Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osn_prava.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
127.83 Кб
Скачать

35. Азаматтық құқықытық қатынастардың мазмұны, субъектілері және объектілері. Құқыққабілеттілік және әрекетқабілеттілік

Азаматтық құқық мазмұны субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерден құралады. Суб-к құқық-құқық нормаларында қарастырылған мүмкін жүріс-тұрыс шамасы. Заңды міндет-құқық нормаларында қарастырылған қажетті жүріс-тұрыс шамасы. Құқылы не міндетті тараптардың бірі болмаса, құқықтық қатынас та болмайды.

Заңды факт-азамат-қ құқық-қ қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне, тоқтатылуына әсер ететін өмірлік мән-жайлар. З. Фактілер субъектілерінің еркіне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: 1. Оқиға – адамның еркінен тыс пайда болатын мән-жайлар.М/ы: адам өлімі т.б. 2.Әрекет – адамның еркіне, қалауына байланысты мән-жайлар. Әрекеттің өзі заңды және заңсыз болып бөлінеді. Заңды (құқыққа сай) әрекеттер-заңмен тыйым салынбаған әрекеттер.М/ы: мәмілелер, некелесу,әдеби шығарма жазу,өнертабыс т.б. Заңсыз әрекеттер(құқыққа қайшы) – заңмен тыйым салынған әрекеттер. М/ы: зиян келтірушіні азаматтық жауапқа тарту салдарын туғызатын заңсыз әрекет болғандықтанзиянды өтеу міндеті зиян келтірушінің еркінен тыс ретте болады. Тудыратын салдары бойынша заңды фактілер 3-ке бөлінеді: құқық тудырушы, құқық өзгертуші, құқық тоқтатушы. Азамат-қ құқықтық қатынастардың субъектілері-субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерге ие құқықтық қатынас қатысушылары.Олар: -Жеке тұлғалар; - Заңды тұлғалар;

-Мемлекет; -Әкімшілік аумақтық бөліністер;

Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері – пайдалануға не қорғауға субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер бағытталған нақты игіліктер. Құқықтық қатынастардың объектілері құқылы тараптардың мүддесімен байланысты болады және оның билігіндегі, мемлекет қорғауындағы игіліктер болып табылады. Оларға: заттар, ақша, бағалы қағаздар, материалдық емес игіліктер, жұмыс, қызмет т.б. жатады. Азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (құқық қабілеттілік) барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Заң актілерінде көзделген тәртіпте және жағдайларда құқық қабілеттілік шектеледі. Азамат-қ құқық қабілеттілік ол туған кезден басталып, қайтыс болғанда тоқтатылады. Азаматтық құқық қабілеттілігінің негізгі мазмұны азаматтың ҚР шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; респуб-дан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және қайта оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; заңды тұлғалар құруға; кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуал-қ меншік құқығы болуына; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады. Азаматтар-ң әрекет қабілеттілігі – азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі. Пайда болуы: Жартылай әрекет қабілеттілік – 14-18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар; Толық әрекет қабілеттілік :– 18 жасқа толғаннан кейін; - заң құжаттарында 18 жасқа толғанға дейін некеге тұруға рұқсат етілген жағдайларда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап; - 16-ғы кәмелетке толмаған адам, егер еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін болса, толығымен әрекетке қабілетті деп жариялануы мүмкін (эмансипация); егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады. Шектелуі: - спирт ішімдіктеріне не есірткі заттарына салынуы салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтардың ә. қаб-гі сотпен шектеледі; - жеткілікті негіздер болған жағдайда 14-18 жас аралығындағылардың әрекет қ. қамқоршылық не қорғаншылық орган-мен шектеледі;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]