
- •1) Дүниетанымның және оның түрлері (мифологиялық, діни, ғылыми, көркем, философиялық, күнделікті-қарапайым дүниетаным).
- •3.Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері. Һәм олардың
- •8)Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы).
- •9.Платон философиясы: “идея” теориясы, мемлекет жайлы ілімі
- •10)Аристотель философиясы: “материя” және “форма” түсінігі, мән жайлы ілімі
- •11) Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары идеялары(Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,т.Б.)
- •13)А. Августин мен ф. Аквинскийдің діни философиясы.
- •14)Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер, философия. Ислам философиясының ерекшеліктері.
- •16) Ислам философиясы: Әл- Кинди, Әл- Фараби, Ибн Рушд, Ибн Сина және т. Б.
- •17) Ислам философиясының даму ерекшеліктері
- •18) Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм.
- •19) Ф. Бэкон ғылымның мақсаты мен міндеттері және философияның пәні туралы, «идолдар» туралы ілімі, индукция әдісі.
- •20) “Неміс классикалық философиясы” дегеніміз не? Философияның статусының өзгеруі: метафизикадан гносеологияға қадам басу. И. Кант философиясы
- •21) Шеллингтің натурфилософиясы
- •22) Г.В.Ф. Гегельдің философиясындағы әдіс және жүйе. Гегельдің Абсолют идеясы жайлы ілім. Диалектиканың негізгі ілімдері
- •23) Л. Фейербахтың антропологиялық философиясы
- •24) Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.
- •25) Түркі ойшылдарының философиясы: Әл- Фараби, м: Қашқари, ж. Баласағұн, а. Иүгенеки.
- •26) Қорқыт Атаның рухани ілімі.
- •27) Сопылықтың түркілік бұтағы: қ. А. Иасауидің хал ілімі.
- •28 Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
- •30)Жаңа заман философиясы: р. Декарттың «күмәндану принципі»
- •31) Хiх ғасырдағы қазақ философиясының жаңашылдық сипаты: ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбайұлы.
- •32) Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы.
- •33)Хх ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы.
- •35) Хіх ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық (п.Я. Чаадаев, а.И. Герцен, и.В. Кирееевский, а.С. Хомяков).
- •36) Марксизм философиясы
- •37)Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы.
- •38) Гуссерльдің феноменологиясы
- •40) Экзистенциализм: пайда болу себептері, көрнекті өкілдері, негізгі категориялары. Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері.
- •41) Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт
- •42) Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде
- •43) Таным және оның түрлері.
- •44) Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.
- •45) Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу).
- •46) Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, концептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат
- •47) Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары
- •48) Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер
- •49) Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
- •50) Адам философиясы: өмірдің мәні.
- •51) Қоғамдық сананың түрлері. Мораль және адамшылық. Эстетикалық сана. Саяси және құқықтық сана. Діни сана. Ғылым қоғамдық сананың бір формасы ретінде.
- •52) Қоғамды философиялық талдаудың негіздері.
- •55) Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •57) Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері
- •59) Философиядағы адам мәселесі
- •60) Ақпараттық қоғам мәселелері. Шындықтың виртуалдануы
37)Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы.
арменидтің қарастырған мәселелері - болмыс пен бейболмыстың ара қатынастары туралы мен болмыстың ақыл-ойға қатынасы. Бұл екі мәселенің екеуін де тек ақыл-ой арқылы шешуге болады. Ақиқатқа тез жету үшін ақыл-ой көптеген тор мен тап болуы мүмкін.
Парменидтің пікірінше, болмыс пен бейболмыс тең емес, басқаша айтқанда, болмыс - нақты өмір сүреді де, бейболмыс деген жоқ нәрсе. Осы пікірін Парменид дәлелдеуге тырысады. Айта кететін бір жайт - ол, Парменидке дейін философтар өз тезистерін дәлелдеуден гөрі, метафорамен немесе ұқсастық тәсілін қолдану арқылы (салыстыру арқылы) негіздеуге тырысатын, ал Парменид бірінші болып өз тезисінің дұрыстығын дәлелдеуге көбірек көңіл бөлді.
Парменидтің ойынша, бейболмыстың болуы мүмкін емес, себебі, оны танып-білуге және оны сөзбен жеткізуге болмайды. Басқаша айтқанда, нақты өмір сүрмейтін нәрсені (бейболмысты) түсінуге де, ойлауға да болмайды. Енді бұл дәлелдің өзін дәлелдеу қажет. Осыдан келіп, Парменид болмыс пен ойлаудың арақатынасын қарастырады. Оның пікірінше, болмыс пен ойлау процесс ретінде де, олардың жемісі ретінде де тепе-тең. Бұл тезисті, заттар мен ойлауды өз алдына жеке өмір сүретін құбылыстар екенін мойындай отырып, ой - затталынған(яғни, материалданған - ойдың бір затты ойлауға бағытталуы) кезде ғана ой болады деп түсінуге, ал зат - тек ойланылған кезде ғана зат болады деп түсінуге болатын сияқты. Осыдан келіп, Парменид: егер болмыс нақты бар деген ой бар болатын болса, онда осы ойда, ойланылатын бейболмыстың бар болғандығы, бірақ ол бейболмыс күйінде емес, болмыс күйінде өмір сүретіндіктен осыған дейін бейболмыс туралы ойланған ойымыздың бәрі болмыс туралы ой болып шығады.
38) Гуссерльдің феноменологиясы
Дүниетаным мәселелерімен айналысқан XX ғ. келесі ағым -феноменология. Негізін қалаған - Эдмунд Гуссерль (1859-1938 жж.). Ойшыл өзінің еңбектерінде «Заттардың өзіне қарай!» деген ұран тастады, өйткені сол кездегі И.Канттың ізбасарлары ғылыми таным жолында шындықты ұғымдар арқылы құруға болады деген көзқараста болды. Екінші жағынан, ол неопозитивистердің шындықтың сезімдік деректердің негізінде «тікелей берілгені» жөніндегі қағидасына қарсы бағытталған болатын.Өз заманындағы таным теорияларын сынға алғанда Э.Гуссерль тағы да келесі екі ұғымды бір-біріне қарсы қояды. Олар білім мен пікір. Еуропалық мәдениеттің дағдарысы - осы ұғымдардың айырмашылығын елемегенінде. Пікір дегеніміз бұлдыр, айқын емес білім, ол - жеке мүдденің шеңберімен шектелген таным. Оған ол қарсы ұғым ретінде «теория» деген грек сөзін қояды, ал оның алғашқы мағынасы - бимүдделі аңлау. «Тек қана теорияға бағышталған философия дүниенің универсалдық көкжиегін көре алады», -деп қорытады Э. Гуссерль. Ойшылдың өз алдына қойған негізгі мақсаты - сананы тазарту, оның адамзат тәжірибесі, тарихи процестен тыс өмір сүретін алғашқы құрылымын анықтау болып табылады. Гуссерльдің феномені - ол бұрынғы классикалық философиядағы басқа терең жатқанды көрсететін сезімдік тәжірибе арқылы берілетін құбылыс емес, ол - өз-өзін ашатын, табатын, тікелей санаға айқын көрінетіннің бәрі. Феноменология - айқындығы тікелей интуиция арқылы көрінетін идеалдық мән-мағынаны зерттейтін ілім. Санадағы феномендер адамға тіл арқылы беріледі. Сонымен қатар оған адамның жан дүниесіндегі тебіреністер, сана арқылы ойланатын заттың мән-мағынасы т.с.с. бәрі де жатады.Таза сананың іргетасты ерекшелігі - оның интенционалдығы (intentio - латын сөзі, ұмтылу), яғни бірдеңеге әрқашанда бағытталғаны, соның санасы. Қабылдау, еске сақтау, қиялдау, еске түсіру, тілеу, ой формалары т.с.с. бәрінің де заттық мазмұны бар. Интенционалдық сананың құрамдас бөліктерін неше түрлі мән-мағнаға толықтырады. Өзінің іс-әрекетінде адам аңқаулық көрсетіп, өзінің заттарға қалайша мән-мағына бергенін байқамай қалады да, оларды санадан тәуелсіз өмір сүріп жатқан (объективті) өзіндік танылатын қасиеттері бар құбылыстар ретінде қарайды. Ал, шынына келгенде, санадан тыс өмір сүретіннің бәрін жақшадан сыртқа шығаруымыз керек, өйткені санада объект пен субъект бір-біріне өтіп, ажырамайтын феноменге айналады. Адам сана арқылы заттарды қабылдап, оларға белгілі бір мағына беріп, сол арқылы олармен қарым-қатынасқа түседі. Бұл арада, бір жағынан, дүниетануға бағытталған іс-әрекет - ноэзис бар, екінші жағынан, осы таным процесінде ашылған мазмұн - поэма бар. Феноменология – негізін салушылар Гуссерль мен оның шәкірттері – Л.Ландгребе, Э.Финк, т.б. болып табылатын,қазіргі батыс философиясына ерекше ықпал еткен субъективтік идеолистік бағыт. Ф-ның негізгі ұғымы "интенционалдық” деп аталады. Бұл ұғым сананың объектіге қатысын көрсетеді. Ф-лық ұғым бойынша "объект болмаса,субъекті де болмайды”. Феноменологиялық тәсілдің негізгі талаптары: 1) субъективтік тәжірибеден тыс тұратын, яғни,санадан тыс тұратын объективтік шындық туралы пікірден бас тарту; 2) танымдық субъектіні (белгілі бір жанды) сезімі бар психофизиол нәрсе емес, сананың «таза» нәтижесі деп түсіндіру. Оны Ф. «трансценденталдық редукция » деп атайды. Философияны ғылым ретінде тек қана эйдетика деп аталатын «таза мағыналады» зерттейді,оның реалды шындыққа қатынасы жоқ.Ф. идеалары өзгертілген түрде экзистенциолизмнің (Хайдеггер,Сартр), жартылай филос. Гермепевтиканың филос.негізі Шелер, Мерло-Понти және Гадамер сияқты философтардың көзқарастары Ф-ға байланысты қалыптасты.Католик философтарының (Де Веленс,Ван-Бреда)тусінігі бойынша Ф.неотомизмнен құрастырылған философия.Ф-ның идеалистік тұжырымдары осы бағыттың өз ішінде түрлі оппозициялар тудырды.Ф. мектебінің сол қанаты Ф-ны субъективизмнен,иррационализм- нен және экзистенциализмнен қорғауға күш салды.Олардың ойы Ф-ның қажетті жағын сақтап қалу болды.Осы бағыттың өкілдері ретінде материалистік «натурализмді» қорғайтын М.Фарберді, және Р.Ингарденді атауға болады.Ф. бағытының теориялық орталығы болып саналатын орындар: Гуссерьдің Лувен католиктік ун-тінің архиві (Бельгия,директоры Ван- Бреда ); халықаралық феноменологиялық қоғам және оның «Философия және феноменологиялық зерттеулер» атты журналы (Буффало,Нью-Йорк,АҚШ).
39) Сана және бейсаналылық: З. Фрейдтің психоаналитикалық философиясы.
Психоанализ батысевропалық философиялық мектептердiң iшiндегi ең ықпалды, беделдiлерiнiң бiрi. Көптеген зерттеушiлер психоанализдiң адамды түсiндiрудегi жасаған төңкерiсiне орай бұл мектептiң жетiстiктерiн Дарвин, Маркс, Эйнштейн сияқты ғұламалардың жаңалықтарымен қатар қояды. З.Фрейд (1856-1939) өзiне дейiнгi жəне өзiне замандас ойшылдармен салыстырғанда ең басты мəселе ретiнде субъект өмiрiнiң ментальды қырларын емес, оны тек кiшi бөлiгi ретiнде қарастыра отырып, бейсаналылыққа талдау жасауға үлкен мəн бередi. З.Фрейдтiң пiкiрiнше, бейсаналылық адам индивидуалдылығының ядросы болып табылады. “Түс көрудi жору” деген еңбегiнде, ол бұл процестiң маңыздылығына алғаш рет мəн берiп түстiң мəнi бар жəне танылмаған қалаудың көрiнiсi деп санайды. “Күнделiк өмiрдiң психопатологиясы” жəне “Психоанализге кiрiспе” деген еңбектерiнде З.Фрейд “ұмытылу”, “қате iс-əрекет” сияқты өзгертiлген, анайы формаларында көрiнетiн бейсаналылықтың əртүрлi формаларын талдайды жəне түсiндiредi. “Жыныстық қатынас теориясы туралы үш мақала” (сексуалдық теориясы бойынша үш очерк) деген еңбегiнде З.Фрейд сексуалдылықты адамзат инстинктi мен жүрiс-тұрысының фундаментi ретiнде қарастырған идеясын ұсынады. З.Фрейд “Психоанализге кiрiспесiнде” бейсаналылық, жасырын саналылық жəне саналылық деп бөлiнетiн адам менталдығының топографиясын алғаш рет жасап шығарады. Кейiнiрек бұл топография “Эго”, “жоғары эго” жəне “ид” (анау) деген терминдердi енгiзу арқылы айқындала түстi. Лəззат алу принципiне бағынатын ид менталдықтың ең ежелгi саласы болып табылады. Бұл нақтылық принципiне бағынады жəне қажеттiлiктердi қауiпсiз тəсiлмен өтеудi қамтамасыз ету оның мiндетi. Эго ығыстыру, идтiң əсерiнен қорғанып, суперэгоның көмегiне сүйенедi. Суперэго моральдық талаптарды, əлеуметтiк нормаларды өз бойына жинақтайды.З.Фрейд “Мəдениетпен келiспеу” еңбегiнде психоаналитикалық концепция тұрғысында мəдениет пен өркениет мəселелерiн сынай отырып, талдау жасайды. Бүкiл мəдениет пен өркениет тарихын З.Фрейд Эрос жəне Танатос арасындағы күрес тарихы ретiнде сипаттайды. Егер мəдениет адамдарды қорғап, агрессияның қысымын басу үшiн Эростың көмегiне сүйене отырып, индивидтер арасындағы қатынасты реттесе, онда өркениет осы агрессияны өзгелерге қарай бағыттайды. Егер Эрос адамды адамзаттылықпен, қоғаммен, ұлтпен, тайпамен, отбасымен бiрiктiрсе, ал Танатос оны бұзады. Қазiргi кезең мен мəдениеттiң болашағын болжай отырып Э.Фрейд неврозды алып тастау үшiн мəдени супер эгоның рационалдық парадигмасы арқылы сексуалдық қанағаттану дəрежесiн кеңейту қажет деген ұсыныс айтады. З.Фрейдтiң көптеген идеялары Адлердiң, К.Юнгтiң, Э.Фроммның, Г.Маркузенiң сондай-ақ бiршама дəрежеде Ж.Дерриданың көзқарастарына ықпалын тигiздi..