Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osn_prava.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
127.83 Кб
Скачать

12. Субъективті құқық және заңдық міндет

Субъективтік құқық – адамның не ұйымның заңға сәйкес ой-пікірін білдіру және іс-әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі. Субъективтік құқықтың бастапқы алғышарты құқық қабілеттілігі (құқық иелену қабілеті) болып табылады. Субъективтік құқық абстрактілік және нақты түрге, сондай-ақ абсолюттік және қатыстылық түрге де бөлінеді. Нақты субъективтік құқықтар құқық нормасына сәйкес құқықтық фактіден туындайды. Қатыстылық құқығы (шарттан, зиян келтіруден, т.б. құқықтық фактіден туындайтын құқық) белгілі бір тұлғалардан нақты бір әрекетті жүзеге асыруды талап етуге заңды мүмкіндік береді. Абсолюттік нақты құқық өз әрекетін іске асыру еркіндігі мен ол әрекетке ешкімнің бөгет болмауын талап етушілікті білдіреді. Абстрактілі субъективтік құқыққа адам мен азаматтың табиғи және ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары жатады. Бұлар құқық субъектілігінің мазмұнын ашады және тұлғаның халықарық құқық пен конституция кепілдік беретін жалпы құқықтық мәртебесін құрайды. Мұндай құқықтар мен бостандықтар әркімге тумысынан тиесілі. Мәселен, нақты бір мүлікке меншіктену өкілеттігін иеленуіне-иеленбеуіне қарамастан адамда меншіктенуге деген абстрактілі құқығы болады; сотпен қорғануға деген абстрактілі субъективтік құқық бұзушылық кезінде пайда болмайды, ол абстрактілі мүмкіндік ретінде бұрыннан бар. Адамның абсолюттік құқықтары (өмір сүру, адамдық қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық, бостандығы мен жеке бастың қорғалуы, меншік, сайлау және сайлану құқығы) қоғамда өз орнын табуға бағытталған ұмтылысы. Абсолюттік құқық индивидтің заң шегіндегі еркін әлеуметтік белсенділік аясын білдіреді және оған өзге адамның да, мемлекеттің де араласуға құқығы жоқ

Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді

13. Құқық бұзушылықтың түрлері.

Құқықбұзушылық–бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті. Құқық бұзушылық - Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет

Құқықбұзушылықтың белгілері:әрекет немесе әрекетсіздік;

кінә;құқыққа қайшылығы;иянды нәтиже;әрекет пен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс;заңды жауапкершілік.

Құқық бұзушылықтың әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, экологиялық ,тәртіптік теріс қылық және т.б түрлері бар.

Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқықбұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды.

Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады. Мыс жол ережесін бұзу, ұсақ бұзақылық.

Экологиялық құқық бұзушылық (орыс. Экологическое правонарушение) — табиғи ортаны қорғау туралы заңдарды бұзушыларға, табиғи ортаға, адам денсаулығыназиян тигізушілерге, сондай-ақ осы тектес қауіп-қатер туғызушыларға қарсы қолданылатын заңды іс-әрекет. Өмірде табиғи объектілердің табиғи жағдайларының нашарлауы, олардың экологиялық байланысының әлсіреуі, табиғи объектілердің өзін-өзі тазалауы мен өзін-өзі қайта қалпына келтіру қабілетінің төмендеуі, табиғаттың, сонымен бірге адамның қорғану қасиетінің кемуі жиі ұшырасады. Олар тигізетін экологиялық зиянның құнын анықтау өте қиын, олардың көлемін ақшамен есептеу тіпті мүмкін емес.

Азаматтық құқық бұзушылыққа жеке басқа, азаматқы немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір қасиетінқаралайтын мілңметтер тарату және т.б жатады.

Тәртіптік теріс қылыққа жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б жатады.

Құқық бұзушылықтың ең ауыр түрі ол кылмыс б.т. Құқық бұзушылықтар үшін заңмең тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]