
- •1) Дүниетанымның және оның түрлері (мифологиялық, діни, ғылыми, көркем, философиялық, күнделікті-қарапайым дүниетаным).
- •3.Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері. Һәм олардың
- •8)Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы).
- •9.Платон философиясы: “идея” теориясы, мемлекет жайлы ілімі
- •10)Аристотель философиясы: “материя” және “форма” түсінігі, мән жайлы ілімі
- •11) Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары идеялары(Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,т.Б.)
- •13)А. Августин мен ф. Аквинскийдің діни философиясы.
- •14)Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер, философия. Ислам философиясының ерекшеліктері.
- •16) Ислам философиясы: Әл- Кинди, Әл- Фараби, Ибн Рушд, Ибн Сина және т. Б.
- •17) Ислам философиясының даму ерекшеліктері
- •18) Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм.
- •19) Ф. Бэкон ғылымның мақсаты мен міндеттері және философияның пәні туралы, «идолдар» туралы ілімі, индукция әдісі.
- •20) “Неміс классикалық философиясы” дегеніміз не? Философияның статусының өзгеруі: метафизикадан гносеологияға қадам басу. И. Кант философиясы
- •21) Шеллингтің натурфилософиясы
- •22) Г.В.Ф. Гегельдің философиясындағы әдіс және жүйе. Гегельдің Абсолют идеясы жайлы ілім. Диалектиканың негізгі ілімдері
- •23) Л. Фейербахтың антропологиялық философиясы
- •24) Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.
- •25) Түркі ойшылдарының философиясы: Әл- Фараби, м: Қашқари, ж. Баласағұн, а. Иүгенеки.
- •26) Қорқыт Атаның рухани ілімі.
- •27) Сопылықтың түркілік бұтағы: қ. А. Иасауидің хал ілімі.
- •28 Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
- •30)Жаңа заман философиясы: р. Декарттың «күмәндану принципі»
- •31) Хiх ғасырдағы қазақ философиясының жаңашылдық сипаты: ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбайұлы.
- •32) Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы.
- •33)Хх ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы.
- •35) Хіх ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық (п.Я. Чаадаев, а.И. Герцен, и.В. Кирееевский, а.С. Хомяков).
- •36) Марксизм философиясы
- •37)Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы.
- •38) Гуссерльдің феноменологиясы
- •40) Экзистенциализм: пайда болу себептері, көрнекті өкілдері, негізгі категориялары. Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері.
- •41) Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт
- •42) Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде
- •43) Таным және оның түрлері.
- •44) Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.
- •45) Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу).
- •46) Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, концептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат
- •47) Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары
- •48) Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер
- •49) Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
- •50) Адам философиясы: өмірдің мәні.
- •51) Қоғамдық сананың түрлері. Мораль және адамшылық. Эстетикалық сана. Саяси және құқықтық сана. Діни сана. Ғылым қоғамдық сананың бір формасы ретінде.
- •52) Қоғамды философиялық талдаудың негіздері.
- •55) Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •57) Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері
- •59) Философиядағы адам мәселесі
- •60) Ақпараттық қоғам мәселелері. Шындықтың виртуалдануы
1) Дүниетанымның және оның түрлері (мифологиялық, діни, ғылыми, көркем, философиялық, күнделікті-қарапайым дүниетаным).
Дүниетаным деп адамның дүниеге және ондағы өзінің орнына деген көзқарастың біртұтас жүйесін айтады. Бұл сөйлемдегі ең маңыздысы "біртұтастық" дүниеге көзқарастағы идеялар, сезімдер мен құндылықтар, ұғымдар мен пікірлер бір-бірінен ажыратылмайды. Дүниеге біртұтас өарау дегеніміз ол құбылыстар арасындағы күрдеоі байланысты мойындау, бағдарлай білу, ең бастысы мақсаттар қойып және дұрыс бағдар таңдай білу. Осы айтылғандардың барлығы өмірді толыққанды етіп, оған мән беріп, байыта түседі. Дүниеге көзқарастың мынадай тарихи типтері бар: мифологиялық, діни, философиялық. Мифология(аңыз) дүниеге деген эмоционалды-бейнелік және фантастикалық қатынасқа негізделген ежелгі көзқарас. Мифологияның негізгі белгілері: эмоционалдық, табиғатты адамдандыру, бірігу. Мифологияның негізгі функциялары: табиғаттың құбылыстарын түсіндіру, мінез-құлықты тәртіпке келтіру, жаңа ұрпаққа тәжірибе беру. Діни(тақуалық, пәктік)-жоғарғы күшке сенуге негізделген дүниеге көзқарастың түрі. Діннің сипатты белгілері: жоғарғы күшке деген сенім, догматизм, моральға негізделген бағыт. Діннің негізгі функциялары: моральдық нормаларды тарату, рухани әлемді қалыптастыру, құдайға сенетіндерді біріктіру және нығайту. Философиялық дуниеге көзқарас жүйелік-теоретикалық ретінде анықталады. Философиялық дүниеге көзқарастың сипатты белгілері: логикалық және дәйектілік, жүйелілік және жинақтау сатысының жоғарылығы. Философиялық көзқарастың мифологиядан айырмашылығы ақыл-ойдың рөлінің жоғарылығы. Егер де мифология эмоция мен сезімге сүйенсе, ал философия бірінші кезекте логика мен дәлелдеуге сүйенеді. Діннен философияның айырмашылығы еркін ойлауға мүмкіндік берілуінде. Философия – адам мен дүниені танып білудің теоретикалық ядросы. Осыдан келіп оның дүниеге көзқарастың рөлі пайда болады. Бұл рөлі гуманистік, аксеологиялық және жалпы мәдени функцияларымен нақтылана түседі.
2) Философиядағы адам мәселесі
Адам проблемасы философиямен құрдас. Ертедегі шығыс ойшылдарының көбі өздерінің философия жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей адам проблемеларын алған. Философия тарихында адам мәселесіне берілген анықтамалар көп. Аристотель бойынша адам қоғамдық хайуан. Басқа хайуандардан адамның айырмашылығы ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Философиялық антропологияның материалистік концепциясын ұсынған Фейербахтың айтуынша, жеке дара жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін емес. «Менің» болуымның міндетті шарты- «Сенің» болуың, басқалардың болуы. Экзистенциализм «өмір философиясындағыдай» жалпы өмір мәселелсін қарастырмай, бар күштерін адамның жеке өмірін- «экзистенция» «адамның өмір сүруі» сияқты мәселелер тұрғысынан қарастыруға жұмсайды. өмір сүру дегеніміз-адамдардың біріккен болмысы. Шынайы өмір сүру дегеніміз күнделікті өмірмен тығыз байланысты,өз басының сезімі мен тілегінің, қамы мен мұқтаждығының жиынтығы негізінде іс әрекет етуі. Адам тіршілігінің негізгі қағидасы- «дүниенің қасында болу». Философияның дүниеге келу уақыты ғылымда нақтылы көрсетілмеген. Жалпы алғанда б.ғ.д. VI-V ғ.ғ. Шығыста да, Батыста да адамзаттың ұлы ойшыл-бабалары дүниеге келіп, философиялық ой-пікірді туғызды. Олар: Қытайда - Лао-Цзы, Кон-фу-Цзы, Парсы елінде Заратустра, үнді елінде - Гаутама Сидхартха, соңынан Будда (ағарған) аталған, Грецияда - Сократ, Фалес, Анаксимандр т.б. Палестинада - Илия, Исая, Иеремия т.б.
XX ғ. немістің ұлы философы К.Ясперс бұл заманды «кіндік уақыт»дейді. Өйткені бұл заманға дейінгі адмзаттың өмірі шектеліп, қайталана беретін өте баяу рухани өмірдің негізінде өтіп жатты және оның өзі саналы түрде танылмаған болатын.
Ал «кіндікті уақыт» келген заманда «Адам болмыстың өзін және өзімен өзінің шекарасын сезінеді, өзінің алдына ең биік мақсаттар қойып, өзінің санасының тұнғиығынан абсолютті таниды. Осының негізінде философтар Дүниеге келді. Адам жеке пенде ретінде тәуекел деп, өзін бүкіл Дүниеге қарсы қойды», дейді К. Ясперс.