Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап дайын фил.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107.11 Кб
Скачать

40) Экзистенциализм: пайда болу себептері, көрнекті өкілдері, негізгі категориялары. Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері.

Экзистенциализм басты зерттеу пәні адам,оның проблемалары,қиындықтары қоршаған дүниедегі тіршілігі болып табылатын философияның бағыты. Ол фил-ң бағыты ретінде XX ғ ортасында пайда болды, ал XXғ20- жы -70-ші жылдары өзекті бола бастады,сөйтіп Батыс Европадағы ең атақты бағыттардың біріне айналды. өкілдері:Кьеркегор,Ясперс,Сартр,Камю,Хайдергер). Қарастырған проблемалары: тұлғаның ерекшелігі сезімнің тереңдігі,күйзелу,қорқыныш,үрей,үміт,жалпы адам баласының өмірі; адамның ішкі дүниесі мен қоршаған өмірдің арасындағы қайшылықтар; адамның жаттану проблемасы (қоғам,мемлекет адам үшін жат дүниелер,адамды жоққа шығарып,оның «Менін» басып тастайды; жалғыздық проблемасы,адамның қараусыз қалуы(адам қоршаған дүниеде жалғыз,сүйенетін,өзін керекті сезінетін ортасының жоқтығы); өмірдің мәнсіздігі; іштей таңдау проблемасы; адамның өзінің ішкі «Менін» және сыртқы -өмірдегі орнын іздестіру проблемасы.

41) Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт

Материя. (грек сөзі «зат») филда дүниенің материалдық бастамасы ретінде түсіндіріледі. Материя кеңістікте және уақытта өмір сүретін,мәңгі,қозғалыста және өзгерісте болатын алуан түрлі заттарды,бізді қоршаған жүйені біріктіретін категория. Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті. Қасиеттері:қозғалыс материядан туындайды (оның пайда болуының себебі қарама- қайшылық,оның бірлігі мен күресі); дүниедегінің барлығы қозғалыста болады (атомдар бірін-бірі тебеді,тартылады, физикалық процесстер жүріп жатады,химиялық элементтер қозғалыста болады,тірі организмдердің бәрі қозғалыста болады,қоғам үздіксіз дамуда болады,адамның организмі жұмысын тоқтатпайды (жүрек соғысы,қан айналымы,ас қорыту), Жер өзінің осін айналып қозғалыста болады т.б,).Түрлері: механикалық,физикалық.химиялық,биологиялық,әлеуметтік. Типтері:Сапалық материяның өзгеріске түсуі,ішкі құрылымның қайта құрылуы және жаңа материальдық объектілердің және жаңа сапаның пайда болуы;Сандық-материя мен қуаттың кеңістікте пайда болуы. Материяның кеңістік пен уақытта орналасуының негізгі қағидалары: уақыт- материя болмысының формасы,материальдық объектілердің өмір сүруінің ұзақтығын білдіреді; кеңістік-материя болмысының формасы,оның ұзақтығын (созылмалығын,құрылымын,материальдық объектілердің ішкі элементтерінің әсерін білдіреді); уақыт пен кеңістік өзара тығыз байланысты. Кеңістікте болып жатқан уақиға бір мезгілде уақытта да өтіп жатады,ал уақытта болып жатқан уақиға кеңістікте өтеді. Екі ыңғай бар: субстанционалдық(Демокрит,Эпикур). Бұл ыңғайды жақтаушылар кеңістік пен уақыт,материя сияқты тәуелсіз субстанциялар,ал материя мен уақыт пен кеңістіктің арасындағы қатынастарды субстанциянарлық қатынастар деп есептеді;реляциондық(латынның relation-қатынас)(Аристотель,Лебниц,Гегель)-уақыт пен кеңістік материалдық объектілердің өзара әсері нәтижесінде пайда болған қатынастар.

42) Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде

Онтология – болмыс проблемасын зерттейтін философияның маңызды бөлімдерінің бірі. Ал болмыс проблемасы философияның ең басты проблемасы. Фмлософияның қалыптасуының өзі осы болмыс проблемасын қарастырудан басталады. Ежелгі Үнді. Ежелгі Қытай және антикалық философияны бірінші кезекте онтология проблемасы қызықтырды және болмыстың мәнін түсінуге тырысты. Болмыс-нақты өмір сүретін, тұрақты, тәуелсіз, обьективті, мәңгі шексіз субстанция. Ол бүкіл тіршілікті қамтиды."Болмыс"категориясының мазмұнын ашып көрсететін қағидалар: 1.қоршаған орта, заттар, құбылыстар нақты өмір сүреді. 2.қоршаған орта дамиды, ішкі себептері бар, қозғалыстың көзі. 3.материя мен рух – бірыңғай, сонымен бірге қарама-қайшы тіршілік, нақты өмір сүреді. Болмыстың негізгі түрлері: материалдық, идеалдық, адам болмысы, әлеуметтік, ноуменальдық, феноменальдық болмыс. Мазмұн дегеніміз – заттың немесе құбылыстың ішкі құрамы, оларды құрастырып тұрған элементтердің өзара байланысы. Түр – мазмұнның ұйымдасуы, құрылымы, оны құрайтын қарапайым бөлшектер. Мазмұн өзгермелі, үнемі қозғалыста болады. Түр біршама тұрақты.мазмұнның дамуы барысында түр белгілі бір шамаға дейін оған сәйкес болады да, содан соң ілесе алмай қалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]