
- •1) Дүниетанымның және оның түрлері (мифологиялық, діни, ғылыми, көркем, философиялық, күнделікті-қарапайым дүниетаным).
- •3.Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері. Һәм олардың
- •8)Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы).
- •9.Платон философиясы: “идея” теориясы, мемлекет жайлы ілімі
- •10)Аристотель философиясы: “материя” және “форма” түсінігі, мән жайлы ілімі
- •11) Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары идеялары(Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,т.Б.)
- •13)А. Августин мен ф. Аквинскийдің діни философиясы.
- •14)Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер, философия. Ислам философиясының ерекшеліктері.
- •16) Ислам философиясы: Әл- Кинди, Әл- Фараби, Ибн Рушд, Ибн Сина және т. Б.
- •17) Ислам философиясының даму ерекшеліктері
- •18) Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм.
- •19) Ф. Бэкон ғылымның мақсаты мен міндеттері және философияның пәні туралы, «идолдар» туралы ілімі, индукция әдісі.
- •20) “Неміс классикалық философиясы” дегеніміз не? Философияның статусының өзгеруі: метафизикадан гносеологияға қадам басу. И. Кант философиясы
- •21) Шеллингтің натурфилософиясы
- •22) Г.В.Ф. Гегельдің философиясындағы әдіс және жүйе. Гегельдің Абсолют идеясы жайлы ілім. Диалектиканың негізгі ілімдері
- •23) Л. Фейербахтың антропологиялық философиясы
- •24) Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.
- •25) Түркі ойшылдарының философиясы: Әл- Фараби, м: Қашқари, ж. Баласағұн, а. Иүгенеки.
- •26) Қорқыт Атаның рухани ілімі.
- •27) Сопылықтың түркілік бұтағы: қ. А. Иасауидің хал ілімі.
- •28 Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
- •30)Жаңа заман философиясы: р. Декарттың «күмәндану принципі»
- •31) Хiх ғасырдағы қазақ философиясының жаңашылдық сипаты: ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбайұлы.
- •32) Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы.
- •33)Хх ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы.
- •35) Хіх ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық (п.Я. Чаадаев, а.И. Герцен, и.В. Кирееевский, а.С. Хомяков).
- •36) Марксизм философиясы
- •37)Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы.
- •38) Гуссерльдің феноменологиясы
- •40) Экзистенциализм: пайда болу себептері, көрнекті өкілдері, негізгі категориялары. Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері.
- •41) Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт
- •42) Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде
- •43) Таным және оның түрлері.
- •44) Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.
- •45) Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу).
- •46) Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, концептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат
- •47) Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары
- •48) Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер
- •49) Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
- •50) Адам философиясы: өмірдің мәні.
- •51) Қоғамдық сананың түрлері. Мораль және адамшылық. Эстетикалық сана. Саяси және құқықтық сана. Діни сана. Ғылым қоғамдық сананың бір формасы ретінде.
- •52) Қоғамды философиялық талдаудың негіздері.
- •55) Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •57) Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері
- •59) Философиядағы адам мәселесі
- •60) Ақпараттық қоғам мәселелері. Шындықтың виртуалдануы
49) Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
Қазіргі кездегі философия сананы ерекше идеалдық табиғат, яғни мәні бар тіршілік деп есептейді. Бұл қағиданы материалистер де қуаттайды, дегенмен де идеалдық сана материалан туындайды деп есептейді.Сана туралы ыңғайлар:физикализм;солипсизм;объективті идеализм;материализм. Физикализм сана туралы материалистік ыңғай. Бұл ыңғай бойынша сана тәуелсіз субстанция ретінде өмір сүрмейді. Сана материя туындысы. Ол туралы физика мен басқа жаратылыстану ғылымдары ғана түсіндіре алады. Физикализмнің сүйенетін ғылыми факторлары:адам миы табиғаттың күрделі «механизмі», материяның жоғары ұйымдасқан деңгейі;адам санасы мисыз тіршілік ете алмайды, ми биологиялық орган;адамзаттың жасанды интеллект алуға мүмкіндігі бар,оны жеткізетін материалды объект;адамдардың түрлі дәрі-дәрмек, қару-жарақты пайдалану адам санасына әсер етеді.Солипсизм. Бұл ыңғай бойынша индивидтердің санасы бірден-бір шындық, ал материалдық дүние оның туындысы (субъективті идеализм). Оның өкілдері: Беркли, Юм, Фихте.Объективті идеализм сана мен материя болмысын мойындайды. Санаға алғашқы (шығармашылық) рөл береді де, «әлемдік сананың» бір бөлігі ретінде индивид тұлғасынан бөлек қарастырады.Материализм сананы материяның ерекше көрінісі деп есептейді.Сананың пайда болуы туралы ыңғайлар:Ғарыштық немесе Құдайлық ыңғай. Бұл ыңғай бойынша сана өз бетінше адамнан тыс өмір сүреді. Сана ғарыштан келеді. Бірыңғай, бөлінбейді, біртұтас. әлемдік сананың бөлшектері табиғатта тірі организмдер мен адамның санасы түрінде көрінеді.Сананың пайда болу теориялары:Монадтар теориясы. Лейбниц ұсынды. Д. Андреев дамытты. Бұл теория бойынша дүниеде бөлінбейтін және өмір сүретін сансыз монадтар тіршілік етеді.Шарден теориясы. Бұл теория бойынша сана адамның ішкі мәні, ішкі «жағы», материяның «миы».Толбет теориясы. Әлем алып ақыл-ой, сана өрістерінің өзара әсерінің нәтижесі. Осының барлығы материяны құрайды.Рейзер теориясы Галактика алып ақыл-ой. Ол адам миымен байланысқа түсіп, оны ақылмен жақындастырып, әлемді жаратады.Гилозоизм теориясы. Тірі және өлі заттардың жаны бар деп есептейді.
1) Биологиялық ыңғай. Сана - тірі табиғат туындысы және барлық тірі организмдерге тән.
Теориялары:
1. Жануарлар өмірі аяқ астынан пайда болмайды, ол өзінің санасына бағынышты.
2. Инстинкттер туа бітпейді, ол жүре келе пайда болады.
3. Жануарлар өз тіршілігінің барысында тәжірибе жинақтап, оны дұрыс пайдалана біледі.
4. Жануарлардың, әсіресе, мысық, ит, маймылдардың, іс-әрекеті күрделі және сананың үлкен жұмыс істеуін талап етеді.
5. Жануарлардың өз «моралі» (мінез-құлық ережесі, әдеттері, күрестер, сапасы, жетекшілік) сияқты қасиеттері бар.
2) Адамдық ыңғай. Сана - адам миының жемісі, тек адамға ғана тән. Ал жануарларда сана жоқ, тек инстинкт бар. Бұл ыңғай XIX ғ. ортасы - XX ғ. ортасы аралығында кең тарады.
Сананың табиғатын материалистік тұрғыдан түсіндіру. Бейнелеу теориясы. Сана - жоғары ұйымдасқан материяның қасиеті. Ол материяны бейнелейді. Бейнелеу -материалдық объектінің өзінде басқа материалдық объектінің ізін қалдыру қабілеті. Бейнелеудің қарапайым түрлері: механикалық, физикалық, химиялық, биолгоиялық. Биологиялық бейнелеудің формалары: тітіркену (қозу) тірі организмдердің заттарға, қоршаған ортаға, құбылыстарға реакциясы; сезімталдық тірі организмдердің қоршаған ортаны түйсіну түрінде бейнелеу қабілеті; психикалық жүйелену, түйсінулерді түсіну, тірі организмдердің, әсіресе жоғарғы топтағы жануарлар, қоршаған ортаға бейімделуі, қиындықтан шығуға жол іздеуі; сана биологиялық бейнелеудің ең жоғарғы сатысы, адамға және жоғарғы жануарларға тән қасиет, ол қоршаған ортаны және оның мәнін толық бейнелейді.
Адам санасының қасиеттері:
1. Идеалдық сана - сананың ерекше, материалдық емес мәні.
1) материалдық дүниеге қарама-қайшы (бейнелеудің салмағы, иісі, өлшемі жоқ);
2) материядан тәуелсіз өмір сүреді;
3) материалдық құралдардың көмегімен танып-білуге болмайды.
2. Интенционалдық сана - сананың бір затқа бағынуы. Сана формалары:
1) қабылдау;
2) ұғыну;
3) баға беру;
4) еске түсіру;
5) қиялдау;
6) өмірлік тәжірибе.
Сананың идеаторлығы - адамның идеяларды тудыру, жасау қабілеті, қарапайым бейнелеу шеңберінен шыққан ішкі тәуелсіз жұмыс, адам санасының жануарлардан ерекшелігін көрсетеді. Осы қабілеттің нәтижесі санадағы ойдың мазмұнын тілмен жеткізу. Идеаторлықтың арқасында адамның пайда болып, дамуы және санасының дамып жетілуі мүмкін болды.