Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osnovy_prava_okonchatelny (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
206.02 Кб
Скачать

51.Жер заңымен жер учаскесін мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктерге мәжбүрлеп алу белгіленген. Мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер деген не?

Жер заны мен жер учаскесiн мем-к когамдык кажеттiлiктерге мажбурлеп иелiктен шыгару кезiнде ерекше жагдайлар:

Халыкаралык мiндеттемелер;

Корганыс кажетiне, ерекше коргалатын табиги аумактарга, сауыктыру, рекриациялык жане тарихи-мадени максат-на арнап жер беру жане арн. Ак-к аймактын курылуы мен олардын жумыс iстеу.

Пайдалы казба, кен орындарынын табылуы жане оларды казу.

Электр тарату желiнiн, байланыс желiлерiн магистральдi кубырлар, ендi мекемелер-н ортак пайдаланудагы инженерлiк коммуникациялык желiнiн салу, сондай-ак мемл-ке бар баска да объектiлердi салу;

Кулау каупi бар авариялык жане ескерген тургын уйлердi бузу.

Осы бапта белгiленген ерекше жан тiзбесiне жататын курылыс объектiлерiнiн болiгiнде елдi – мекен-н бас жоспарларын орындау, Сондай-ак мем-к жане ондiрiлiс багдарлама да козделген объектiлердi,камтамасыз ететiн инветициялык жобаларды салу жане когамнын манызы бар максаттарга кол жеткiзу болып табылады.

52.Ғылыми зерттеу институтының ұжымы кезінде өздері ұсынған депутат Қаптағановтың есебін тыңдау туралы шешім қабылдады.Бірақ Қаптағанов өзінің басқа елдің азаматтығын алуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтатқанын айтып ,есеп бермейтінін хабарлады.Қаптағановтың әрекеті заңға сай ма?

Бұл есеп бойынша депутат Қаптағановтың әрекеті заңға сай, Себебі 2001 жылы 23 қаңтарда қабылданған ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңына сәйкес мәслихат депутатының өкілеттігі мынадай жағдайларда тоқтатылады.

1) Депутат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;2) депутатты әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;3) мәслихаттық өкiлеттiгi тоқтатылса;4) депутат қайтыс болса;5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;6) соттың депутатқа қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енсе;7) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстен тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты;9) депутат өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаса, оның iшiнде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.

53.Қазақстан Республикасының институтында оқитын студент Ли Чан өз курстасы Томақбаеваға өзімен некеге тұруға және Қытай азаматтығын алуға ұсыныс жасады.Томақбаева өз келісімін беріп, алдымен Қазақстан азаматтығынан шығу керектігін айтты. Қазақстан Республикасының азаматтығы қандай жағдайда тоқтатылуы мүмкін.

Бұл есеп бойынша ҚР-ның азаматтығы, ҚР-ның азаматтығы туралы 1991 ж 20 желтоқсан қабылданған заңына сәйкес, мынандай жағдайда тоқтатылады.

Азаматтықты тоқтату негіздері

Қазақстан Республикасының азаматтығы: 

1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.

Азаматтықтан шығу

Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі. 

Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін. 

Егер шығу туралы өтініш жасаушы адам айыпкер ретінде қылмысты жауапқа тартылған болса не заң жүзінде күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе, немесе ол адамның Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға жол берілмейді.

Бұл есепте Томақбаевтың ҚР азаматтығынан шығуы еш себеп жоқ. Ол кедергісіз өз азаматтығын тоқтатады.

54.АҚШ азаматтары ерлі – зайыпты Гопинстер және олардың 12,15,19 жасар балалары Қазақстанға көшіп ,Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға шешім қабылдады.Оларға қай органға өтініш беруге қажет?Қазақстан азаматтығын қандай тәртіппен алуы мүмкін?Олардың балаларының азаматтығы туралы мәселе қалай шешілуі тиіс?

Ішкі істер органдары ҚР-ның халықаралық шарттарында көзделгендей ҚР-ның халықаралық шарттарында көзделгендей, ҚР-ның азаматтығын алуды және ҚР-ның азаматтығын алуды және ҚР-ның азаматтығынан шығуды тіркеуді жүзеге асырады.

Азаматтық алу негіздері

Қазақстан Республикасының азаматтығы: 

1) тууы бойынша;2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде; 3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша; 4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады. 

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтініштері бойынша осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы мүмкін. 

ҚР-ның азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді ҚР-ның Президенті қабылдайды.Балалаларының азаматтығы бойынша мәселе мына ретпен шешіледі:1) Ата-анасының азаматтығы өзгеріп, соның салдарынан екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болған, не екеуі де Қазақстан Республикасы азаматтығынан шыққан жағдайда тиісінше олардың 14 жасқа толмаған баласының азаматтығы да өзгереді.  2) 14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың ата-анасы азаматтығын өзгерткен ретте, сондай-ақ оны асырап алған немесе оған қамқоршылық белгіленген ретте оның азаматтығын осы Заңның 33-бабында көзделген тәртіп бойынша баланың келісуімен ғана өзгертуге болады.  3) 19 жастағы баласы жоғарыда көрсетілгендей өтініш беру арқылы қабылданады.

55.Журналист Наурызбаева шетел азаматына тұрмысқа шығып Біріккен Араб Әмірліктеріне көшіп кетті.Бірақ жүктілік және туу кезіне Қазақстанға келіп, осында бала туды.Наурызбаеваның баласының азаматтығы қалай анықталады?

Бұл есеп ҚР-ның азаматтығы туралы 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңына сәйкес

Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала: 

1) Қазақстан Республикасының территориясында туса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. 

Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады. 

56. С. Азаматы өз автокөлігінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті және сол үшін жол полиция қызметкерімен тоқтатылды. С. құқықтың қай саласының нормаларын бұзды: азаматтық құқық, еңбек құқығы,әкімшілік құқығы, транспорт заңдарын.

С.Азаматының әрекеті 2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы клдексінің нормаларына қайшы келеді. Аталған Заңға сәйкес;

Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өтіп кету  он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Егер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

57.Келесі актілердің қайсысын әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне жатқызуға болады:заң ; кодекс ; жарлық ; қаулы ; бұйрық ; инструкция ;ереже ; телефонограмма ;әдістемелік нұсқау.Өз актілерін шығару құқығына қандай мемлекеттік органдар ие болады?

Заң, құқықта (ағылш. law) - мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер; мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы (мысалы: референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. 

Әкімшілік кодекс — әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тарту, жаза шараларын белгілеу, т.б. мәселелерін айқындаушы құқық нормаларын біріктіретін, бірегей жүйеленген заңдар актісі.(ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 2001ж 30 қаңтар)

Жарлық — мемлекет басшысының қабылдайтын құқықтық актісі. Құқықтық жағынан Жарлық нормативтік және нормативтік емес болып бөлінеді. Нормативтік Жарлық мемлекеттің бүкіл аумағында міндетті күші бар құқықтық нормаларды белгілейді. Нормативтік емес Жарлық нақты оқиғаға байланысты шығарылады (мысалы, азаматтарды лауазымды қызметке тағайындауға, марапаттауға, т.б. байланысты). 

Мемлекеттік басқару органдарының шығаратын актілері:

1) қаулылар- бұл алқалы тәртіпте қабылданатын акт, мысалы, ҚР Үкіметінің қаулылары;

2) шешімдер- бұл алқалы тәртіпте, сондай-ақ дара басшылық тәртібінде (жеке) шығарылатын акті,

мысалы,маслихаттардың, әкімдердің шешімі;

3) өкімдер — бұл жеке, дара басшылық тәртіпте шығарылатын акт, мысалы, ҚР Президентінің өкімі;

4) бұйрықтар — бұл дара басшылық органдардың жетекшілері шығаратын акт, мысалы министрдің бұйрығы; Бұйрық жеке, сондай-ақ нормтивті болуы мүмкін.

5) нұсқаулар — бұл мемлекеттік басқару органдарының жетекшілері қабылдайтын акт, мысалы, министр және т.б.

Нұсқау нормативті-құқықтық актілердің нақты орындалу тәртібін белгілейді.

58.Зауыт директоры зауыт аумағын тазалау үшін сенбілікті өткізу және оны ұйымдастыру тобы туралы бұйрық шығарды.Бұл бұйрыққа сүйеніп ұйымдастыру тобы сенбілік өткізу уақытын, оған қатысушыларды тағайындап, оларды құрал сайманмен және көлікпен қамтамасыз етті.Лауазымды тұлғаның шешімі еңбек шартында көзделмеген және қоғамдық жұмыстарды орындауға негіз бола алады ма?

Бұл есеп 2007 жылы 15 мамырда қабылданған ҚР еңбек кодексінің нормаларымен реттеледі.

Бұл жағдайда Еңбек кодексінің көрсетілгендей лауазымды тұлғаның шешімі еңбек шартында көзделмеген бірак өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілерді қабылдау қызметкерлер өкілдерінің келісімімен ғана жүзеге асырылады және қоғамдық жұмыстарды орындауға негіз бола алады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]