
- •1.Мемлекет: ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, атқаратын қызметтері. Құқықтық мемлекет.
- •3) Мемлекеттің негізгі белгілеріне:
- •2. Құқықтың түсінігі мен белгілері, құқықтың қайнар көзлер, құқық нормасы
- •3. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •4) Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
- •5) Заңдылық, құқықтық тәртіп түсінігі мен құқықбұзушылықтың түсінігі, құрамы, түрлері
- •6) Құқықтық қатынастың түсінігі, белгілері, құрамы, мубъектілреі мен объектілері
- •7) Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, з.Ж. Босатудың негіздері
- •8) Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •9) Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен міндеттері
- •10) Қр Президенті
- •11) Мемлекеттік билік, оның түрлері
- •12) Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •13) Қр ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері
- •15) Қр құқық қорғау органдарының түсінігі мен түрлері
- •16) Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі
- •17) Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •18) Әкімшілік құқық: түсінігі, пәні,әдістері, қайнар көздері, субьектілері
- •19) Әкімшілік құқықбұзушылық түсінігі мен құрамы
- •20) Әкімшілік жауаптылық. Әкімшілік жаза түсінігі мен түрлері
- •21) Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері, қайнар көздері мен қағидалары
- •22) Қылмыстық-құқықтық қатынастар
- •23) Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылу негіздері. Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •24) Мемлекеттік қаржылармен қаржылық құқық
- •25) Мемлекеттің қаржылық қызметі және қаржылық бақылау
- •26) Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі
- •27) Қр экологиялық құқығы түсінігі, жүйесі, қайнар көздері, обьектілері мен субьектілері
- •28) Қр жер құқығының түсінігі, жүйесі, қайнар көзі. Жерге меншік құқығының түсінігі мен түрлері
- •29) Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі мен сатылары. Қылмыстық процесске қатысушылар.
- •30) Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері. Талап-арыз ұғымы мен мазмұны
- •31. Халықаралық құқық түсінігі, пәні, салалары және қайнар көздері, халықаралалық ұйымдар.
- •32. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері
- •34. Меншік құқығы. Мұрагерлік құқық түсінігі мен түрлері
- •35. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі
- •36. Ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастар
- •37. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері, қағидалары, қайнар көздері
- •38. Жеке еңбек шартытының түсінігі мен жасалу тәртібі, жеке еңбек шартын тоқтату негізлері
- •39. Салық құқығының ұғымы, пәні және қызметі
- •40. Қр салықтар жүйесі мен түрлері
- •45.Дауылбаев қызық көріп а-ны жағадан суға итеріп жіберді.А. Жүзу білмеген еді (бұл туралы Дауылбаев білмеді) және сол себепті суға батып кетті.Дауылбаевтың кінәсі бар ма?
- •51.Жер заңымен жер учаскесін мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктерге мәжбүрлеп алу белгіленген. Мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер деген не?
- •59.Жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрды.Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма?
1.Мемлекет: ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, атқаратын қызметтері. Құқықтық мемлекет.
1)Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететі, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, коғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде үғынамыз.Мемлекет дегеніміз - адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым.Мемлекет – қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым.Мемлекет – қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.
2) Мемлекеттің мәні дегеніміз оның табиғатын, мазмүнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі және сыртқы жақтары мен қасиеттерінің жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыптасқан: таптық және жалпы әлеуметтік. Мемлекеттің әлеуметтік мәнін жақтаушылар мемлекет адамзат қоғамына ортақ, әмбебап, жалпы ұйым болғандықтан ол халықтың барлық топтарының мүддесін, ешкімге артықшылық, кемшілік жасамай бірдей қорғау керек деген пікір айтады.
3) Мемлекеттің негізгі белгілеріне:
1)Халқының және аумағының болуы. Кез келген мемлекеттің өзінің белгілі бір аумағы болады. Сонымен қатар, мемлекеттің аумағында халқының болуы. Мемлекеттік билік өзінің аумағында тұратын адамдардың адамдардың арасында қоғамдық қатынастарды құқық, заң арқылы реттеу үшін сол халыққа арналған құқықтық нормативтік актілерді қабылдайды. Қабылданған нормативтік құқықтық актілер халықтың барлық топтарына ортақ және міндетті түрде орындалуға, сақталуға және іске асырылуға тиіс.
2)Саяси бұқара биліктің болуы. Саяси билік жалпыға бірдей ортақ мүддені қанағаттандыратын ортақ билік. Мемлекеттің екінші белгісі ол мемлекеттік биліктің болуы. Биліктің бұқаралық болатын себебі ол, сол мемлекеттің халқы атынан оның аумағында тұратын елдің, адамдардың барлығына бірдей таратылады. Бұқаралық билікке мемлекеткеттік билік пен басқару органдары, мәжбүр ету аппараттары жатады.
3)Салық және салық жүйесінің болуы. Салықтың негізгі мақсаты саяси пара билікті қамтамасыз ету, яғни қоғамның жалпы істерін қамтамасыз ету. Салықтар, алымдар, төлемақылар-мемлеттік аппаратты, қызметкерлерді ұстауға қоғамның басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалатын мемлекет қазынасына түсетін, қайтарылмайтын, халық табысының бір бөлігі. Мемлекет халықтан салық алып оны мемлекеттік аппаратты ұстауға, қоғам қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды.
4)Жалпыға бірдей қабылданған заңдардың болуы, осы заң арқылы мемлекет өз ерік ихтиярын халыққа жеткізеді, басқару апаратының болуы. Мемлекеттің тағы бір белгісі ол мемлекетте құқықтың, заңдардың болуы, құқық пен мемлекеттің ажырамас, тығыз байланысы. Құқық пен заңды сол мемлекеттің өзі қабылдап бекітеді және олар сол мемлекеттің бүкіл іс-әрекетін заңдастыруға көмектеседі, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
5) Мемлекеттің егемендігі. Егенмендігінің болуы д/з- мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатта тәуелсіз болуы. Егемендік мемлекеттің ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсіздігі. Мемлекеттің егемендігін үш жақта қарастыруға болады: біріншіден, мемлекеттің бүкіл аумағына, халқына тарайтын бірден-бір мемлекеттік билік болып табылатын биліктің үстемдігі; екіншіден, мемлекет органдарының бірыңғай жүйесін құрайтын мемлекеттік биліктің тұтастығы; үшіншіден, мемлекеттік биліктің өз істерін өз еркімен шешуге құқығы бар биліктің тәуелсіздігі.
6)Мемлкеттің рәміздерінің болуы. Оған ту, елтаңба, әнұран жатады.
4) Мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтады.Біріншіден - бұл мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарын құру және ұйымдастырудың белгіленген тәртібі. Екіншіден - бұл мемлекеттің аумақтық құрылысын жасаудың тәсілі, орталық регионалдық және жергілікті билік пен басқарулардың өзара қатынастарын белгілеудің тәртібі. Үшіншіден – бұл мемлекеттік (саяси) билікті жүзеге асырудың әдістері, амалдары мен жолдары. Сонымен мемлекет нысаны негізгі үш элементтен, атап айтқанда: мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттің құрылым нысанынан және мемлекеттік, саяси режим нысанынан синтезделеді (түзіледі). Осы көрсетілген мемлекет нысаны жөніндегі түсінік бірден қалыптаспаған. Ұзақ уақыттар бойы бұл түсінік басқару нысаны мен мемлекеттік құрылым нысанынан тұрады деп есептелініп жүрді де, кейінірек оған саяси режим, саяси өзгермелілік (динамика да) те қоса қарастырылатын болды.
5) Мемлекет механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен ж/е өзара байланыстылығымен сипатталатын мем. орган/ң жүйесі. Әр мем/ң механизмі оның тарихи, әлеум/к, ұлттық, экон/қ, географ/қ, т.б. ерекш/не бай/ты құрылады. Дегенмен, барлық мем/ге бірдей тән орган/р б/ды. Негізінен, олар – құк/қ тәртіпті сақтайтын, мем/ң ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын орган/р. Мұндай орган/р әр дәрежеде, әр көлемде барлық мем/де б/ды. Мем. механизміне тән заңдылық - оның орган/ры тек мем. қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы - бірінің қызметін бірі қайталайтын орган/н болмауы. Мем. механизмі/ң құрылымы мем/к орган/дан, мем/к мекеме/р мен кәсіпорын/дан ж/е мем/к қызметкер/ден ұйымдық қаржы/нан, сондай-ақ мем/к қызмет/ді қамтамасыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күш/нен тұрады. Мем/к орган/р өкіметтік қызмет/н жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланыстылықта ж/е бірімен-бірі матасқандық жағд/да болатындығын атап көрсеткен жөн. Мем/к мекеме/р мен кәсіпорын/ң биліктік өкілеттіктері болмайды (әкімшіліктерді қоспағанда). Олар экономика, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт және т.б. сала/да жалпы әлеум/к қызмет/ді атқарады.
6) Мемлекеттің қызметтері дегеніміз қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, əлеуметтік тағайыны мен мəнін білдіретін, өздеріне ғана тəн формалары, өздеріне ғана тəн əдістер арқылы атқарылатын əрекеттері жəне олардың негізгі бағыттары. Мемлекеттің қызметтері қатып қалған жəне ешбір өзгермейтін қасаң құбылыс емес, қайта олар өзгермелі, езгерістерге жиі ұшырайтын құбылмалы болып келеді.
Мемлекеттің кызметтері үлкен екі түрге бөлінеді:
сыртқы:
Демократиялық
экономиканы ұйымдастыру, басқару, реттеу
əлеуметтік
экологиялық
ішкі:
құқықтық;
ұйымдастырушылық.
Қандай да болсын қоғам түрлі таптар мен əлеуметтік топтардан тұрады. Кейбір елдерде, мысалы Қазақстанда, көптеген ұлттар тұрады. Олардың арақатысын реттеу – негізінен, мемлекеттің міндеті. Оларға қамқорлық жасауды, олардың арасындағы қатынастарды, пайда болатын қайшылықтарды реттеу, шешу, жөнге салу, тек қана мемлекеттің қолынан келетін іс. Ол ұшін мемлекетте күш те, қаражат та, басқа да мүмкіндіктер бар. Осыған сəйкес мемлекет əлеуметтік функция атқарады.
7) Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.
Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың арақатынасын қалыптастырудың әмбебап идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі.
Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша, азаматтардың құқықтарының шынайылығы әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске ас¬қан конституциялық мемлекет. Конституциялық құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам дамуының маңызды бағыттары, оның басты идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады. Соның негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.
Құқықтық мемлекет әрбір жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік беруі, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың бірлестіктері мен қауымдастығын қамтамасыз етуге тиіс. Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның үстемдігі, билік бөлінісі қағидаларын конституциялық-құқықтық реттеу негізінде егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының құқықтық нысаны. Құқықтық мемлекетте қоғам, топ мүшелері мен азаматтар қауымдастықтарының мемлекет алдында, жалпы мемлекеттің, оның органдары мен басқармаларының, лауазымды адамдардың қоғам, азаматтар алдындағы жауапкершіліктерінің қатаң тәртібі орнауы қажет. Құқықтық мемлекетте биліктің бір адамның, органның немесе әлеуметтік топтың қолында шоғырлануына жол берілмейді. Өзінің жетілген үлгісінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы биліктің барлық институттарының өкілді болуын, лауазымды адамдардың сайлануын білдіреді. Құқықтық мемлекет жағдайында сот әділдікті жақтаушы, кең мағынада құқықты қорғаушы, негізгі міндеті – адам құқықтарын қорғау болуы тиіс