- •1.Мемлекет: ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, атқаратын қызметтері. Құқықтық мемлекет.
- •3) Мемлекеттің негізгі белгілеріне:
- •2. Құқықтың түсінігі мен белгілері, құқықтың қайнар көзлер, құқық нормасы
- •3. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •4) Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
- •5) Заңдылық, құқықтық тәртіп түсінігі мен құқықбұзушылықтың түсінігі, құрамы, түрлері
- •6) Құқықтық қатынастың түсінігі, белгілері, құрамы, мубъектілреі мен объектілері
- •7) Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, з.Ж. Босатудың негіздері
- •8) Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •9) Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен міндеттері
- •10) Қр Президенті
- •11) Мемлекеттік билік, оның түрлері
- •12) Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •13) Қр ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері
- •15) Қр құқық қорғау органдарының түсінігі мен түрлері
- •16) Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі
- •17) Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •18) Әкімшілік құқық: түсінігі, пәні,әдістері, қайнар көздері, субьектілері
- •19) Әкімшілік құқықбұзушылық түсінігі мен құрамы
- •20) Әкімшілік жауаптылық. Әкімшілік жаза түсінігі мен түрлері
- •21) Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері, қайнар көздері мен қағидалары
- •22) Қылмыстық-құқықтық қатынастар
- •23) Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылу негіздері. Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •24) Мемлекеттік қаржылармен қаржылық құқық
- •25) Мемлекеттің қаржылық қызметі және қаржылық бақылау
- •26) Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі
- •27) Қр экологиялық құқығы түсінігі, жүйесі, қайнар көздері, обьектілері мен субьектілері
- •28) Қр жер құқығының түсінігі, жүйесі, қайнар көзі. Жерге меншік құқығының түсінігі мен түрлері
- •29) Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі мен сатылары. Қылмыстық процесске қатысушылар.
- •30) Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері. Талап-арыз ұғымы мен мазмұны
- •31. Халықаралық құқық түсінігі, пәні, салалары және қайнар көздері, халықаралалық ұйымдар.
- •32. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері
- •34. Меншік құқығы. Мұрагерлік құқық түсінігі мен түрлері
- •35. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі
- •36. Ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастар
- •37. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері, қағидалары, қайнар көздері
- •38. Жеке еңбек шартытының түсінігі мен жасалу тәртібі, жеке еңбек шартын тоқтату негізлері
- •39. Салық құқығының ұғымы, пәні және қызметі
- •40. Қр салықтар жүйесі мен түрлері
- •45.Дауылбаев қызық көріп а-ны жағадан суға итеріп жіберді.А. Жүзу білмеген еді (бұл туралы Дауылбаев білмеді) және сол себепті суға батып кетті.Дауылбаевтың кінәсі бар ма?
- •51.Жер заңымен жер учаскесін мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктерге мәжбүрлеп алу белгіленген. Мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер деген не?
- •59.Жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрды.Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма?
22) Қылмыстық-құқықтық қатынастар
Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуының заңды фактісі қылмыс жасау болып саналады. Қылмыстық- құықтық қатынас субъектілері болып, бір жағынан қылмыс жасаушы тұлға, екінші жағынан мемлекет тарапындағы құқық қорғау органдары саналады. Қылмыстық –құқықтық қатынастың мазмұны құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтарымен және міндеттерімен анықталады.
Қылмыстық құқықтық қатынастың мәні қылмыстық құқықты реттеу әдістерінің ерекшеліктеріне байланысты. Қылмыстық – құқықтық реттеу жолдары жақтардың тең еместігімен сипатталып, бұл жерде бағыныштылық заңы бой алады. Қылмыстық құқық қоғамдық қатынас субъектілеріне қылмыстық жауаптылыққа тартумен, жаза тағайындаумен әсер етеді.
Қылмыстық құқық пәнінің құрамына кіретін қатынастың түрі адамдарды жазамен қорқыту арқылы қылмыс жасаудан сақтандыруға байланысты қатынастар. Яғни, мемлекет қылмыстық-құқықтық тыйым салу арқылы азаматтарды қылмыс жасаудан бас тартуға міндеттейді және қоғамдағы адамдардың тәртібін реттеп отырады. Бұл қатынас ескертушілік немесе алдын алушылық қылмыстық құқықтық қатынас деп аталады.
Қылмыс дегеніміз- қылмыстық заң бойынша жазалау қаупімен тыйым салынған кінәлі,қоғамға қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздік .
Қылмыс белгілері:заңға қайшылығы, қоғамға қауіптілігі, кінәлілігі, жазаланушылығы .
Қылмыс санаттары: аса ауыр қылмыстар ,ауырлығы орташа қылмыстар,ауыр қылмыстар және ереше ауыр қылмыстар.
Қылмыстық құқық субьектісі болып қылмыс істеген,ақыл- есі дұрыс, заңда белгіленген жасқа толған (16-жасқа, кейбір ауыр қылмыстар үшін 14-жасқа) адам жатады .
Қылмыстық құқықты реттеу әдісі қылмыстық құқықтық нормаларды бұзғаны үшін міндетті түрде қылмыстық жаза қолданылатындығымен сипатталады.
Қылмыс істеу сатылары:
1. Қылмысқа дайындалу.
2. Қылмысқа оқталу.
3. Аяқталған қылмыс.
4. Қылмысты істеуден өз еркімен бас тарту.
23) Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылу негіздері. Қажетті қорғану және аса қажеттілік
Қылмыстық жауаптылық әдетте жаза арқылы жүзеге асырылады. Бірақ та кейбір жағдайларда қылмыспен күрес жаза қолданбай-ақ жүргізіле беруі мүмкін. Қылмыспен күрес практикасында қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институттары мейлінше кең таралған. Аталған институттарды қолдану негіздері босату түріне байланысты әрқилы болғанымен, жасалған іс әрекеттің құқықтық сипаты өзгеріссіз калады. Яғни ол іс-әрекет қылмыстық сипатта болады. Қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеуді біртіндеп жеңілдетумен азайту тенденциясын бейнелейді. Барлық жауаптылықтан босату түрлері әр жағдайда индивидуалды, тұлғаның жеке қасиеттерін терең талдау нәтижесінде және осы тұлғаның қылмыстық жаза шарасын қолданбай түзелуі мүмкін деп танылған жағдайда ғана қолданылуы тиіс. Өзінің мазмұны бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату тек жазаны өтеуден босатуды ғана емес, сонымен бірге жазалау шараларын белгілеуден де босатуды білдіреді. Қылмыстық жауаптылықтан босату— ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босатудан басқа жағдайларда, тиісті органның құқығы болып табылады. Ал, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жауаптылықтан босату бұл органдар үшін міндетті болады. Қылмыстық жазадан босату— бүл кінәлі адамды жазаның құрамдас бөліктері болып табылатын белгілі бір құқықтарын шектеумен құқықтарынан айырудан босату. Аталған институтты қолдануға сот тағайындаған жазаны орындаудың тиімсіздігі немесе жазаны атқаруға мүмкіндік болмауы негіз болады. Кейде қылмыстық жазадан босатуды қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың бір формасы ретінде түсініп оны қылмыстық жауаптылықтан босатудың құрамдас бөлігі ретінде құрастырып қате тұжырым жасайды. Ал іс жүзінде, жазаны өтеуден босату — дербес қылмыстық-құқықтық институт болып табылады. Бұлар өзара мазмұны, негіздері, заңдық салдарлары және қолданудың процессуалдық тәртібіне байланысты ерекшеленеді. Мысалы, қылмыстық жазадан босату тек онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін ғана емес одан да кең шеңберде қолданылады. Ал қылмыстық жауаптылықтан босату тек үлкен қауіп тудырмайтын онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамдар үшін ғана қолданылады. Жазаны өтеуден тек сот қана босата алады, ал қылмыстық жауаптылықтан босатуды тергеуші, прокурор, анықтау органы жүзеге асыра алады. Сондай-ақ, қылмысты адам жазаны өтеуден босатылғанымен қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Ал қылмыстық жауаптылық жаза қолданусыз жүзеге асырылуы мүмкін.
Қажетті қорғану - әр адамның өміріне, денсаулығына, мүлкіне, тұрғын үйіне, меншігіне және басқа да заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне қоғамға қауіпті қол сұғушылықтардан қорғануға ажырамас конституциялық құқығы болып табылады. Осыған байланысты қаза келтіру не денсаулығына зиян келтіру бойынша істерді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 32-бабының қажетті қорғаныс және оның шектері туралы ережелеріне сүйене отырып, мақсат, себеп, кінә нысанын, қылмыстың жасалу тәсілін және әрекетті дұрыс саралауға қажетті басқа да мән-жайларды мұқият анықтау керек.
Қажетті қорғануда өз құқығын жүзеге асырушы жеке адамның, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне қол сұққан екінші адаммен кұқықтық қатынасқа түседі және сол қол сұғушыға зиян келтіре отырып қорғану құқығына ие болады. Екінші жағынан қорғанушының іс-әрекетін занды деп тануға тек ғана құқық қорғау органдары өкілетті. Әрбір жағдайда тек сот, прокуратура және тергеу органдары ғана қауіпті қол сұғушылықтан қорғану кезінде келтірілген зиянмен байланысты оқиғаларды жан-жақты қарауға және оны келтірген зияны үшін жауаптылықтан ресми түрде босатуға міндетті.
Аса қажеттілік қылмыстық құқықта 1. Заңмен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе қылмыс болып табылмайды. 2. Құқық қорғау мүдделеріне алды алынғанға тең немесе одан гөрі елеулі зиян келтірілген, төнген қатердің сипаты мен дәрежесіне және қатер жойылған жағдайға көрінеу сәйкес келмейтін зиян келтіру аса қажеттілік шегінен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.
