
- •1.Басқару талдаудың мәні мен негізгі мақсаты?
- •2.Басқару процесінің қызметі қандай?
- •3. Өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижесіне ресурстарды тиімді пайдалану қалай әсер етеді?
- •4. Экономикалық ақпараттың негізгі жеткізушісі?
- •5. Экономикалық талдаудыдің ақпараттық көздеріне қандай талаптар қойылады?
- •6. Бәсекелестіктің интенсивтілігін қандай факторлар анықтайды?
- •7. Әлемдік тәжірибеде бағаның қандай түрі қолданылады?
- •8. Өндірістік резервтерді анықтау кәсіпорын қызметінің нәтижесіне қаншалықты маңызды?
- •9. Ассортименті мен шығару құрылымы, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін талдаудың негізгі бағыттарын атаңыз
- •10. Зиянсыз сатуды талдаудың негізгі бағыттарын атаңыз.
- •11. Ұйымдық-техникалық және негізгі өндірістік ресурстарды басқарудың мақсаты мен міндеті қандай?
- •12. Еңбек өнімділігінің артуына қандай факторлар әсер етеді?
- •13.Негізгі өндіріс қорларын тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіштерін сипаттаңыз.
- •14.Өндірілген өнімнің материалдық сыйымдылығының төмендеуіне қандай факторлар әсер етеді?
- •15. Материалды және еңбек ресурстары талдауынң негізгі бағыттарын атаңыз.
- •16. Еңбек ақының өсу қарқыныны еңбек өнімділігінің өсуінен асқан жағдайында өткізілген талдау бойынша қандай басқару шешімдері қабылдануы мүмкін?
- •17. Инвестициялық талдаудың негізгі мазмұны неден тұрады?
- •18. Өндірістің тиімділігін арттыратын іс-шара.
- •19. Қорлардың жай күйі талдауында қандай көрсеткіштер есептеледі?
- •Толықтыру және қорларды тиеу динамикасына байланысты талдау:
- •20. Материал сыйымдылықты төмендету жолдарын атаңыз және оның шығындарды төмендету үшін маңызы қандай?
- •21.Жұмысшылардың саны мен құрамы бойынша жоспарды орындау талдаудың маңыздылығын атаңыз және кәсіпорынның тиімді қызметі үшін қолданылатын еңбек өнімділігін талдаудың мақсаты мен әдістерін атаңыз.
- •22. Қаржылық және капитал салымдарының тиімділігін бағалау және есептеу неден тұрады?
- •23. Еңбек өнімділігі мен қорқайтарымдылығының өсімінің резервтерін атаңыз.
- •24. Инвестициялық жобалар бойынша шешім қабылдаудың шарттары неден тұрады?
- •25. Өнімді өндіру мен шығаруды талдаудың бағытттарын, міндеттерін және мақсатын атаңыз.
- •26. Өнімді өндіру және шығару талдауында қандай көрсеткіштер пайдаланылады және қалай есептеледі?
- •27. Өнімді өткізу мен өндіріс көлемін өсіру резервтердің қандай түрлерін білесіз?
- •1.Еңбекті қолдануды жақсарту.
- •2. Еңбек құралдарын қолдануды жақсарту.
- •3. Еңбек заттарының қолданылуын жақсарту( шикізат, материалдар).
- •28. Шығындарды басқарудағы бухгалтердің рөлі қандай?
- •30. Өндірістің барлық түрлеріне арналған шығындар талдауы бойынша қандай көрсеткіш жалпылама болып табылады? Қалай есептеледі?
Ассортименті мен шығару құрылымы, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін талдаудың негізгі бағыттарын атаңыз? 9
Әлемдік тәжірибеде бағаның қандай түрі қолданылады? 7
Бәсекелестіктің интенсивтілігін қандай факторлар анықтайды? 6
Басқару талдаудың мәні мен негізгі мақсаты? 1
Басқару процесінің қызметі қандай? 2
Еңбек ақының өсу қарқыныны еңбек өнімділігінің өсуінен асқан жағдайында өткізілген талдау бойынша андай басқару шешімдері қабылдануы мүмкін? 16
Еңбек өнімділігінің артуына қандай факторлар әсер етеді? 12
Еңбек өнімділігі мен қорқайтарымдылығының өсімінің резервтерін атаңыз. Өндірістік және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану-ң арасында өзара байланыс барма? 23
Жұмысшылардың саны мен құрамы бойынша жоспарды орындау талдаудың маңыздылығын атаңыз және кәсіпорынның тиімді қызметі үшін қолданылатын еңбек өнімділігін талдаудың мақсаты мен әдістерін атаңыз. 21
Зиянсыз сатуды талдаудың негізгі бағыттарын атаңыз. 10
Инвестициялық талдаудың негізгі мазмұны неден тұрады? 17
Инвестициялық жобалар б/ша шешім қабылдаудың шарттары неден тұрады? 24
Қаржылық және капитал салымдар-ң тиімділігін бағалау және есептеу неден тұрады? 22
Қорлардың жай күйі талдауында қандай көрсеткіштер есептеледі? 19
Материалды және еңбек ресурстары талдауынң негізгі бағыттарын атаңыз. 15
Материал сыйымдылықты төмендету жолдарын атаңыз және оның шығындарды төмендету үшін маңызы қандай? 20
Негізгі өндіріс қорларын тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіштерін сипаттаңыз. 13
Өндірістік-шаруаш қызметтің нәтижесіне ресурстарды тиімді пайдалану қалай әсер етеді? 3
Өндірістік резервтерді анықтау кәсіпорын қызметінің нәтижесіне қаншалықты маңызды? 8
Өндірілген өнімнің материалдық сыйымд-ң төмендеуіне қандай факторлар әсер етеді? 14
Өндірістің тиімділігін арттыратын іс шараны атаныз. 18
Өнімді өндіру мен шығаруды талдаудың бағытын, міндетін ж/е мақсатын атаңыз. 25
Өнімді өндіру және шығару талдауында қандай көрсеткіш пайдаланылады және қалай есептеледі? 26
Өнімді өткізу мен өндіріс көлемін өсіру резервтердің қандай түрлерін білесіз? 27
Өнімнің өзіндік құнына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды атаңыз. 29
Өндірістің барлық түрлеріне арналған шығындар талдауы бойынша қандай көрсеткіш жалпылама болып табылады? Қалай есептеледі? 30
Шығындарды басқарудағы бухгалтердің рөлі қандай? 28
Экономикалық ақпараттың негізгі жеткізушісі? 4
Экономикалық талдаудыдің ақпараттық көздеріне қандай талаптар қойылады? 5
Ұйымдық-техникалық және негізгі өндірістік ресурстарды басқарудың мақсаты мен міндеті қандай? 11
1.Басқару талдаудың мәні мен негізгі мақсаты?
Басқарушылық талдау- басқару шешімдерді қабылдаудың негізі, яғни ақпараттық база болып табылады.
Ақпаратпен қамтамасыз етудің келесідей түрлері бар:
Техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету (өндірістік, дайындау)
Нормативтік
Шаруашылық есеп (оперативті техникалық, бухгалтерлік, статистикалық)
Жоспарланған ақпарат
Есептілік (жарияланатын қаржылық есептілік, статистикалық қаржылық есептілік, жай статистикалық есептілік)
Басқа да ақпараттар (кеңесулер, БАҚ, сауалнама және т.б.)
Басқарушылық талдау барлық ұйымның ішкі ресурстарын және әлеуетті мүмкіндіктерін, яғни қазіргі кездегі кәсіпкерлік жағдайын талдау, оның күшті және әлсіз жақтарын, сонымен қатар, бірінші кезектегі мәселелерді (проблема) жалпы талдау үрдісін түсінуді талап етеді.
Басқарушылық талдау – бұл ұйымның күшті және әлсіз бағыттағы қызметін анықтауына байланысты SWOT талдаудың екінші құраушысы болып табылады. Сонымен қатар, басқарушылық талдау стратегиялық менеджменттің бір құраушысы болып табылады. Бұл талдауды жүргізу барысында ұйымның негізгі мүмкіндіктері мен барлық стратегиялық мақсаттарға жұмсалып отырған ресурстарының және бәсекелес кәсіпорындардың жағдайын салыстыра отырып, сәйкестікті анықтау керек. Яғни, ұйымның ішкі жұмысын орындау, талдау жүргізу сыртқы ортаның сұранысына бағытталады.
Басқарушылық талдаудың басты мақсаты - ұйымның өткен кезеңдегі қызметін бағалау, талдау жүргізу кезіндегі жағдайын бағалау, болашақ потенциалды бағалау және ұйымның стратегиялық шарттардағы есепке алынатын шектеулерді бағалау болып табылады.
Басқарушылық талдаудың соңғы мақсаты – менеджерлер мен стратегиялық шешім қабылдаушы және ұйым қызметіне сай стратегиялық таңдау жасайтын жауапты тұлғаларға мәлімет беру болып табылады.
Талдаудың негізгі кезеңдері:
Талдаудың тұрғыларын анықтау (нормативтермен, динамикамен, өзге ұйымдармен салыстыру арқылы)
Ақпараттың сапасын бағалау (есеп саясатының тиімділігін бағалау)
Талдау кезеңі
2.Басқару процесінің қызметі қандай?
Басқару процесінің қызметтері:
Жоспарлау
Ұйымдастыру
Мотивация
Бақылау
Жоспарлау – бұл ұйымның мақсатын анықтау және оған жету бойынша әрекеттің бағытын таңдау процесі. Жосапрлау мақсат қоюдан басталады.
Жоспарлаудың түрлері:
Функционалдық салалар бойынша: маркетингтік, қаржылық, өндірістік
Уақытына байланысты: қысқа,орта, ұзақ,стратегиялық
Қолданылу жиілігіне қарай: типтік, бір ретті қолданылатын.
Ұйымдастыру – ұйымның мақсатына жету үшін адамдарға тиімді жұмыс жасау мүмкіндігін беретін құрылым құру процесі. Сонымен қатар, ұйымды мақсат пен стратегияға сай бөлімшелерге бөлу процесі.
Басқару аппараттарының ұйымдастырушылық құрылымы - өнлірісті басқару бойынша еңбекті бөлу формасы. Әрбір бөлімше және лауазым басқару функциясының белгілі бір жинағын орындау үшін құрылады.
Ұйымдастырушылық құрылымның түрлері:
Сызықтық
Функционалдық
Матрицалық
Дивизионалдық
Мотивация – өзін және басқаларды ұйымның мақсатына жету үшін қызметке оятатын процесс. Мотив адамның белгілі бір әрекеттерін тудыратын күш.
Мотивацияның факторлары:
Табыс
Қызметі бойынша қозғалыс
Жұмыс нәтижелерін қабылдау және мақұлдау
Жауапкершіліктің жоғарғы дәрежесі
Шығармашылық және іскерлік өсу
Бақылау –проблеманы айқындауға мүмкіндік беретін әрі туындаған проблемалар дағдарысқа ұшырамай тұрып ұйым қызметіне тиісті өзгеріс енгізетін басқару сипаты.
Бақылау процесінің кезеңдері:
Стандарттар мен критерийлерді қою
Олармен нақты нәтижелерді салыстыру
Қажетті түзету әрекеттерін жасау