
- •1.Мемлекет: ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, атқаратын қызметтері. Құқықтық мемлекет.
- •3) Мемлекеттің негізгі белгілеріне:
- •2. Құқықтың түсінігі мен белгілері, құқықтың қайнар көзлер, құқық нормасы
- •3. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •4) Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
- •5) Заңдылық, құқықтық тәртіп түсінігі мен құқықбұзушылықтың түсінігі, құрамы, түрлері
- •6) Құқықтық қатынастың түсінігі, белгілері, құрамы, мубъектілреі мен объектілері
- •7) Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, з.Ж. Босатудың негіздері
- •8) Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •9) Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен міндеттері
- •10) Қр Президенті
- •11) Мемлекеттік билік, оның түрлері
- •12) Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •13) Қр ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері
- •15) Қр құқық қорғау органдарының түсінігі мен түрлері
- •16) Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі
- •17) Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •18) Әкімшілік құқық: түсінігі, пәні,әдістері, қайнар көздері, субьектілері
- •19) Әкімшілік құқықбұзушылық түсінігі мен құрамы
- •20) Әкімшілік жауаптылық. Әкімшілік жаза түсінігі мен түрлері
- •21) Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері, қайнар көздері мен қағидалары
- •22) Қылмыстық-құқықтық қатынастар
- •23) Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылу негіздері. Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •24) Мемлекеттік қаржылармен қаржылық құқық
- •25) Мемлекеттің қаржылық қызметі және қаржылық бақылау
- •26) Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі
- •27) Қр экологиялық құқығы түсінігі, жүйесі, қайнар көздері, обьектілері мен субьектілері
- •28) Қр жер құқығының түсінігі, жүйесі, қайнар көзі. Жерге меншік құқығының түсінігі мен түрлері
- •29) Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі мен сатылары. Қылмыстық процесске қатысушылар.
- •30) Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері. Талап-арыз ұғымы мен мазмұны
- •31. Халықаралық құқық түсінігі, пәні, салалары және қайнар көздері, халықаралалық ұйымдар.
- •32. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері
- •34. Меншік құқығы. Мұрагерлік құқық түсінігі мен түрлері
- •35. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі
- •36. Ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастар
- •37. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері, қағидалары, қайнар көздері
- •38. Жеке еңбек шартытының түсінігі мен жасалу тәртібі, жеке еңбек шартын тоқтату негізлері
- •39. Салық құқығының ұғымы, пәні және қызметі
- •40. Қр салықтар жүйесі мен түрлері
- •45.Дауылбаев қызық көріп а-ны жағадан суға итеріп жіберді.А. Жүзу білмеген еді (бұл туралы Дауылбаев білмеді) және сол себепті суға батып кетті.Дауылбаевтың кінәсі бар ма?
- •51.Жер заңымен жер учаскесін мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктерге мәжбүрлеп алу белгіленген. Мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер деген не?
- •59.Жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрды.Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма?
17) Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
Азаматтық - тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет. Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері - туғанда және натурализация ретімен беріледі. Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды” делінген (10-бап). Әлемдік тәжірибеде дүниеге келген нәрестеге азаматтық алу құқы екі негізге: қандық және түп-тамыр құқыларына сүйенеді. Қандық құқы бойынша азаматтық алу туған мекен-жайына емес, ата-анасының азаматтығына байланысты (Австралия, Норвегия, Италия, Финляндия т.б.), ал түп-тамыр құқы бойынша нәрестенің қай мемл. терр-сында туғаны түп негізге алынады да, ата-анасының азаматтығының бұған қатысы болмайды (Бразилия, Аргентина, т.б.) Қазақстан Республикасының 1991 жылы 20-желтоқсанда қабылданған (1993 жылы 3 қазанда түзетулер мен толықтырулар енгізілген) “Азаматтық туралы заңы” бойынша Қазақстанда қандық құқы негізге алынады. Азаматтықты тоқтату негiздерi
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;
2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.
Азаматтықтан шығу
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгiленген тәртiппен жасаған өтiнiшi негiзiнде рұқсат етiледi. Егер шығу туралы өтiнiш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы мiндеттемелерiнiң немесе мүлiктiк мiндеттемелерiнiң орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң елеулi мүдделерi байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкiн. Егер шығу туралы өтiнiш жасаушы адам айыпкер ретiнде қылмысты жауапқа тартылған болса не заң жүзiнде күшiне енген сот үкiмi бойынша жазасын өтеп жүрсе, немесе ол адамның Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекет қауiпсiздiгi мүдделерiне қайшы келсе, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға жол берiлмейдi.
Азаматтықтан айырылу.Қазақстан Республикасы азаматтығынан:
1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттердi қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауiпсiздiк қызметiне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттiк өкiмет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесiнде алынса;
3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негiздер бойынша;
4) егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсiз себептермен үш жыл бойы консулдық есепке тiркелмесе;
5) егер адам басқа мемлекеттiң азаматтығын алған болса, айырылады.