
- •1) Дүниетанымның және оның түрлері (мифологиялық, діни, ғылыми, көркем, философиялық, күнделікті-қарапайым дүниетаным).
- •3.Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері. Һәм олардың
- •8)Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы).
- •9.Платон философиясы: “идея” теориясы, мемлекет жайлы ілімі
- •10)Аристотель философиясы: “материя” және “форма” түсінігі, мән жайлы ілімі
- •11) Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары идеялары(Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,т.Б.)
- •13)А. Августин мен ф. Аквинскийдің діни философиясы.
- •14)Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер, философия. Ислам философиясының ерекшеліктері.
- •16) Ислам философиясы: Әл- Кинди, Әл- Фараби, Ибн Рушд, Ибн Сина және т. Б.
- •17) Ислам философиясының даму ерекшеліктері
- •18) Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм.
- •19) Ф. Бэкон ғылымның мақсаты мен міндеттері және философияның пәні туралы, «идолдар» туралы ілімі, индукция әдісі.
- •20) “Неміс классикалық философиясы” дегеніміз не? Философияның статусының өзгеруі: метафизикадан гносеологияға қадам басу. И. Кант философиясы
- •21) Шеллингтің натурфилософиясы
- •22) Г.В.Ф. Гегельдің философиясындағы әдіс және жүйе. Гегельдің Абсолют идеясы жайлы ілім. Диалектиканың негізгі ілімдері
- •23) Л. Фейербахтың антропологиялық философиясы
- •24) Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.
- •25) Түркі ойшылдарының философиясы: Әл- Фараби, м: Қашқари, ж. Баласағұн, а. Иүгенеки.
- •26) Қорқыт Атаның рухани ілімі.
- •27) Сопылықтың түркілік бұтағы: қ. А. Иасауидің хал ілімі.
- •28 Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
- •30)Жаңа заман философиясы: р. Декарттың «күмәндану принципі»
- •31) Хiх ғасырдағы қазақ философиясының жаңашылдық сипаты: ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбайұлы.
- •32) Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы.
- •33)Хх ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы.
- •35) Хіх ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық (п.Я. Чаадаев, а.И. Герцен, и.В. Кирееевский, а.С. Хомяков).
- •36) Марксизм философиясы
- •37)Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы.
- •38) Гуссерльдің феноменологиясы
- •40) Экзистенциализм: пайда болу себептері, көрнекті өкілдері, негізгі категориялары. Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері.
- •41) Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт
- •42) Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде
- •43) Таным және оның түрлері.
- •44) Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.
- •45) Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу).
- •46) Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, концептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат
- •47) Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары
- •48) Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер
- •49) Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
- •50) Адам философиясы: өмірдің мәні.
- •51) Қоғамдық сананың түрлері. Мораль және адамшылық. Эстетикалық сана. Саяси және құқықтық сана. Діни сана. Ғылым қоғамдық сананың бір формасы ретінде.
- •52) Қоғамды философиялық талдаудың негіздері.
- •55) Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •57) Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері
- •59) Философиядағы адам мәселесі
- •60) Ақпараттық қоғам мәселелері. Шындықтың виртуалдануы
26) Қорқыт Атаның рухани ілімі.
Одан екі ғасыр бұрын Қорқыт Ата деген данышпан философ болған. Ол бүгінгі Қызылорданың Қармақшы жерінде туып өскен. Қорқыт дарынды ақын, сазгер. Қорқыт Ата айтыпты деген мақал-мәтелдер көп: «Ескі мамық бөз болмас, кәрі дұшпан дос болмас» немесе «Шөлді жердің отын киік білер, сулы жердің қадірін құлан біледі». Қорқыт ата, түйе мініп дүниенің төртбұрышын аралайды. Жолында кездескен бір кездегі көк майса жер «қурап солдым» десе, аспанмен таласқан асқар таулар «бұрын сәулетті едік, енді мыжырайып үгіліп біттік» деп мұңаяды. Аңыз бойынша, Қорқыт қайда барса да, қазылған қабірге тап болады. Кімнің қабірі деген сұраққа Қорқыттың қабірі деген жауап алады. Ол барлық жан-жануарлардың, орман-тоғайдың түбінде қартайып өлетінін аңғарады. Оның өлмейтін еш нәрсе жоқ деп, өлімді музыкамен жеңбекке ұмтылуында үлкен философиялық мән бар. Ол қолына қобыз алып, өлмей, өшпей түрлі халықтың есінде сақталған неше түрлі күйлер шығарды.
27) Сопылықтың түркілік бұтағы: қ. А. Иасауидің хал ілімі.
Ахмет Қожа Иассауи (1094-1167 жж.) - ақын, ойшыл. Сопылық бағытты ұстанған әулие дәрежесінде құрметтеп, халқымыз оны Әзірет Сұлтан деп атаған. Оның басты еңбегі - «Диуани Хикмет». Бұл кітабында қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына этнографиясына қатысы бар көптеген құнды мәліметтер табылды. Бұл еңбек халқымыздың дүниетанымын біршама кеңейтерлік рөл атқарады. Пайғамбар жасына келгенде Яссауи қалған өмірін жер астында өткізді деген аңыз бар. Оның есімі бүкіл араб елдеріне кең тарады, беделі орасан зор болды. Сондықтан Әмір Темір ол кісінің жерленген жеріне арада екі ғасыр өткенде дүниежүзілік маңызы бар Түркістан Кесенесін орнатты. Яссауи еңбегінде Бұқара халыққа үстемдік құрған хандардың, бектердің қазылардың қарамдық істерін әшкерлеп сынайды, фанидің жалғандығын айтады. Діни адамдардың Құдайдың атын жамылып, бас пайдасын ойлап, кемтарларды ұмытып, елді алдап, байлыққа құныққанын көріп, түңіледі, өзін олардан аулақ ұстап, Алла-тағалаға адал берілгенін дәлелдеп, дүние қызығынан безіп, софылыққа (аскетизм) ден қояды
28 Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары М.Орынбеков, Н.Байтенованың зерт-теулеріне сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымы-ның қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең – қазақтардың ата-тегінің философиясы (предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипат басым. Түркі тілді халықтардың философиясы, ІХ-ғасырдан ХV-ғасырға дейінгі кезең. Оның көрнекті өкілдері бүкіл түркі дүниесіне ортақ тұлғалар – Анахарсис, Қорқыт, әл Фараби, Ж.Баласағұн. М.Қашғари, Қ.Иасауи. Бұл кезенді түркі тілді халықтардың философиясының «Алтын гасыры » деуге болады. Аталған ғұламалар тамаша шығармалар мен философиялық еңбектерді дүниеге әкеліп, әлемдік философияның дамуына елеулі үлес қосты. Қазақ хандығы дәуіріндегі философия, ХV-ХVШ ғасырлар аралығын қамтиды, үш бағытта дамыды: а) жыраулар философиясы; ә) билер философиясы; б) «Зар заман философиясы». ХІХ-ғасырдағы Ағартушылық философиясы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясы – антропоцентристік және экзистенциалистік сипатқа ие. ХХ-ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ философиясы. Негізінен саяси философия болды: Ә.Бокейханрв, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, ЦД.Құдайбердиев. - Кенес дәуіріндегі Қазақстандық философия. ХХ-ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап, 90-жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы кеңестік философия секілді коммунистік партияның идеологияпық қызметшсіне айналып, өзінің ұлттық ерекшеліктерінен айрылды. Бірақ негізінен марк- систік сипатта болғанымен, осы кезенде кәсіби философия қалыптасты. 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамында Философия және құқық институты, Қазақ мемлекеттік университетінде философиж факультеті ашылды. Кеңестер Одағы кеңістігінде танымал болған Қазанстандық философия негізінен таным теориясы, таным диалектикасы және диалектикалық логика мәселелерін зерттеумен айналысып, биік деңгейге көтерілді.
29) Ақын-жыраулар философиясы: Жырау табиғаты, жыр, толғау; мемлекетшілдік сана, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі.
Қазақ халқының қалыптастырған рухани құндылықтары арасында ақын- жыраулар шығармашылығы маңызды орын алады. Бiз бұл жерде белгiлi философ О.А.Сегiзбаев ұсынған қазақтардың ақындық шығармашылығының дамуы барысындағы үш кезеңге бөлiнген жiктелуiн келтiремiз:
а) шартты түрде жыраулар дəуiрi деп аталатын кезең (XV-XVIII ғасырдың бiрiншi жартысы);ə) ақындық шығармашылық кезең (XVIIIғ екiншi жартысы - XIX ғасырдың бiрiншi жартысы);
б) ақындардың өзiндiк сайысы - айтыстың пайда болуымен байланысты кезең (XIX ғасырдың екiншi жартысы - XX ғасырдың басы) (Казахская философия XV- нач ХХ века.
Асан қайғы (XV ғасыр), Қазтуған жырау (XVғ), Доспанбет жырау (XVI ғ), Шалкиiз (1465-1560), Ақтамбердi (1675-1768), Бұқар жырау (1668-1781), Шал ақын (1748-1819) жəне т.б. - өз дəуiрiнiң, философиялық идеалдарын бiлдiрген ойшылдардың бүтiндей бiр шоғыры. Жыраулар мен ақындар өздерiн толғандырған мəңгi философиялық мəселелердi өз шығармаларында бейнелей отырып, орасан зор рухани күш жiгердi өз бойларында қорытты. Кез-келген дамудың идеалы сабақтастық идеясымен тұтас байланыста екендiгi белгiлi. Осыған байланысты бiз ақын-жыраулардың дүниетанымының қалыптасуына ықпал еткен идеялық бастауларға тоқталғанды жөн көрдiк. Өйткенi, олардың өздерiн де, шығармашылығын да халық даналығының қайнар бұлақтары суарып отырды. Олардың қатарына ерте түркi əдеби ескерткiштерiн, дала тайпаларының əлеуметтiк-саяси, адамгершiлiк, философиялық көзқарастарының белгiлi дəрежеде квинтэссенциясын бiлдiретiн мақал-мəтелдер түрiндегi халық ауыз əдебиетiн жатқызуға болады.
Дүниетанымның қалыптасуына исламға дейiнгi жəне ислам дiндерi де үлкен ықпалын тигiздi. Адам жанын ашылған кiтаптай оқитын, туған даласымен физикалық тұрғыда да, рухани тұрғыда да байланысты болған бiзге белгiлi жəне белгiсiз данышпандардың шығармашылығындағы уақыт жiбiнiң сабақтастығы дəл осындай өлшем арқылы айқындалады. Ақын-жырау көзқарастарының қалыптасуының маңызды қайнар бұлақтарының бiрi ерте түркi жазбасы болып табылады. Бастапқы ескерткiштердiң тас плиталар мен балбал тастарда, жартастар мен тұрмыс жабдықтарында сақталғаны белгiлi. Бiзге дейiн жеткен санаулы ерте түркi жазбасының мəтiндерiнде түркiлердiң ата-бабаларының жоғарғы адамгершiлiк қасиеттер туралы этикалық мəселелер молынан кездеседi. Халықпен,Отанмен, оның абыройын қорғаумен, еркiндiгi мен тəуелсiздiгiн сақтаумен байланыстымəселелер жазба əдебиет ескерткiштерiнiң ең ежелгiлерiнiң бiрiнен саналатын Орхон-Енисей жазбаларында өзiнiң өте өткiр қойылуымен ерекшеленедi