
- •1.Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •2.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3.Азаматтық қоғам
- •Сыртқы:
- •5.Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •6.Мемлекеттің белгілері
- •7.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •8.Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •9. Құқықтық қатынастардың құрамы
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы
- •11. Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері
- •12. Субъективті құқық және заңдық міндет
- •13. Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •14. Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері
- •15. Заңдық жауапкершіліктің түрлері
- •16. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы ретінде
- •17. Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •19. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі
- •20. Қазақстан Республикасының Президенті
- •21. Қазақстан Республикасының Парламенті
- •23. Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері
- •24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •25. Қазақстан республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері
- •26. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері
- •29. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •30. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі
- •31. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері
- •32. Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері
- •34. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері
- •35. Азаматтық құқықытық қатынастардың мазмұны, субъектілері және объектілері. Құқыққабілеттілік және әрекетқабілеттілік
- •36. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының жарамсыздығының негіздері
- •37. Әкімшілік құқықтың құқық жүйесіндегі орны
- •38. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі
- •39. Әкімшілік жазалардың мақсаты, түрлері, мәжбүрлеу шаралары
- •40. Әкімшілік құқықтың пәні және әдістері
- •41. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері
- •42. Әкімшілік құқықтық қатынастар
- •44. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары
- •45. Некеге туру шарты және тәртібі
1.Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтiк даму процестерi бiр-бiрiмен тығыз байланыста өзгерiп, жаңарып отырды. Малшылық пен егiншiлiк қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмiрге келiп, адамның тәжрибесi өсiп молайды. қоғамдық еңбек төрт күрделi тарауға бөлiндi: малшылық, жер игеру, өндiрiстiк және саудагерлер тобы. Бұның бәрi еңбектiң өнiмдiлiгiн арттырды, қоғамның шығысынан кiрiсiн асырды. Сөйтiп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетiн топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерiстер әлеуметтiк қайшылықтарды өмiрге әкелдi. Олар төмендегi негiзгi обьективтiк заңдардың - қосымша өнiмнiң пайда болуы; жеке меншiктiң қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестiң басталуы - әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшiн өмiрге мемлекет пен құқық келдi. Мемлекеттiң дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң, жеке меншiктiң пайда болуы нәтижесiнде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлiнуiнiң туындысы. Мемлекет жария үкiметтiң пайда болуы мен iс-әрекетiнiң нәтижесi ретiнде қалыптасатын, қоғам өмiрiн ұйымдастырудың нысаны мен оның негiзгi салаларына басшылық ететiн, қажеттi жағдайларда мемлекеттiң күш-қуатына үйренетiн басқару жүйесi. Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмiр сүруiнiң негiзгi обьективтiк заңдылықтарының бiрi. Ол - әлеуметтiк нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, дiни нормалары) қоғамның даму процесiнде бiрте-бiрте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттiң өзi қабылдаған, бекiткен құқықтың жаңа түрлерi пайда болды: заң, заңға тәуелдi кесiмдер, шарттық нормалар, заң күшi бар соттың шешiмдерi. Құқық екi жолмен дамыды. Бiрiншiден, мемлекеттiк қоғамдық меншiктi реттеу моралдық - дiни нормаларға сүйендi. Мысалы, Индияда Ману заңы, мұсылман елдерiнде Құран заңы. Екiншiден, жеке меншiк бағытындағы қатынастарды мемлекеттiк органның өзi бекiткен нормалар арқылы реттеп, басқарды. Адам қоғамы мыңдаған жыл өмiр сүрiп келедi. Жеке адамдар тиiстi мемлекеттiң азаматы болып, сол мемлекеттiң билiгiне, құқықтық тәртiбiне бағынып, өзiнiң iс-әрекетiн, мiнезiн, тәртiбiн қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келедi. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келедi?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келедi.
2.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет.Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады. Демократиялнқ мемлекет - Қазақстан, ең алдымен, Конституция қабылдап, тiкелей мемлекет басшысын және Парламент сайлауға, өкiлеттi мерзiмi бiткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билiгi бар ел. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет ретiнде Қазақстан әлеуметтiк және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшелiктерiне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесiн бiлдiруiне, оның есепке алынуына да мүмкiндiктер бередi.Зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасында дiни мекемелер мен дiн ұстаудың мемлекеттен бөлектiгiн бiлдiредi және бұл жағдай Қазақстандағы ислам мен православиелiк, тағы да басқа нанымдық ағымдарға бiрдей қатысты. Сонымен бipгe, әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар. Наным немесе атеизм мәселесi адамның жеке басының шаруасы болуы тиiс. Құқықтық мемлекет - жеке адам мен қоғам мүддесiн қорғайтыны, заң үстемдiгi мен құқық принциптерiне негiзделiп құрылған мемлекет. Ол принциптер: заңның үстемдiк eтyi; мемлекеттiк билiктiң заң шығарушы, атқарушы және сот билiктерiне бөлiнуi; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем деңгейiнде кепiлдiк берiлуi; тұлға мен мемлекеттiң өзара жауаптылығының болуы, т. б.Әлеуметтiк мемлекет - жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес қоғам мен адамға тұтас қызмет ететiн мемлекет. Ол мемлекеттiк қаржы көздерi есебiнен барлық азаматтарға мүмкiндiгiнше бiрдей мөлшерде игiлiктер көрсетiп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтiк теңсiздiктi жеңiлдетуге әрекет етедi. Қазақстан өз мемлекетiнiң әлеуметтiк сипатын Конституциясында кепiлдiк берiлген бiлiм беру, денсаулнқ сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтiк жұмысбастылық, еңбектi қорғау, әлеуметтiк қамсыздандыру және табыстары төмен тұратындар тобын қолдау сияқты әлеуметтiк игiлiк iстер арқылы анықтаған.