- •1.Мемлекет: ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, атқаратын қызметтері. Құқықтық мемлекет.
- •3) Мемлекеттің негізгі белгілеріне:
- •2. Құқықтың түсінігі мен белгілері, құқықтың қайнар көзлер, құқық нормасы
- •3. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •4) Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
- •5) Заңдылық, құқықтық тәртіп түсінігі мен құқықбұзушылықтың түсінігі, құрамы, түрлері
- •6) Құқықтық қатынастың түсінігі, белгілері, құрамы, мубъектілреі мен объектілері
- •7) Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, з.Ж. Босатудың негіздері
- •8) Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •9) Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен міндеттері
- •10) Қр Президенті
- •11) Мемлекеттік билік, оның түрлері
- •12) Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •13) Қр ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері
- •15) Қр құқық қорғау органдарының түсінігі мен түрлері
- •16) Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі
- •17) Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •18) Әкімшілік құқық: түсінігі, пәні,әдістері, қайнар көздері, субьектілері
- •19) Әкімшілік құқықбұзушылық түсінігі мен құрамы
- •20) Әкімшілік жауаптылық. Әкімшілік жаза түсінігі мен түрлері
- •21) Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері, қайнар көздері мен қағидалары
- •22) Қылмыстық-құқықтық қатынастар
- •23) Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылу негіздері. Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •24) Мемлекеттік қаржылармен қаржылық құқық
- •25) Мемлекеттің қаржылық қызметі және қаржылық бақылау
- •26) Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі
- •27) Қр экологиялық құқығы түсінігі, жүйесі, қайнар көздері, обьектілері мен субьектілері
- •28) Қр жер құқығының түсінігі, жүйесі, қайнар көзі. Жерге меншік құқығының түсінігі мен түрлері
- •29) Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі мен сатылары. Қылмыстық процесске қатысушылар.
- •30) Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері. Талап-арыз ұғымы мен мазмұны
- •31. Халықаралық құқық түсінігі, пәні, салалары және қайнар көздері, халықаралалық ұйымдар.
- •32. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері
- •34. Меншік құқығы. Мұрагерлік құқық түсінігі мен түрлері
- •35. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі
- •36. Ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастар
- •37. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері, қағидалары, қайнар көздері
- •38. Жеке еңбек шартытының түсінігі мен жасалу тәртібі, жеке еңбек шартын тоқтату негізлері
- •39. Салық құқығының ұғымы, пәні және қызметі
- •40. Қр салықтар жүйесі мен түрлері
- •45.Дауылбаев қызық көріп а-ны жағадан суға итеріп жіберді.А. Жүзу білмеген еді (бұл туралы Дауылбаев білмеді) және сол себепті суға батып кетті.Дауылбаевтың кінәсі бар ма?
- •51.Жер заңымен жер учаскесін мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктерге мәжбүрлеп алу белгіленген. Мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер деген не?
- •59.Жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрды.Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма?
30) Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері. Талап-арыз ұғымы мен мазмұны
Азаматтық іс жүргізу құқықғының пәні, әдісі, жүйесі мен қағидаттары. Азаматтық іс – азаматтық іс іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен азаматтық сотта қаралатын іс. Азаматтық іске: жеке адамдар мен заңды тұлғалардың құқылары мен заңды мүдделерін қорғайтын азаматтық құқық бойынша дау – дамайлар жөніндегі іс басқару органдарының немесе лауазымды басшылардың өз уәкілеттерін бұза отырып, азаматтардың құқыларына нұқсан келтірген іс - әрекеттеріне шағым бойынша заңды мәні бар деректерді айқындау жөніндегі іс; азаматтық құқық субъектілерінің мүліктік емес жеке құқыларын (яғни ар – намысын, абыройы мен іскерлік беделін, т. б.Қ қорғауға байланысты іс жатады. Азаматтық іс арнаулы заңдарда көзделген қағидаларға сай жүргізіледі. Азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істерді сотта қараудың шешудің тәртібін, сондай – ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың, сот атқарушының және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай – ақ олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғым өзімен аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды. Республикада жүргізіліп жатқан құқықтық реформа сот қызметін жетілдіруге, сот билігін күшейтуге, оған мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы бөлікпен қатар үшінші билік рөлін беруге бағытталған. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды (Қазақстан Республикасы Конституциясының 76 бабы). Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның 75 бабы). Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар-азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық және ведомстволық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар. Азаматтық істерді қарау мен шешу тәртібі азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдармен белгіленеді. Республиканың барлық соттарында азаматтық істерді жүргізу тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен белгіленеді. Азаматтық іс жүргізу құқығы-мемлекет белгілеген құқықтық нормалардың соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, басқаша айтқанда, азаматтық істер бойынша сот әділдігін, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындау тәртібін реттейтін жиынтығы немесе жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке, дербес құқық саласы болып табылады, оның да дербес нысанасы және реттеу әдісі бар. Азаматтық іс жүргізу құқығының реттейтін нысанасы сот пен іс жүргізуге қатысушы тұлғалар, яғни азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар азаматтық істі жүргізу процесінде туындайды. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының басты, міндетті субъектісі мемлекеттік билік органы сот болып табылады, басқа субъектілер соттан қорғау сұраған тұлға немесе іске қатысуға жауапкер ретінде не куә, сарапшы және т.б. тұлғалар болуы мүмкін. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері арасында іске қатысушы тұлғалар ерекше бөліп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44 бабына сәйкес оларға мыналар: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар және заңда көзделген жағдайда басқа адамдардың құқықтары мен міндеттерін қорғайтын басқа да қоғамдық ұйымдар жатқызылған. Олар іске өз атынан қатысады, өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін, не басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Бұлар-өздерінің іс жүргізу әрекеттерімен істің қозғалуына, істің бір сатыдан екінші сатыға өтуіне және істі жүргізудің қысқартылуына ықпал ететін тұлғалар. Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік-диспозитивтік сипатта болады. Соттың іс жүргізу әрекеттері билік сипатында жасалады, олар өздері арнап шығарылған тұлғалар үшін міндетті, өйткені оларды мемлекеттік билік органы шығарады және мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген. Іске қатысушы тұлғалар жасайтын іс жүргізу әрекеттері диспозитивтік сипатта болады. Азаматтық іс талап қоюшының талап-арыздан бас тарту туралы арызы бойынша немесе тараптардың бітісу келісімін жасауы себепті қысқартылуы мүмкін. Азаматтық істің өзіндік ерекшелігі осында. Азаматтық іс жүргізу құқығы жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімге сот әділдігі принциптерін, азаматтық істердің сотқа қарастылығы, сот құрамын, қарсылық білдіруді, іске қатысушы тұлғалардың құрамын, олардың іс жүргізу құқығы мен міндеттерін дәлелдеу, талап қою және басқаларын баянды ететін нормалар енеді. Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлігі-құқықтың осы саласының жекелеген институттарын, сатыларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Азаматтық іс жүргізу соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процеске басқа да қатысушылардың, сондай-ақ сот қаулыларын орындайтын органдардың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі. Азаматтық іс жүргізу дегеніміз, іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуының және тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады, өйткені бұл қатынастар іске мүдделі барлық тұлғалардың белсене қатысуымен азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметі процесінде пайда болады, дамиды және тоқтатылады не олар соттың істің шын мән-жайын анықтауына жәрдемдеседі. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері Азаматтық іс жүргізу кодексінің 5 бабында белгіленген. Сот азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтық істерді дұрыс және мерзімінде шешуі тиіс. Осы негізгі міндетті орындау арқылы азаматтық сот ісін жүргізу құқықтық мемлекетті, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, әлеуметтік әділеттілікті орнықтыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтарды заңдарды дәл және мүлтіксіз орындау, азаматтардың құқығы, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, ортақ тұрмыс ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге жәрдемдесуге тиіс. Кепілдік берілген конституциялық құқықтар мен бостандықтарды пәрменді түрде қорғау соттардан сот ісін жүргізудің барлық кезеңдерінде қолданылуға тиісті құқық нормаларының бәрін аса қатаң сақтауды талап етеді. Азаматтық процесс жеке сатылардан тұратын үдемелі қозғалыс болып табылады. Процесс мынадай сатыларға бөлінеді: 1)сотта азаматтық істің қозғалуы; 2)істі сотта қарауға әзірлеу; 3)істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау; 4)істі апелляциялық тәртіппен қарау; 5)заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібін қайта қарау; 6)заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды, қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау; 7)атқару ісін жүргізу; Азаматтық процестің сатылары-біртұтас азаматтың сот ісін жүргізудің аса жақын мақсат біріктірген құрамдас бөліктері. Әрбір азаматтық істің жоғарыда аталған сатылардың бәрінен өтуі міндетті емес екенін айта кеткен жөн. Бұл тараптардың қалауына байланысты. Азаматтық процесс азаматтық істі қарау және шешу кезінде сот пен басқа да субъектілер арасында қалыптасатын іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуы мен тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады. Азаматтық істердің көпшідігі талап істер жүргізу ережелері бойынша қаралады. Олар сотта талап арыз беру арқылы қозғалады, оларға құқық туралы даудың болуы тән, сот қарауының мәселесі даулы құқық қатынасы, дауласушы тараптардың қатысуы болып табылады. Соттар талап істерден басқа конституциялық және әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын істерді, сондай-ақ ерекше сипатта жүргізілетін істерді қарайды. Азаматтық іс жүргізу құқығы құқықтың басқа салаларымен, әсіресе материалдық салаларымен тығыз байланысты. Онда анықтау нысанасын, істің сотқа қарастылығын анықтайтын азаматтық іс жүргізу сипатындағы нормалар болады. Сот іс бойынша шешім шығаратын кезде даулы құқық қатынастарын реттейтін материалдық құқық нормаларын қолданады. Азаматтық іс жүргізу құқығы қылмыстық іс жүргізу құқығымен тығыз байланысты, өйткені екі сала да сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметінің тәртібін белгілейді. Олардың арасындағы ұқсастық көптеген іс жүргізу сатыларындағы іс жүргізу нысанында болып табылады. Олардың арасында айырмашылық та бар. Қылмыстық іс жүргізу құқығы соттың ғана емес, сонымен қатар алдын ала тергеу органдарының да қызметін қамтиды. Құқықтың бұл саласын реттеу мәселесінде де айырма бар. Азаматтық іс жүргізу құқығының деректемелері азаматтық істер бойынша сот әділдігін
