Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osnovy_prava_okonchatelny (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
206.02 Кб
Скачать

20) Әкімшілік жауаптылық. Әкімшілік жаза түсінігі мен түрлері

Әкімшілік жауаптылық- өкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның әкімшілік құқықтық нормаларда қаралған,құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі жеке адамдарға немесе заңды тұлғаларға қолдануы.

Әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған  кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауаптылық  түрінде  мемлекеттік  мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті  сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде  мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауаптылықты реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған). Әкімшілік жауаптылыққа мынадай белгілер тән:

1) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау  құралы болып табылады;

2) әкімшілік жауаптылықты заңдар, заң күшіндегі  актілер немесе олардың әкімшілік  құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;

3) әкімшілік жауаптылық негізі - әкімшілік құқық бұзушылық;

4) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған;

5) әкімшілік жазаны  мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;

6) әкімшілік жазаны қолданғанда бас бостандығынан айырлмайды және жұмыстан шығару негізі болып табылмайды;

7) әкімшілік жауаптылық шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша  реттейтін заңға сәйкес қолданады.

Әкімшілік жауаптылыққа әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған  тұлғалар тартылады.

Әкімшілік жаза әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.Әкімшілік жаза түрлері:

- Ескерту жасау.

- Әкімшілік айыппұл салу.

- Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей обьектісі болған заттың өтемін төлеп алып қою.

- Әкімшілік құқық бұзушылықтың обьектісі болған затты, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу.

- Арнаулы құқығынан айыру.

- Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлігінен) айыру немесе қызметінің белгілі бір түріне не белгілі бір іс- әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру.

- Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу.

- Өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау.

- Әкімшілік қамауға алу.Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қ.Р.- ның шегінен әкімшілік жолмен кетіру.

21) Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері, қайнар көздері мен қағидалары

Қылмыстық құқық, құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатнастарды реттейді. Сонымен қылмыс жасау сәтінен бастап мемлекет пен қылмыс жасаушы тұлғаның арасында туындаған қатынастарды реттейтін, сол сияқты өзге құқық салаларымен реттелген қатынастарды және кейбір құқық салаларымен мүлде реттелмеген қоғамдық қатынастарды қорғайтын нормалардың жиынтығын қылмыстық құқық деп атаймыз.

Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық зандардың міндеттері болып:

1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік тіщоршаған ортаны Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын қоғам мен мемлекеттін заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау» 1сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.

2. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, коғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген. Жаңа Қылмыстық кодексте қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде орын алған сапалық өзгерістер еске алынған. Яғни, азаматтардың жекебасы, олардың құқықтары мен бостандықтарын, занды мүдделерін қорғау бірінші кезекке койылған. Қылмыстық-құқыққорғау объектісінің қатарына коғадық тәртіп пен қауіпсіздік және коршаған ортаны қорғау, Республиканың Конституциялық қүрылысы мен аумақтық тұтасты-ғьш,қоғам мен мемлекеттің заңымен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сүғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың кауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету міңдеттері енгізілген

3. Қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі - кылмыстан сақтандыру болып табылады. Қылмыстық кұкьіқ жалпы және арнаулы сақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жалпы сактандыру қылмыстық заң арқылы кез келген кылмысты істеу ге тыйым салу, нақты қылмысты істеген адамдарға әділ жаза тағайындауды белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы сақтан-дыру қылмыстық заң тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздіктерді істеген адамға қылмыстық-кұкықтық нормалар арқылы белгіленген тиісті ьждал ету шараларын қолдану ретімен іске асырылады.

Қылмыстық заң (қылмыстық кодекс) қылмыстық құқықтың бірден- бір қайнар көзі болып табылады.

Қылмыстық құқықтың қағидалары деп – қылмыстық құқықты басшылыққа алатын оның нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастауларды айтамыз.

Қылмыстық құқықтың негізгі қағидаларына мыналар жататады:

1. Заңдылық қағидасы – бұл принциптің мәні қылмыс пен күресуді заң шеңберіндегі, оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып жүргізуді білдіреді. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды.

2. Адамдардың заң алдындағы теңдігі қағидасы – бұл принцип адамның тегіне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, тіліне, дінге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді.

3. Жауаптылық қағидасы – бұл принцип бойынша кез келген адам лауазымдық және басқа да жағдайларға қарамастан өзінің істеген қылмысы үшін нақты жауаптылықты мойындауы қажет.

4. Әділеттілік қағидасы – бұл принциптің мәні қылмыстық жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.

5. Демократизм қағидасы – бұл принциптің мәні сот төрелігін жүзеге асыру барсында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу, егер қажет етсе аудармашының көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді.

6. Гуманзим қағидасы – бұл принциптің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайыедап, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға неғұрлым ауыр жаза тағайындаудан тұрады.

7. Интернационализм қағидасы – бұл принцип ұлттық теңдікті бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауакершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]