Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osn_prava.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
127.83 Кб
Скачать

24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары

Адамның жеке басының бостандығы - өзiнiң болмысынан туындайтын оның бөлiнбейтiн жəне абсолюттi құқығы. Осылармен қатар ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған əрбiр адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегiн пайдалануға құқылы. Адамның қадiр-қасиетi мемлекетпен қорғалатын құндылықтарды құрайды,

өйткенi ол өзiн жəне өзiнiң жеке тұлғалық жағдайын нақ құқықтық мемлекеттегiдей сезiнетiн кез-келген жеке адамға тəн. Қадiр-қасиет – саналы түрде сезiнген, айналып келгенде, оның жеке iшкi жəне сыртқы қасиеттерiне айналған “қанына сiңген” жеке тұлға ретiнде сипаттайтын, адамның дамушы iзгi мiнез-əрекеттерiнiң сырттай бейнеленген көрiнiсi ретiнде түсiнiледi. Адамның қадiр-қасиетi оның қоғамдағы орнына, атағына, тұрмыс қалпына, кəсiпқойлығына жəне басқа жағдайларға байланысты.

Əрбiр адам сый-құрмет пен мойындауға жəне дербес ой мен əрекет құқығына лайық. Заң əрекеттерiн қолдану кезiнде (мысалы: куəландыру, сұрыптау, тiнту, сұраққа жауап алу, беттестiру, корреспонденция алу, ұстау, тұтқындау секiлдi басқа түрлi тергеу жұмыстарын жүргiзу барысында) адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмауы жөнiндегi мiндет Конституцияда қатаң көрсетiлген. Қинауға, күш қолдануға, басқа да қатал не адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын қатынас пен жазаға тиым салынады. Заң адамның қадiр-қасиетiн, ар-ожданын қоғау мүмкiндiктерiн белгiлейдi. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 347-1 бабына сəйкес тергеушiнiң, анықтауды жүргiзушi адамның немесе өзге лауазымды адамның мəлiметтер алу немесе мойындату, не оны жасаған немесе жасады деп күдiк келтiрiлген iс-əрекет үшiн жазалау, сондай-ақ оны немесе үшiншi адамды кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мəжбүр ету мақсатымен əдейi тəн немесе психикалық зардап шектiруiне жол берiлмейдi. Егер сол əрекет жəбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiрсе немесе абайсызда адам өлiмiне апарып соқса, онда оны үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметтердi атқару құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылғы мерзiмге бас бостандығыынан айыруға жазаланады.

25. Қазақстан республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері

Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі.

Үкіметтің құқықтық мәртебесі Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.

Үкiметке мынадай негiзгi конституц. өкiлеттiктер берiлген:

-ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;

-мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;

-әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;

-Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету;

-ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;

-мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;

-құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;

-баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;

-мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;

-мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;

-еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау;

-мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;

-аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;

-ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру;

-табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;

-құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

-азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру;

-келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау;

-ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;

-сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;

-сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;

-халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;

-Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]