- •1.Мемлекет: ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, атқаратын қызметтері. Құқықтық мемлекет.
- •3) Мемлекеттің негізгі белгілеріне:
- •2. Құқықтың түсінігі мен белгілері, құқықтың қайнар көзлер, құқық нормасы
- •3. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •4) Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
- •5) Заңдылық, құқықтық тәртіп түсінігі мен құқықбұзушылықтың түсінігі, құрамы, түрлері
- •6) Құқықтық қатынастың түсінігі, белгілері, құрамы, мубъектілреі мен объектілері
- •7) Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, з.Ж. Босатудың негіздері
- •8) Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •9) Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен міндеттері
- •10) Қр Президенті
- •11) Мемлекеттік билік, оның түрлері
- •12) Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •13) Қр ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері
- •15) Қр құқық қорғау органдарының түсінігі мен түрлері
- •16) Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі
- •17) Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •18) Әкімшілік құқық: түсінігі, пәні,әдістері, қайнар көздері, субьектілері
- •19) Әкімшілік құқықбұзушылық түсінігі мен құрамы
- •20) Әкімшілік жауаптылық. Әкімшілік жаза түсінігі мен түрлері
- •21) Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері, қайнар көздері мен қағидалары
- •22) Қылмыстық-құқықтық қатынастар
- •23) Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылу негіздері. Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •24) Мемлекеттік қаржылармен қаржылық құқық
- •25) Мемлекеттің қаржылық қызметі және қаржылық бақылау
- •26) Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі
- •27) Қр экологиялық құқығы түсінігі, жүйесі, қайнар көздері, обьектілері мен субьектілері
- •28) Қр жер құқығының түсінігі, жүйесі, қайнар көзі. Жерге меншік құқығының түсінігі мен түрлері
- •29) Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі мен сатылары. Қылмыстық процесске қатысушылар.
- •30) Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері. Талап-арыз ұғымы мен мазмұны
- •31. Халықаралық құқық түсінігі, пәні, салалары және қайнар көздері, халықаралалық ұйымдар.
- •32. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері
- •34. Меншік құқығы. Мұрагерлік құқық түсінігі мен түрлері
- •35. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі
- •36. Ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастар
- •37. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері, қағидалары, қайнар көздері
- •38. Жеке еңбек шартытының түсінігі мен жасалу тәртібі, жеке еңбек шартын тоқтату негізлері
- •39. Салық құқығының ұғымы, пәні және қызметі
- •40. Қр салықтар жүйесі мен түрлері
- •45.Дауылбаев қызық көріп а-ны жағадан суға итеріп жіберді.А. Жүзу білмеген еді (бұл туралы Дауылбаев білмеді) және сол себепті суға батып кетті.Дауылбаевтың кінәсі бар ма?
- •51.Жер заңымен жер учаскесін мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктерге мәжбүрлеп алу белгіленген. Мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер деген не?
- •59.Жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрды.Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма?
38. Жеке еңбек шартытының түсінігі мен жасалу тәртібі, жеке еңбек шартын тоқтату негізлері
Жеке еңбек шарты дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.
ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D0%B7%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%BA%D0%B5%D1%80"ызметкер еңбек шартына сәйкес белгілі бір қызмет түріне қатысты, яғни мамандығына, кәсібіне, біліктілігіне және дәл сол кезеңде орындауға тиіс қызметіне және өндірістің жалпы қажетіне орай айқындалатын жұмысқа қатысты қызметті орындауға міндеттенеді.
Кәсіпорынның (мекемелердің, ұйымдардың) өндірістік қызметіне қызметкердің өз басының жеке, тікелей қатысуы жеке еңбек шартының тағы да бір белгісі болып табылады. Бұл жағдай қызметкерді құрамға (штатқа) кіргізіп, оны кәсіпорынның өндірістік қызметіне қосуды көздейді.
Жұмыс берушінің қHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D0%B7%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%BA%D0%B5%D1%80"ызметкерге жалақы төлеп тұруға міндеттілігі жеке еңбек шартының ерекшелігі болып табылады.
Еңбек шартының мерзімі
Жеке еңбек шартын жасасудың мынадай мерзімдері болады:
белгісіз мерзімге — жеке еңбек шартының уақыты көрсетілмейді;
белгілі бір мерзімге — бір жылдан аспайтын;
істелетін жұмыстың аз уақытта атқарылуына немесе орындау жағдайына, сондай-ақ жұмыста жоқ қызметкердің орнын ауыстыруға байланысты бір жылдан аспайтын белгілі бір мерзімге.
Екі жақ оның барлық елеулі шарттары бойынша келісімге келген кезде — жеке еңбек шарты жасалды деп есептелінеді. Жеке еңбек шарты кем дегенде екі дана болып толтырылады және тараптардың қолы койылады. Қол қойылған жеке еңбек шартының бір данасы — қызметкерге, ал екіншісі —жұмыс берушіге беріледі.
Жеке еңбек шартының негізінде жалданатын қызметкердің еңбегіне ақы төлеу және материалдық көтермелеу шарттары тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Жеке еңбек шарты 16 жасқа толған соң жасалады.
Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімі
Жұмысқа алар кезде сынақ мерзімін белгілеу мүмкіндігі қарастырылады. Сынау еңбек шартының міндетті емес шарттарының қатарына жатқызылады. Сынақ мерзімі қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі үш айдан артпауы керек.
ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D0%B7%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%BA%D0%B5%D1%80"ызметкерлерді маусымдық жұмысқа алған кезде тараптардың келісімімен сынақ мерзімін белгілеуге болмайды. Сынақтан өткізу шарты жеке еңбек шартында міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Егер ол жұмысқа алу жөніндегі бұйрықта ғана көрсетілген болса, онда сынақ мерзімін белгілеуді заңды деп есептеуге болмайды, өйткені бұйрық — бір жақты ғана кесім, ал заң мұндай шарттар жөнінде жұмыс беруші мен қызметкердің келісуін талап етеді. Жұмыс берушінің бір жақты сынақ мерзімін белгілеуі бұл қызметкердің құқығын бұзғандық болып табылады.
Қызметкердің сынақ кезіндегі еңбек жағдайы өзге қызметкерлердің еңбек жағдайынан өзгеше болмауы керек.
Қызметкер ішкі еңбек тәртібі ережелеріне мойынсұнады, оның еңбегі жалақы нормалар мен бағалауға сәйкес не еңбекақы ретінде төленеді. Сынақ мерзімімен жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік сақтандыруға құқHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D2%9B%D1%8B%D2%9B"ығы бар. Сыннан сүрінбей өткен қызметкерді жұмысқа түпкілікті алу жөнінде бұйрық шығарудың қажеті жоқ.
Жеке еңбек шартын бұзудың белгілі тәртібі болады. Шартты бұзу жөніндегі бастаманың қызметкерлерден. де, жұмыс берушіден де және жауапты тұлғалардан да (сот, әHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D3%98%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%B8_%D0%BA%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D1%81%D1%81%D0%B0%D1%80%D0%B8%D0%B0%D1%82&action=edit&redlink=1"скериHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D3%98%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%B8_%D0%BA%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D1%81%D1%81%D0%B0%D1%80%D0%B8%D0%B0%D1%82&action=edit&redlink=1" комиссариат, кәсіподақ, т.б.) шығуы мүмкін. Өз ұсынысымен бастама көтеріп, еңбек шартын бұл туралы екінші жақты жеке еңбек шартында келісілген мерзімде жазбаша ескертуі керек. Жалпы ереже бойынша бір жақтың (шартты бұзудың бастамашысы) екінші жақты ескерту мерзімі жеке еңбек шартын бұзған сәттен бір айдан кем болмауы қажет
