Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап дайын фил.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107.11 Кб
Скачать

32) Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы.

Абай басқа философтар секілді әдейілеп философиялық трактаттар жазбаған. Бірақ, оның өлеңдері мен қара сөздері философиялық салиқалы ойларға, терең мағыналы толғауларға толы. Ол философиялық ойдың заңғар биігіне арнайы оқудан емес, өмір мен болмысты тоқу арқылы жеткен табиғаттың өзі тудырған ғұлама.

Абай өз философиясында, адам болам десең бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой - бес асылың көнсеңіз деп өсиет айтады. Өсиеттерінің бірі - Бірлік: бірлік тірліктің алды, бірлік жоқ болса, оның үстіне күндестік қосылса, адамдардың әлеуметтік күйі құлдырап, төмендей беретінін айта келіп: «Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ. Сапырылды байлығың, баққан жылқың» деп жазды. Қоғамдағы бір жағымсыз, зиянды құбылыс - маскүнемділіктің дерт болып жайылып бара жатқандығын көрегендікпен әшкерелейді. «Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі, не пайда не залалды біле алмай жүр». Абай білімсіздіктің, надандықтың, әлеуметтік ауыр жағдайға алып келетіндігін көрсетеді.

Ғылымды әлеуметтік жағдайды жаңартудың құралы ғана емес, прогресске жетудің жолы дейді. Өзінің 17-ші сөзінде ғылымның әлеуметтік рөліне кең әрі терең тоқтап, ақыл, қайрат, жүректі айтыстыра келеді де, ғылымға жүгіндіреді. Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады және қуанғанда не айтып не қойғанын өзі білмей есі шығады, ұялмас нәседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Қазақтың әлеуметтік өмірінің ауырлығын көп зерттеген Абай одан бүкіл адамзат баласына қатысты қорытындылар шығарады. Адам баласын қор қылатын үш нәрсе: 1. Надандық. 2. Еріншектік. 3. Залымдық деп қорытындылайды. Абай жан-жақты, үйлесімді дамыған адамды қалыптастыруды армандайды. Сондай кісілерден тұратын қоғам ғана әділеттік теңдік орнатады деп үміттенді.

33)Хх ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы.

XX ғ қазақ топырағында бір топ талантты ойшыл ақындар, қоғам қайраткерлерідүниеге келді. Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқаев, М.Дулатов, Н.Төреқұловсияқты озық ойлы қоғам қайраткерлері саяси аренаға шықты. Олар «Зар заман » дәуір өкілдерінің ой-пікірлерін ілгері дамытты. Оларды толғандырған проблема отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақтарды өз алдына тәуелсіз ел ету,қолдан кеткен мүмкіндіктер мен айырылған жерлерге өкініш білдіру, халықтың санасын ояту болатын. Сана-сезімі оянған ұлт-азаттық қозғалысы өкілдерінің екінші бір арманы надандықтан арылу,қазақ халқының санасын ояту, әйел теңдігін жақтау, керенаулықтан құтылу болды. Үшііншіден, қазақ ойшылдары түрлі философиялық ізденістер жасады. Қазақ халқының қарапайым ой-пікірлерінен алғаш философиялық деңгейге дейін көтерілген Абайдың немере інісі Ш.Құдайбергенов болды. Ол Абайдың «Қырық бес қара сөзіндегі» ой толғау дәстүрін дамыта отырып, «Үш анық» деген фил-лық еңбегін жазып шықты.Ол еңбегінде Шәкәрім түрлі фил-лық мәселелерге тоқталды. Бұлар- дүние, таным, тән мен жан, жану меншіру, ождан, т.б мәселелер. Бұл еңбегінде ол бірде материяны мойындаса, бірде идеяны алғашқы санап, идеализмге бас иеді. жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ ұл азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов,Ә.Бөкейханов,М.Шоқай, М. Тынышбаев, С.Торайғыров, Ақпаев және басқалары өмірдің объективті жағдайларын өзгертуде күшпен емес, ұлттық сананы сол процеске енгізу арқылы өзгерту керек деп айтқан. Жалпы ұлттық философиямыздың негізгі өзегі де күш көрсетпеу идеясы болып табылады. Бұл құбылыс төл философиямыздың қалыптасуы барысында өзіндік орнын аліп келді. Бұл философиялық ойлау жүйеміздің ерекшелігі де, құндылығы да болса керек. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы еңбектер ғылымға саналы түрде айтылған,жазылған, теориялық пайымдаулар келтірілген бағыттағы көзқарастар б.т. негізгі көксеген мақсаттары әр қилы әлеуметтік топтардың мүддделерін жоқтау,жақтау,кһздеу немесе жою.

34) Позитивизм – қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты. негізін қалаушы – француз философы Огюст Конт (1798-1857). Позитивистердің пікірінше, «болмыс», «материя», «сана» және т.б ұғымдарға, страктылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, бебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына математикаға жақын философия ғана ақиқат философия. Позитивизм өзі дамуында үш кезеңнен өтті: 1) бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті – объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп ымдады. Бұл кезеңнің екілдері – О.Конт, Г.Спенсер, Дж.Милль. 2) махизм – дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі – австриялық физик Э.Мах. 3) неопозитивизм – ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салтырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналыс Өкілдері: К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун және т.б. Олар ғылыми білімд тексерудің негізігі принциптері ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]