
- •1) Дүниетанымның және оның түрлері (мифологиялық, діни, ғылыми, көркем, философиялық, күнделікті-қарапайым дүниетаным).
- •3.Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері. Һәм олардың
- •8)Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы).
- •9.Платон философиясы: “идея” теориясы, мемлекет жайлы ілімі
- •10)Аристотель философиясы: “материя” және “форма” түсінігі, мән жайлы ілімі
- •11) Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары идеялары(Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,т.Б.)
- •13)А. Августин мен ф. Аквинскийдің діни философиясы.
- •14)Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер, философия. Ислам философиясының ерекшеліктері.
- •16) Ислам философиясы: Әл- Кинди, Әл- Фараби, Ибн Рушд, Ибн Сина және т. Б.
- •17) Ислам философиясының даму ерекшеліктері
- •18) Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм.
- •19) Ф. Бэкон ғылымның мақсаты мен міндеттері және философияның пәні туралы, «идолдар» туралы ілімі, индукция әдісі.
- •20) “Неміс классикалық философиясы” дегеніміз не? Философияның статусының өзгеруі: метафизикадан гносеологияға қадам басу. И. Кант философиясы
- •21) Шеллингтің натурфилософиясы
- •22) Г.В.Ф. Гегельдің философиясындағы әдіс және жүйе. Гегельдің Абсолют идеясы жайлы ілім. Диалектиканың негізгі ілімдері
- •23) Л. Фейербахтың антропологиялық философиясы
- •24) Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.
- •25) Түркі ойшылдарының философиясы: Әл- Фараби, м: Қашқари, ж. Баласағұн, а. Иүгенеки.
- •26) Қорқыт Атаның рухани ілімі.
- •27) Сопылықтың түркілік бұтағы: қ. А. Иасауидің хал ілімі.
- •28 Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
- •30)Жаңа заман философиясы: р. Декарттың «күмәндану принципі»
- •31) Хiх ғасырдағы қазақ философиясының жаңашылдық сипаты: ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбайұлы.
- •32) Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы.
- •33)Хх ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы.
- •35) Хіх ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық (п.Я. Чаадаев, а.И. Герцен, и.В. Кирееевский, а.С. Хомяков).
- •36) Марксизм философиясы
- •37)Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы.
- •38) Гуссерльдің феноменологиясы
- •40) Экзистенциализм: пайда болу себептері, көрнекті өкілдері, негізгі категориялары. Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері.
- •41) Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт
- •42) Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде
- •43) Таным және оның түрлері.
- •44) Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.
- •45) Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу).
- •46) Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, концептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат
- •47) Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары
- •48) Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер
- •49) Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
- •50) Адам философиясы: өмірдің мәні.
- •51) Қоғамдық сананың түрлері. Мораль және адамшылық. Эстетикалық сана. Саяси және құқықтық сана. Діни сана. Ғылым қоғамдық сананың бір формасы ретінде.
- •52) Қоғамды философиялық талдаудың негіздері.
- •55) Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •57) Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері
- •59) Философиядағы адам мәселесі
- •60) Ақпараттық қоғам мәселелері. Шындықтың виртуалдануы
30)Жаңа заман философиясы: р. Декарттың «күмәндану принципі»
|
|
Декарт философияны ағаш сияқты жүйе деп есептеді. Бұл ағаштың тамыры философия, діңі – физика, ал сабақтары – басқа ғылымдар: медицина (адамдардың денінің сау болуына жол ашады), механика (тұрмысты оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған білімді береді), этика (ізгілікті өмір сүрудің жолдарын анықтайды). Ағаштың діңі мен сабақтары тамырынсыз өсіп – өне алмайтыны сияқты философиясыз ешбір ғылым дами алмайды. Ғылымдар жүйесі үшін философия өте маңызды, сондықтан оның алғашқы бастаулары мен түп неігздерін әруақытта біліп отыру қажет. Осы мақсатты орындау үшін Декарт арнайы тәсіл ойлап тауып, оны картезиандық күмәндану деп атады. «Күмән келтіру» принципін Декарт былай деп суреттеді. «Егер мен күмәнданатын болсам, онда менің ойлағаным. Егер мен ойланатым болсам, онда менің өмір сүргенім». Декарт осы принципі арқылы әлем мен философияның ескі көзқарастарынан арылып, жаңалыққа бой ұруына жол ашты. Ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қисынсыз қағидаларды талқандай отырып, рационалдық методтың тууына себепкер болды. Декарт ақыл – парасатты аса жоғары бағалап, оны білімнің қайнар көзі деп есептеді. Жалпыдан жекеге өту арқылы логикалық тұжырым жасау керек деп Декарт дедукциялық әдісті дамытты. Р.Декарт дуалистік ілімнің өкілі болды. Өйткені ол әлемнің, дүниенің түп негізі ретінде екі бастаманы, яғни материалдық және рухани бастамаларды мойындады. Р.Декарттың іліміндегі материалдық субстанцияның негізгі сипаттары созылмалық және бөлінгіштік. Ал рухани субстанцияларға ойлау қабілеті тән, сондықтан олар бөлінбейді. Декарт туа біткен идеялар туралы ілім ұсынған, көптеген білімдер таным мен дедукция арқылы пайда болады. Бірақ ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін білімдер де бар. Олар бірден тікелей белгілі, ұрпақтан ұрпаққа берліп отырады. Бұл идеялар екі түрде болады: ұғымдар және пікірлер. Туа біткен ұғымның мысалы: Құдай (бар), сан (бар), «ерік», «тән», «жан». Туа біткен пікірдің мысалы: «Бүтін өзінің бөлшегінен үлкен», «ештеңеден ештеңе туындамайды».
31) Хiх ғасырдағы қазақ философиясының жаңашылдық сипаты: ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбайұлы.
Қазақ ағартушылығында ,қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын,ойшыл,демократ,сазгер Абай Құнанбаев
Абай қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы.Ол ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде,қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігінде жүгіндіруде деп білді.Дүниетанымдық мәселеде Абай,Алтынсарин сияқты деизмге жақын,Құдай өз заңдары бойынша дамып жататынын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді.Абай дін басылары мен діни надандықты,фатализм мен екіжүзділікті атеизм тұрғысынан емес, Қазақстан ағартушы демократтарының көбісінде кездесетіндей нағыз дін немесе рационалдандырылған дін позициясынан сынады.Дін басыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды.Немесе оның өз сөзімен айтқанда алла табарака уатағаланың шәріксіз,ғайыпсыз,бірлігіне ,барлығына хақтығына бірлән дәлел жүргізерлік болып,ақылы дәлел испат қыларға керек. (Қара сөздер 13 сөз)
Абай шығармаларында адамға мейірбандық көрсету сұлулыққа ұмтылу жоғары имандылық қасиетінің белгісі,көрінісі деп айтудан жалықпайды.Адамдардың әртүрлілігі жайлы айта келіп Абай әр адамның өмірде өз орнын табуының маңыздылығын атап көрсетеді.Адам өз орнын өзін табуына жол сілтеу,бағыт беру ағартушының бұқараны тәрбиелеушінің бірінщі міндеті осы деп біледі.Осыдан келіп «Адам бол» деген Абай этикасыныі негізгі принципінің мағынасы мен мәні ашыла түседі,әр адам өз творчестволық потенциясын іске асырып,өзін жетілдіре алады және жетілдіруі тиіс.Сонда ғана ол жаратылысынан өзіне белгіленген орынға сай келеді