Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын баск талдау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
392.7 Кб
Скачать

12. Еңбек өнімділігінің артуына қандай факторлар әсер етеді?

Еңбек өнімділігі – белгілі бір уақыт аралығындағы бір жұмысшының өнім шығарылымы, яғни өнім көлемін жұмысшылар санына қатынасымен анықталады. Еңбек өнімділігі - тірі еңбектің нәтижелігін сипаттайды. Еңбек өнімділігін үздіксіз өсіру – өндірісті кеңейтудің және ішкі жалпы өнімді өсірудің бірден-бір қайнар көзі болып табылады. Кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі еңбек өнімділігі көптеген себептерге байланысты өзгеруі мүмкін.Өндіріс көлеміне әсерін тигізіп өзгеріске ұшырататын жұмысшылар саны, өнім көлемі сияқты факторлар еңбек өнімділігіне де өз әсерін тигізеді.

Еңбек өнімділігінің өзгерісіне әсер ететін факторлар ретінде оның деңгейінің өзгеріске ұшырауына негізделген барлық себептер түсіндіріледі. Тәжірибеде еңбек өнімділігінің өзгеруіне әсер ететін факторлар тобын келесідей бөлу қарастырылған:

  • Аудандық-эконономикалық факторлар (табиғи-климаттық шарттар мен олардың өзгерістері және еңбек ресурстары) ж/е экономикалық- географиялық факторлар (жергілікті құрылыс материалдарының болуы, жұмыс күшінің бос ресурстары, электроэнергия, сулар, жергілікті жердің рельефі, коммуникацияға дейінгі қашықтық т.б.);

  • ҒТП жылдамдату факторлары  (өндірістің ғылыми-техникалық өзгерісі, жоғары тиімділікті техниканың жаңа түрлерін енгізу, прогрессивті технологияны қолдану, жобалауда автоматтандырылған жүйелерді қолдану);

  • экономикалық факторлар (басқарудыңжетілдірілуі, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру, кадрларды жоспарлау мен басқару т.б.);

  • құрылымдық ауытқулар факторлары (өндірістің құрылымы мен көлемінің өзгерісі, сатып алынған бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың үлестерінің өзгерісі, өнімнің жеке түрлерінің мөлшерлерінің өзгерісі);

  • Әлеуметтік факторлар (адами фактор, монотанналы , зиянды, қиын еңбектің көлемдерін қысқарту, т.б.).

Еңбек өнімділігінің өсуі резервтері болып тек қолданылып жүргендер ғана емес, сонымен қатар экономиканың еңбек ресурстарының шын мүмкіндіктері де қарастырылады.

Еңбек өнімділігінің өсуінің ішкі өндірістік резервтеріне келесілер жатады:

  • Дайындалған өнімнің еңбек сыйымдылығының төмендеу(технологиялы, өндірістік, толық);

  • Құрылымды жақсартатын резервтер, яғни жұмыс күшінің жақсы қолданылуы;

  • Жұмыс уақытын қолдануды жақсарту;

  • Материалды ресурстарды, еңбек заттарын ж/е еңбек құралдарын үнемдеу.

Уақыты б/ша еңбек өнімділігін өсіру резервтері қолдану ағымдағы(жақын уақытта қолданылуы мүмкін) және перспективті (жаңа технологиялар енгізу, өндірісте қайта құрулардың жүруін талап етеді)болып бөлінеді.

Еңбек өнімділігінің артуына әсер ететін факторлар:

Ғылыми-техникалық

  • Жаңа техника мен технологияны енгізу;

  • Өндірісті механизациялау мен автоматтандыру;

  • Пакртің құрылымы мен құрылғылардың модернизациясының өзгерісі;

  • Бұйымдар констукциясы, шикізат сапасы, материалдардың жаңа түрлерін қолданудың өзгерістері;

Ұйымдастырушылық

  • Қызмет көрсетудің зонасы мен нормаларының өсуі;

  • Өндірістің мамандануы мен өндіріс көлемін кеңейту;

  • Жұмыс уақытының нағыз қорларының өзгерісі;

  • Өнімнің ақаудан болған жоғалтуларын азайту;

  • Нормаларды орындамаған жұмысшылар санын қысқарту.

Құрылымдық

  • Өндіріс көлеміннің өзгерісі;

  • Сатып алынған бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың жалпы көлемдегі үлестерінің өзгерісі

Әлеуметтік

  • Персоналдың сапалық деңгейінің өзгерісі;

  • Қызметкерлердің еңбекке деген қатынасының өзгеруі;

  • Еңбек шарттарының өзгерісі.