Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osnovy_prava_okonchatelny (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
206.02 Кб
Скачать

16) Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшінің  мемлекеттік  органдарда  мемлекеттік биліктің  міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған  лауазымдық  өкілеттіліктерді  атқару бойынша ресми қызметі. ҚР  мемлекеттік қызмет  екі деңгейде жүзеге  асырылады: республикалық және жергілікті; ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес "мемлекеттік қызмет"  - бұл  мемлекеттік қызметкерлердің  мемлекеттік органдардағы  мемлекеттік биліктің  міндеттері мен функцияларын  іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін  атқару жөніндегі қызмет. Заң әдебиеттерінде  мемлекеттік қызмет ұғымын тар және кең мағынада  қарастырылады.

Мемлекеттік қызмет (кең мағынасындағы  түсінігі) - бұл жұмысшылар мен шаруалардың  жұмысынан бөлек, мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жүзеге асырылатын  жұмыс, ал тар мағынасында - бұл  мемлекеттік органдардың (мемлекеттік аппараттың) қызметкерлерінің күнделікті еңбек қызметі. Сонымен, мемлекеттік қызмет - бұл құқық нормасымен реттелген, кәсіби негізде, ақылы түрде мемлекеттік  органдардың қызметкерлерінің  мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің шегіндегі адамдардың еңбек етуінің жеке дербес  түрі. Сол үшін мемлекеттік лауазымдар белгіленеді.  Мемлекеттік лауазым - бұл мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен  белгіленген  лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі.

Мемлекеттік қызметтің негізгі белгілері: 1) мемлекеттік ұйымдастырушы қызметінің бір түрі; 2) әкімшілік, еңбек, азаматтық,  қаржы  және басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі; 3) ақылы түрде кәсіби негізде жүзеге асыралады, яғни арнайы даярланған қызметкерлрмен - мемлекеттік қызметкерлермен жүзеге асырылады; 4) олардың қызметінің мәні -  мемлекеттің міндеттері мен функцияларын практикада жүзеге асыру.  Мемлекеттің қызметтің  қағидалары – мемлекеттік қызметтің  негізіне  қаланатын және оның мәнін білдіретін негізгі  идеялар, басшылыққа алынатын бастаулар ("ҚР мемлекеттік қызметі туралы" заңының 3 бабында бекітілген

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі – мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының, міндеттерінің және шектеулердің жиынтығы.

«ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңының 8 бабына сәйкес мемлекеттік қызметкер мынаған құқылы:

1) ҚР Конституциясында және өзге де заңдарымен белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2) өз өкілеттілігі шегінде мәселелерді қарауға және шешім қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардың оларды орындауларын талап етуге;

3) белгіленген тәртіпте лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға;

4) лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда болуға;

5) басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттілік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;

6) жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

7) өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжірибесіне және заңда белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленуіне;

8) тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға және біліктілігін арттыруға;

9) өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болғанда жеке түсініктеме беруге;

10) қызметі бойынша жоғарылауға;

11) қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылғанда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге;

12) еңбегінің қорғалуына, денсаулығынң сақталуына, қауіпсіз және жоғарғы өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;

13) әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;

14) мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босатылуға;

15) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға;

16) жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

Мемлекеттік қызметшінің мынадай негізгі міндеттері болады:

1) ҚР Конституциясы мен заңдарын сақтауға;

2) ҚР Президенті бекіткен тәртіпте ант беруге;

3) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

4) өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттілігін жүзеге асыруға;

5) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;

6) өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға;

7) басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғарғы органдар мен лауазымды адамдардың өз һкілеттіліктері шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;

8) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, соның ішінде мемлекетті қызметті тоқтатқаннан кейін де заңмен белгіленген белгілі бір уақыт ішінде, ол жөнінде қолхат бере отырып сақтауға;

9) қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;

10) қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жекеөмірін, ар — намысын және қадір -қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеуге;

11) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;

12) мемлекеттік қызметкердің жеке мүдделері оның өкілеттілігінен түйісетін немесе қайшы келетін жағдайларда. оларды тағайындауға құқығы бар лауазымды адамды дереу хабардар етуге;

13) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]