Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osnovy_prava_okonchatelny (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
206.02 Кб
Скачать

8) Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.

ҚР Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Ол келесі жағдайлармен түсіндіріледі:

1. Конституцияда барлық басқа қайнар көздер үшін бастапқы болып табылатын жалпы сипаттағы құқықтық нормалар бекітіледі. Басқа қайнар көздер Конституция нормаларынан туындалады, оның ережелерін нактылайды.

2. Конституция – онда белгіленген нормалардың мазмұнының кеңдігімен сипатталады. Конституция нормалары қоғам өмірінің барлық салаларына әсер етеді. Ал, басқа қайнар көздер қатынастардың қандай да белгілі бір саласын реттейді;

3. Конституция басқа қайнар көздерге қарағанда жоғары заңи күшке ие, Қазақстанның бүкіл аумағында тікелей қолданылады;

4. Конституцияда құқық саласы қайнар көздерінің басқа да көптеген түрлері анықталады. Онда құқықтық актілердің аты, олардың заңдылық күші, қабылдану, күшін жою және жариялау тәртібі белгіленеді;

5. Конституцияда бекітілген нормалар халықтың мемлекеттік еркін жүзеге асыру нысаны ретінде болады;

6. Конституция жоғары құқықтық мәні, жоғары қоғамдық маңызы бар акт болып табылады. Оның нормалары әрбір азаматқа, қоғамдық қызметтің барлық субъектілеріне бағытталған.

Конституция – бұл мемлекет өмірінің негізгі бастауларын – мемлекеттің құрылысын, саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйесінің негіздерін бекітетін, адамның қоғамдағы алатын орнын байқататын мемлекеттің негізгі заңы немесе актілердің жиынтығы.

Конституцияның ерекшеліктері:

- қоғамның батлық субъектілеріне бағытталуы. Конституция бірмезетте қоғамның барлық субъектілерінің жүріс- тұрысын реттейді, ал өзге құқықтық актілер қоғамның нақты бір субъектілеріне арналып шығарылады. Мысалы, сайлау туралы заң тек сайлау қатынасына қатысушылардың, азаматтық туралы заң азаматтық қатынасына түсушілердің ғана жүріс- тұрысын реттейді;

- конституциялық реттеу пәнінің ерекшелігі. Конституция қоғамның ең негізгі, фундаменттік қатынастарын реттейді. Ол қатынастарға жалпы қамтушылық сипат тән;

- конституцияға жалпы құрылтайшылық сипат тән. Конституцияда басқа актілердің көптеген түрлері анықталады. Онда құқықтық актілердің аты, олардың заңдылық күші, қабылдану, күшін жою және жариялау тәртібі белгіленеді;

-ерекше тәртіппен қорғалуы. Конституция ерекше қорғалатын акт болып табылады. Конституция бойынша оны қорғау Конституцияның мызғымастығының кепілі ретінде Президентке, конституциялық қадағалау органы – Конституциялық Кеңеске жүктелген. Сонымен қатар, Республика Конституциясын сақтау әркімнің конституциялық міндеті болып табылады.

ерекше жолмен қабылданылуы. Конституция - халықтың тікелей ерік білдіруінің көрінісі, ол референдум арқылы Қазақстан халқымен қабылданған бірден-бір акт болып табылады.

күрделендірілген тәртіпте өзгерістер мен толықтырулар енгізу. ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу ерекше күрделі тәртіпте жүзеге асырылады. Ол екі түрлі жолмен жүргізілуі мүмкін: Парламентпен және республикалық референдум арқылы. Парламент Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды Президенттің бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзенедi. Конституцияға өзгертулер м толықтыруларды референдум арқылы енгізу тәртібі Конституцияның 91 бабында реттелген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]