- •1.Мемлекет: ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, атқаратын қызметтері. Құқықтық мемлекет.
- •3) Мемлекеттің негізгі белгілеріне:
- •2. Құқықтың түсінігі мен белгілері, құқықтың қайнар көзлер, құқық нормасы
- •3. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •4) Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
- •5) Заңдылық, құқықтық тәртіп түсінігі мен құқықбұзушылықтың түсінігі, құрамы, түрлері
- •6) Құқықтық қатынастың түсінігі, белгілері, құрамы, мубъектілреі мен объектілері
- •7) Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, з.Ж. Босатудың негіздері
- •8) Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •9) Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен міндеттері
- •10) Қр Президенті
- •11) Мемлекеттік билік, оның түрлері
- •12) Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •13) Қр ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері
- •15) Қр құқық қорғау органдарының түсінігі мен түрлері
- •16) Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі
- •17) Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •18) Әкімшілік құқық: түсінігі, пәні,әдістері, қайнар көздері, субьектілері
- •19) Әкімшілік құқықбұзушылық түсінігі мен құрамы
- •20) Әкімшілік жауаптылық. Әкімшілік жаза түсінігі мен түрлері
- •21) Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері, қайнар көздері мен қағидалары
- •22) Қылмыстық-құқықтық қатынастар
- •23) Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылу негіздері. Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •24) Мемлекеттік қаржылармен қаржылық құқық
- •25) Мемлекеттің қаржылық қызметі және қаржылық бақылау
- •26) Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі
- •27) Қр экологиялық құқығы түсінігі, жүйесі, қайнар көздері, обьектілері мен субьектілері
- •28) Қр жер құқығының түсінігі, жүйесі, қайнар көзі. Жерге меншік құқығының түсінігі мен түрлері
- •29) Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі мен сатылары. Қылмыстық процесске қатысушылар.
- •30) Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері. Талап-арыз ұғымы мен мазмұны
- •31. Халықаралық құқық түсінігі, пәні, салалары және қайнар көздері, халықаралалық ұйымдар.
- •32. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері
- •34. Меншік құқығы. Мұрагерлік құқық түсінігі мен түрлері
- •35. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі
- •36. Ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастар
- •37. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері, қағидалары, қайнар көздері
- •38. Жеке еңбек шартытының түсінігі мен жасалу тәртібі, жеке еңбек шартын тоқтату негізлері
- •39. Салық құқығының ұғымы, пәні және қызметі
- •40. Қр салықтар жүйесі мен түрлері
- •45.Дауылбаев қызық көріп а-ны жағадан суға итеріп жіберді.А. Жүзу білмеген еді (бұл туралы Дауылбаев білмеді) және сол себепті суға батып кетті.Дауылбаевтың кінәсі бар ма?
- •51.Жер заңымен жер учаскесін мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктерге мәжбүрлеп алу белгіленген. Мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер деген не?
- •59.Жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрды.Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма?
24) Мемлекеттік қаржылармен қаржылық құқық
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ – экономиканы реттеуге, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін, қорғаныс және мемлекеттік басқару мұқтаждарын қанағаттандыруға, мемлекеттік борышты өтеуге, т.б. арналған мемлекеттік ақша қорларын құрау мен пайдалануға байланысты құндық бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынасы. Елдің қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. М. қ. экон. мазмұнына қарай әртекті болып келеді, онда мемл. бюджет, мемл. бюджеттен тыс қорлар, мемл. несие, мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындардың қаржысы қамтылады. М. қ-ның аталған буындарының сан алуан атқарымдық мақсатына орай мемлекет қоғамда болып жатқан экон. және әлеум. үдерістерге түрліше ықпал етеді, салалық және аумақтық мәселелердің қолайлы шешімін табады.
М. қ-да мемл. бюджет аса маңызды рөл атқарады. Оның көмегімен қаржы ресурстары мемлекет қорына жұмылдырылады. Солардың есебінен мемл. мақсатты бағдарламалар қаржыландырылады, экономиканы тұрақтандыру, әлеум. саланы қаржыландыру, халықар. және ішкі мемл. міндеттемелерді орындау, елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, қарулы күштерді ұстау, мемл. басқару шаралары жүргізіледі. Бюджеттен тыс мемл. қорларды мемл. билік органдары басқарады. Оларға азаматтардың конституц. құқықтарын (олардың тегін мед. көмек алу, денсаулығын қорғау, сырқаттығына, мүгедектігіне байланысты, жұмыссыз қалғанда, асыраушысынан айрылғанда, перзент туғанда және тәрбиелегенде, т.б. жағдайларда әлеум. қамсыздандырылу құқығын) іске асыру үшін құралатын әлеум. мақсаттағы бюджеттен тыс мемл. қорлар, мин-тер мен идаралардың қарамағындағы мақсатты респ. және аймақтық қорлар (инновац., экол., аймақтық даму қорлары, т.б.) жатады. Мемл. несие заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражатын жұмылдыруға мүмкіндік береді, бұл қаражат бюджеттік кіріспен қамтамасыз етілмеген шығыстарды қаржыландыру үшін респ. және жергілікті билік органдарының қарамағына ақылы және қайтарылатын негізде түседі және бюджет тапшылығын жабуға мүмкіндік береді, ақша айналысы саласында туған қиыншылықты бәсеңдетеді.
Мемл. кіріс пен мемл. шығыс М. қ-ның атқарымдық нысаны болып табылады. Мемл. кіріс қаржы қатынастарының қаржы ресурстары мемл. билік органдарының қолына жиналып, мемл. кәсіпорындардың қарамағына берілетін бөлігі болып табылады.
Мемл. шығыс қаржы ресурстарын мемл. қажеттіліктерді өтеуге пайдаланумен байланысты туындайтын қаржы қатынастарынан көрініс табады.
Қаржы құқығы дегеніміз- мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды, яғни мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік
қаржылық қатынастар, ал нормативтік құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды.
Мемлекеттің қаржылық қызметі үш түрлі әдіс арқылы реттеледі:
1. Ақшалай қорларды қалыптастыру
2. Ақшалай қорларды бөлу
3. Ақшалай қорларды пайдалануды ұйымдастыру
Ақшалай қорларды бөлу әдістері: ақша қаражаттарын бюджеттен біржола, ақысыз беру, кредит беру, ақша қаражаттарын қайтарымды, ақылы негізде белгілі мерзімге уақытша пайдалануға беру сияқты кредиторлардың мемлекеттік өз қаржылық міндеттемесін орындаумен жүзеге асырылады.
Қаржылық құқықта пайдаланылатын құқықтық реттеу әдістеріне имперотивтік мемлекеттік өктем билік әдісі мен диспозитивтік қаржылық шартты әдіс жатады.
Қаржылық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады.Олар жалпы және ерекше бөлім.Жалпы бөлім мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері, ақша жүиесінің құқықтық негіздері, мемлекеттік қаржылар саласын басқару, қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері және басқа да институттардан тұрады.
Ерекше бөлім: бюджет құқығы, қаржылық банктік құқық, қаржылық сақтандыру құқығы, қаржылық шаруашылық құқығы сияқты бөлімдерден тұрады.
Мемлекеттің қаржылық құрылымын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:
1. Қаржы министірлігі.
2. Қ.Р. қаржы министірлігінің салық комитеті т.б. комитеттер.
3. Қаржы министірлігінің құзырындағы аудандық қаржы бөлімдері мен облыстық қаржылық басқармалар.
4. Қ.Р.- ның ұлттық банкі және тағы басқа да банктік депортаменттер..
5. Қ.Р.- ның экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігі.
Ақша реформаларын жүргізу барысында: нулификация, деноминация, девольвация және револьвация сияқты әдістер қолданылады.
Қаржылық құқық бұзушылық деп қаржылық заңдардың нормалары мен белгіленген және олар ойдағыдай орындалмаған жағдайда нақты заңи жауапкершілік түрлері көзделінген өздеріне тиісті қаржылық міндеттеме-лерін тиісінше орындамаған, қаржылық қатынасқа қатысушылардың құқыққа қайшы іс- әрекеттері.
Қаржылық құқықтық жауапкершілік дегеніміз- қаржыылық құқықтық нормалардың әмірлі талаптарын атқаруға байланысты өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қаржылық құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғаларға қолданылатын, материалдық, мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары болып саналады.
« Мемлекеттік қаржылар» саласында қаржылық құқықтық, әкімшілік құқықтық, қылмыстық құқықтық сияқты заңды жауапкершілік түрлері қолданылады.
