеяларды одан әрі дамыта, тереңдете түсті. Қоғамдық өмірге, оның дамуына байланысты көз қараста бұрын идеолизм үстемдік етіп келді. Оның үш түрлі себебтері бар тарихты ғылыми тұрғыдан түсіндіру белгілі бір нақтылы объективтік жағдайлар талабына байланысты туындаған соның рухани нәтежесі еді. Ол қоғамның, философияның, ғылымның жаңа практикалық талабына сәйкес өмірге ойдың жетістіктеріне сүйену арқылы, соның жалғасы ретінде және ғылым, практика жаңалықтарына сүйене отырып, солардың талабына сай қалыптаса бастады.
Тарихты объективтік тұрғыдан түсіну өзінен бұрынғы алдыңғы қатарлы қоғамдық ойдың жәй жалғасы емес, қоғам тану тарихындағы мүлдем жаңа сапалы кезең. Тарихқа объективтік көз қарастың қалыптасуы табиғатты да, қоғамды да қамтитын біртұтас ғылыми – философиялық дүниетанымдық негіз болды.
Қоғамды ғылыми принциптер негізінде зерттеу нәтижесінде оның даму заңдылықтарын ашу барысында әлеуметтік тану саясаттану ілімдері дүниеге келді. Ол ғылымдар адамзат тарихин түсіндірудің кілтің, көзін қоғамның материалдық – экономикалық қатынастар жүйесінен шығарып, оны жан – жатқы терең талап дәлелдеді.
Қоғам заңдары бадырайып көрініп тұрмайды,оларды тікелей байқау, көру, бақылау арқылы қабылдау өте қиын. Осы себебті қоғам заңдарын терең танып – білу арқылы пайдалану онай емес, ол көп күш жұмсап,зерттеуді керек етеді. Олар абстрактілі ойлау арқылы белгілі болады.
Қоғамды ғылыми тұрғыдан түсінудің басты өзгешелігі – ол алуан түрлі қоғамды қатынастардың байланыстардың ішінен ең бастысын – материалдық - өндірістік қатынастарды бөліп алады.
Қоғамдық болмыс – адам өмірінің, оның іс - әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш – қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлемметтік практиканың нәтижесі.
53) Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптері. Социогенез ұғымы.
Əлеуметтiк философия тек əлеуметтiк жəне индивидуалданған адам болмысының мəселелерiмен айналысады. Алайда оның бұл мəселелердiң бүкiл комплексiне қатынасы бар екенi де белгiлi. "Əлеуметтiк жəне индивидуалды болмысқа" тарих та, мəдениет те, жеке адам болмысы да жəне т.б. кiредi.
"Əлеуметтiк философия" терминiнiң айналымға қашан жəне кiмнiң енгiзгенi туралы дөп басып, дəл жауап беру қиын. Бiздiң ойымызша оның философияға енуi XIX ғасырдың екiншi жартысы – соңғы ширегiнде iске асуы мүмкiн. Бұл мəселенiң шешiмi əлеуметтiк философияның немен айналысатыны, оның пəндiк ерекшелiктерi, оның философиядағы орны мен негiзгi функцияларын талдауға онша ықпалын тигiзе қоймайды.
Әлеуметтiк философия бойынша оқу жəне арнайы əдебиет авторларымен толық келiсе отырып, оның дүниетанымдық функция атқаратынын бекiтуге болады, өйткенi ол "əлеуметтiк əлемдi" бейнелеп қана қоймай, оның саналы бейнесi ретiнде "оныжаратады да". Əлеуметтiк философия əлеуметтiк əлемнiң "картинасы", оның бейнесi ғана емес. Ол, сонымен қатар, əлеуметтiк идеалдар мен құндылықтарды нақты шындықпен салыстыра отырып, оның нақты өмiрмен байланысын анықтай отырып, осы əлемдi жаратады да. Екiншiден атқаратыны - методологиялық функция. Оны əлеуметтiк философия пəндiк жəне теориялық форма ретiнде қызмет ете отырып жəне əлеуметтiк құбылыстарды тануда методологиялық бағдарлар мен жалпы философиялық принциптердi пайдаланудың үлгiсi бола отырып атқарады. Олардың қатарына, мысалы, диалектика принципi (тарихилық принципi, абстрактылыдан нақтыға өту принципi жəне басқалары) жəне синергетика принципi (бүтiн, органикалық, өзiн-өзi басқарушы жəне өзiн-өзi ұйымдастырушы жүйелердiң жүйелiк-құрылымдық ұйымының жалпы теориясы) жатады. Əлеуметтiк философия əлеуметтiк-гуманитарлық бiлiмдердi пəндiк тұрғыда ұйымдастыра отырып, оның методологиялық өзегi ретiнде көрiнедi.
Əлеуметтiк философияның үшiншi функциясы оның танымдық, эвристикалық қызметi болып табылады. Ол танымдық мəдениеттiң элементi ретiнде нақтылықты тек "бейнелеп" қана қоймай, қоғамдық өмiрдiң заңдылықтары мен принциптерiн қалыптастыра отырып, бiрнəрсенi ашуға қабiлетi бар, белгiлi бiр эвристикалық ерекшелiктерiмен айрықшаланады. Төртiншiден, əлеуметтiк философия əлеуметтiк болмыстың құндылықтың негiздерiн пайымдай отырып, аксиологиялық функцияны атқарады. Оның iшiнде белгiлi дəрежеде тəрбиелеушi функция да кiредi: əлеуметтiк философия, бiрiншiден, танымның, гуманитарлық ойлаудың белгiлi мəдениетiн тəрбиелейдi; екiншiден, адамдардың жəне бүтiндей қоғамның белгiлi құндылықтық бағдарларын тəрбиелейдi, қалыптастырады. Бесiншiден, əлеуметтiк философия кейбiр философиялық концепциялардағы əлеуметтiк болжаудың сəтсiз жəне ғылыми негiзi жоқ деп жарияланғанына қарамастан, болжамдық қызмет те атқарады
54)Л.Н.Гумилевтің «пассионарлық дүмпу» идеясы мәселе ретінде. Пассионарлық - [лат. passio - құштарлық, азап шегу] - этнологияға орыс тарихшысы әрі географы Л. Н. Гумилев енгізген ұғым. Гумилев пассионарлықтаң астарында индивидтің мақсатқа талпынысынан көрінетін белсенділігін (көбіне - қияли) және осы мақсатқа жету жолындағы жанкештілігі мен күйзеліске төзімділігін түсінді. Жанкештілік мұнда кеңінен алғанда - ең басты, тіпті, өмірлік маңызды қажеттіліктерден бас тарту, жоғары пассионарлық шиеленісте тіпті үстемдік етуші мақсат болып табылатын әлеуметтік және мінсіз қажеттілік жолында құрбан болып, өмірден де бас тарту. Жалпы, пассионари биологиялық қажеттіліктерден әлеуметтік және идеалдық қажет- тіліктерді басым қоюымен сипатталады. Тарихи-биографиялық әдіс негізінде Л. Н. Гумилев пассионарлықты әртүрлі дәуірлер мен этностарға тән, тұрақты психикалық және мінез-құлықтық белгілер кешені ретінде анықтайды. В. И. Вернадскийдің биогеохимиялық идеяларына сүйене отырып, Гумилев пассионарилерді сыртқы ортадан өзінің жеке қорғанысына қажеттен тыс қуат алуға туа бітті қабілеті бар және осы қуатты қоршаған ортаны өзгерту жолында мақсатты жүмысқа айналдыратын елден ерекше адамдар ретінде қарастырады феноменді түсіндіруде пассионарлыққа теориялық көзқарас ретінде В. И. Вернадский еңбектеріндегі қаралған биосфераның тірі бөлшектерінің қуатының тиімділігі жөніндегі ойын ұсынды.